Қаржылық сауаттылық



Дата06.01.2022
өлшемі20,82 Kb.
#109628
Байланысты:
Қаржылық сауаттылық


Абай Құанбаев атындағы Саран жоғарғы гуманитарлық-техникалық колледжі

Қаржылық сауаттылық

Тәррбие сағаты
Орындаған: Ембергенова А. Е.


2021-2022 жыл

Шараның тақырыбы: Қаржылық сауаттылық заман талабы


Мақсаты: а) оқушылардың экономикалық білімдерін тексеру, тиянақтау, одан әрі танымдылық қабілеттерін арттыру;
ә) оқушыларды білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу өз пікірін дұрыс мәдениетті түрде жеткізе білуге және топпен жұмыс жасай білуге үйрету;
б) пәнге деген қызығушылығын ояту, өз білімдерін өмірде қолдана білу қабілеттерін, экономикалық ой - өрістерін, қиялын дамыту.
Түрі: сайыс 
Көрнекілігі: тест парағы, кесте, нақыл сөздер, есептер.
Әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, есептер, тест тапсырмалары.
Сайыс барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Кіріспе.

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар!


Бүгінгі «Қаржылық сауаттылық заман талабы» тақырыбындағы сайысқа қош келдіңіздер!
Экономикалық білім тек экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндерге, ғалым - экономистерге немесе экономика пәні оқытушыларына ғана, сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр.
Мектепте қаржылық сауаттылық және экономика негіздерін оқытудың басты мақсаты – оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, іскерлікке, қаржылық сауаттылыққа тәрбиелеу, еңбек ете білуге,, өзін және өзгелерді рухани - материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру. Осы мақсатта экономика сабағынан алған білімдерімізді, пікірлерімізді ортаға саламыз.

Ақша – адамның күнделікті қажеттілігі. Мамандардың айтуынша, адам аптасына орта есеппен 5 сағат ақша туралы ойлайды екен.

Бірақ бұл көрсеткіш бірнеше есеге жоғары болуы мүмкін. Өйткені бүгінгі таңда екінің бірінде несие бар. Ондай адамның ақшаны сирек ойлауы екіталай.
Қаржылық сауаттылық – жеке және отбасылық қаржыны басқарудағы біліктілік. Біз біліктілікке ие болып, оны арттырып, дамыта аламыз.

Қаржы негізі 5 қызмет атқарады:


1. Өмір сүруді қамтамасыз ету
Адамның жайлы өмір сүруі үшін ең алдымен: тамақ, киім, тұрғын үй, көлік, техника және тағы да басқа дүниелер керек. Бұл қажеттіліктерді өтеуде ақша маңызды рөл атқарады. Әрбір адам өзінің өмір сүру сапасын жақсартуға тырысады. Балалар дүниеге келген кезде үйіңізді кеңейтіп, көлік және техникалық жабдықтарды жаңартуды ойлайсыз. Балаларды оқытып, бүкіл отбасымен демалғыңыз келеді. Осының бәріне артық шығындарды болдырмай, отбасылық қаржыны дұрыс басқару арқылы қол жеткізуге болады.

2. Қауіптің алдын алу


Егер сіздің жеке қорыңыз бар болса, ол сізді кез келген қауіпті жағдайда сақтандыра алады. Бетін аулақ қылсын, дегенмен де өмірде небір жағдайлар кездеседі. Ауруханаға түсу, жұмысынан айрылу, мүгедек болып қалу, күтпеген жерден жақынынан, тіпті жалғыз асыраушысынан қол үзу секілді жайттар орын алып жатады. Кейде отбасылық мүліктерге қауіп төнеді. Мысалы, өрт шалу, су басу, жер сілкінісі, автокөлік немесе құнды мүлікті ұрлату, көлік апаты дегендей. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниялары өз шарттарына сай шығындарыңызды өтеп береді. Ол арқылы өзіңіздің және отбасыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз.

3. Биік белестерді жоспарлау


Дұрыс басқарылған қаржы – балаға ең сапалы білім беруге, отбасыңызбен шетелдерге саяхаттауға, ең жақсы спорт залын, тиімді қызмет көрсететін медицина орталығын таңдауға мүмкіндік береді. Биік белестерді жоспарлау дегеніміз – үй алу, көңіл көтеру немесе әртүрлі заттарды сатып алу ғана емес. Егер сіз барлығын тиімді ойластыра білсеңіз, биік мақсаттарды бағындыруға мүмкіндігіңіз мол.

4. Қаржылық тәуелсіздікке ие болу


Қаржылық тәуелсіздіктің не екенін барлығы біледі. Бірақ шын мәніндегі бейнесін ұға бермейді. Бұл – ай сайын немесе жыл сайынғы пассивті кіріс көзі саналатын капи­тал. Капитал – өздігінен табыс әке­летін активтер жиынтығы. Ол ешқандай күш жұмсауды қажет етпейді. Көбісі мұны бекершілік деп санайды. Алайда әлемде қаншама адам инвестиция арқылы күн көріп отыр. Оларды рантье деп атайды. Жеке қаражатты дұрыс басқару және сауатты инвестициялау арқылы ғана капитал жинауға болады.

