«Қаржылық есеп» ПӘнінен



бет3/6
Дата03.12.2022
өлшемі152,42 Kb.
#161061
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Медот Указания УиА 2022 каз (1)

ТАҚЫРЫПТЫ ТАҢДАУ


Курстық жұмыс тақырыптары «ФинТех» кафедрасымен әзірленеді. Әрбір тақырыпта жұмыстың теориялық бөлігінде жариялануға ұсынылатын негізгі мәселелер қарастырылуы тиіс және соған байланысты, материал дәйекті түрде
ұсынылуы тиіс. Бұл сұрақтар курстық жұмыстың басты негізіне айналуы керек, бірақ студент өз қалауы бойынша осы нұсқаулықтарды кеңейтіп, олардың әрқайсысында талқыланатын ақпарат көлемін толықтыра алады.
Кафедра курстық жұмыс тақырыптарын бекіту кезінде студенттің белгілі бір тақырыпқа теориялық қызығушылығын ескереді. Ол студенттердің арнайы әдебиеттерге деген қызығушылығын теориялық конференцияларында оқыған докладтарына сүйене отырып сәйкестендіреді.


Әдебиеттермен танысу


Таңдалған тақырып бойынша әдебиетпен танысу, ең алдымен, курстық жұмыс жоспарын жасау үшін қажет. Бұл жағдайда студент жұмысының сипатын және мақсаттылығын анықтайды, тақырыптың маңызды сұрақтарын қарастырады және оны қызықтыратын бағыттарды таңдайды.


Жоспарды құру


Жоспарды құру курстық жұмысты орындаудағы шешуші кезең болып табылады (№ 2 қосымша). Кез-келген тақырыптың бір немесе бірнеше аспектілерін ала отырып, бірнеше нұсқасы бар екенін ескеру қажет. Кейбір жағдайларда – теория басым болуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда – практика болуы мүмкін. «Қаржылық есеп» пәні тәжірибелік курс болғандықтан, тәжірибе басымдыққа ие және өзекті мәселенің сипаттамасын қарастыруға немесе мәселенің тарихын түсіндіруге шектеу қойылмайды.
Жұмыс жоспары студентті белгілі бір компанияның нақты материалдарын пайдалануға бағыттауы керек.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖАЗУ


Жетекшімен келісілген курстық жұмыс жоспарына ие болған студент әдебиетті терең зерттеуге, оны жазуға көшеді. Әдебиеттерді оқуды, оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жасауды бастаған жөн, содан кейін ғылыми-практикалық жұмыстарға көшу ұсынылады. Курстық жұмыс екі жылдан үш жылға дейін нақты материалды пайдалану арқылы жүзеге асырылады (бір жылда берілген материал жағдайында, тоқсанға, айға бөлінеді).
Курстық жұмыстың жалпы көлемі 25 беттен аспауы керек.
Курстық жұмыс әдетте кіріспеден, тараулардан және қорытындыдан тұрады.
КІРІСПЕ экономикалық шаруашылық субъектілерінің Қазақстан экономикасының сипаттамаларын есепке ала отырып, нарықтық жағдайда қаржылық басқарудың маңыздылығын анықтау, оның өзектілігін негіздеу, курстық жұмыс барысында шешілетін мақсаттар мен міндеттерді көрсету керек.
БІРІНШІ БӨЛІМ теориялық мәселелерді зерттеуді қамтиды. Таңдалған тақырып бойынша мәселелерді қысқаша теориялық түсіндіруден және оларды тәжірбиелік шешу дәрежесінен тұрады. Сонымен қатар, процестің мазмұнын ашып көрсету, тұжырымдаманы түсіндіру, танылған үлгілерді сипаттау және т.с.с. Теория туралы мәлімдеме белгілі бір кәсіпорын үшін сандық материалды пайдалануымен байланысты болуы керек.
ЕКІНШІ БӨЛІМ практикалық. Бұл жинақталған материалды экономикалық, заңдық, қаржылық және статистикалық талдау және белгілі бір экономикалық тұтқаны ұйымдастыру мен пайдалану мәселелерімен айналысады. Жұмыстың бұл бөлімі кестелер, диаграммалар, формулалар және басқа материалдармен суреттелуі керек. Таңдалған тақырыпты ашқан кезде белгілі бір компанияның мысалында статистикалық және эконометриялық үлгілерді пайдалану қажет.
ҮШІНШІ БӨЛІМ зерттелетін тақырыптың мәселелерін қарастырып, оның шешу жолдары мен даму бағыттарын қарастыру қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ - әдетте теориялық тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтиды.
Курстық жұмыс аяқталғаннан кейін, бастапқы бетті қабылданған рәсімге сәйкес дұрыс жасау керек (№1 қосымша). Келесі бастыпқы беттен кейін МАЗМҰНЫ болады (№2- қосымшаны қараңыз), одан кейін мәтін (нөмірлеу бастапқы бетінен басталады. 3-беттен бастап қойылады).
Сандық материалдарды пайдаланған кезде әдеби көздерден алынған ұсыныстарға сілтемелер жасау керек Сілтемелерде тізімінен бастапқы нөмірі және дәйексөзді немесе нөмірді алған бетті көрсетуі тиіс (№3-қосымшаны қараңыз).
Курстық жұмыс соңында ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ жасалады. Жұмыс барысында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, нұсқаулықтар мен нормативтік актілер, мақалалар, кітаптар (дереккөзді пайдалану үшін) тізімі көрсетіледі.
Мазмұны, құрылымы, конструкциясы курстық жұмысты жазу талаптарын қанағаттандырмаған жағдайда курстық жұмысты қорғауға жол берілмейді және қайта қарауға жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет