Курстық жұмыстың соңғы кезеңі оны қорғау болып табылады. Қорғау мақсаты:
таңдалған тақырып бойынша студенттің білімін, оның курстық жұмыс бойынша түсінігі мен тереңдігін анықтау. Курстық жұмысты қорғау кезінді студент берілген жұмыстың мазмұнын білуі керек;
сандық деректердің көздерін, есептеу әдістерін түсіндіру;
осы тақырыпқа байланысты теориялық және тәжірибелік сипаттағы сұрақтарға жауап беру;
негізгі тұжырымдар мен ұсыныстарды қалыптастыру.
Курстық жұмыстың орындалу сапасы мен оны қорғау нәтижелері ескеріле отырып комиссия мүшелерімен бағаланады.
Курстық жұмыстардың тақырыптарының өзгеруі жыл сайын экономикалық өмірде де, қаржы саласында да, олардың теориясында және практикасында орын алатын жағдайлардан немесе өзге де процестерден туындауы мүмкін. Нәтижесінде, курстық жұмыстарды әзірлеу және нақтылау басым бағыттар бойынша, уақытқа қажеттілік туындаған мәселелерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Қосымша№1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