5. Артына мұра қалдыру


Адамдар белгілі бір жасқа дейін мұрагерлік туралы ойламайды. Тіпті, қартайған шағында да ойлауы екіталай. Негізінде мұраға мынадай дүниелерді қалдырылады: а) табыс әкелмейтін активтер (тұрғын үй, автокөлік және тағы басқа мүліктер); б) табыс әкелетін активтер (бағалы қағаздар, депозиттер, жалға беретін жылжымайтын мүлік және т. б.; в) қарыздар мен міндеттемелер. Егер адам болашақтың қамын алдын ала жасаса, ол ұрпақтан - ұрпаққа берілетін отбасылық капиталды мұра етіп, өз есімін де қалдырар еді.

Сіздерге сәттілік тілеймін.


ІІІ. Негізгі бөлім.
Сайыс жоспары:
І. Таныстыру.
ІІ. «Жорға» (сұрақтар)
ІІІ. «Тапқырлық» (тест парағы)
ІV. Экономика өмірде (есептер шығару)
V. Практикалық жұмыс
А) әңгіме жазу,

Б) сұраным мен ұсыныс қисығын сызу.


VІ.«Елсіз аралда» ойыны
VІІ. Тауарларды саралау
VІІІ. Қорытынды.

Мұғалім
Асыл тастан, өнер жастан


Шығады деп дарынды.
Халық айтса қалт айтпайды,
әрқашанда нанымды, — дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,


Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.

Ендеше ортамызға ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық.


І. Таныстыру. Топтардың таныстыруы.
ІІ. «Жорға»

Білім деген биік шың,


Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, — деп сайысымыздың «Жорға» кезеңін бастаймыз.

І топқа сұрақтар


1. Қажеттілік дегеніміз не?
2. Экономика қандай ғылым?
3. Салық дегеніміз не?
4. Зейнетақы
5. Салық түрлерін ата
6. Бюджет дегеніміз не?
7. Халықаралық сауда
8. Валюта
9. Мемлекеттік қарыз
10. Мемлекеттік төлем балансы
11. Бюджет бөлімдері
12. Еңбек факторы
13. Сыртқы сауда сальдосы
14. Өндіріс қорлары
15. Валюта курсы
16. Мемлекеттік бюджет
17. Капиталдық қор деген не?
18. Жалақы.
19. Жалақының түрлері
20. Қоршаған ортаны қорғау заң қашан қабылданды?

ІІ топқа сұрақтар


1. Нарық түрлері
2. Еңбек нарығы
3. Акционерлік қоғам
4. Жұмыссыздық
5. Еңбек қорлары
6. Инфляция
7. Салық
8. Инвестиция
9. Банкілік несие
10. Коммерциялық несие
11. Кәсіпкерлік
12. Бизнес - жоспар
13. Бизнес - жоспардың мақсаты
14. Дивиденд
15. Акция
16. Лизингтік несие
17. Ипотекалық несие
18. Қаржылық кәсіпкерлік
19. Валюта түрлері
20. Тұтынушы құқын қорғау туралы заң қашан қабылданды?

ІІІ. «Тапқырлық»


Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Жеңістің мынау шыңына, — дей келе сайысымыздың ІІІ кезеңі «Тапқырлық» бөлімі тест
тапсырмаларын орындайық.

1. Белгілі бір мерзім ішінде еңбегі үшін төленетін ақы не деп аталады?


А) жәрдемақы
Ә) зейнетақы
Б) жалақы

2. Жалақының қандай түрлері бар?


А) мерзімді, уақытша, келісімді;
Ә) мерзімді, келісімді, мерзімсіз;
Б) мерзімді, келісімді, кесімді.

3. Жұмыссыздық деп нені айтамыз?


А) еңбекке қабілетті адамдардың жұмыспен қамтылмауы;
Ә) денсаулығының болмауына байланысты адамдардың жұмыспен қамтылмауы;
Б) еңбекке қабілетті, жұмыс істегісі келетін адамдардың жұмыспен қамтылмауы.

4. Еңбек қорларына адамдардың қандай топтары жатады?


А) жоғары білімі бар, бірақ жұмысқа жарамайтын адамдар тобы;
Ә) зейнет жасындағы адамдар тобы;
Б) 14жастан зейнет жасына дейінгі адамдар, жұмысқа деген қабілеті бар адамдар тобы

5. Инфляция дегеніміз не?


А) бағаның төмендеуі, сұранымның өсуі;
Ә) бағаның өсуі, ұсыныстың өсуі;
Б) бағаның өсуі, ақшаның құнсыздануы.

6. Таңдау жасау не үшін қажет?


А) адамның шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін;
Ә) адамның бірінші кезектегі қажеттілігін қанағаттандыру үшін;
Б) адамдардың күнкөріс шамасын қамтамасыз ету үшін.

7. Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік бюджетке төлейтін міндетті төлемдері қалай аталады?


А) ақша;
Ә) салық;
Б) валюта.

8. Мемлекеттер мен ұлттық шаруашылық арасындағы тауарлар мен қызмет көрсетулердің өзара айырбасталуын не дейміз?


А) импорт;
Ә) сыртқы сауда сальдосы;
Б) халықаралық сауда.

9. Бизнес - жоспардың мазмұны мен негізгі ойын таныстыратын бөлімі қалай аталады?


А) маркетингтік жоспар;
Ә) резюме;
Б) қаржылық жоспар.

10. Несие берудің ақшасыз формасы, көліктерді, құрал - жабдықтарды пайдалануға жалға беру -


А) лизингтік несие;
Ә) ипотекалық несие;
Б) тұтынушы несиесі.

11. Жылжымайтын мүліктерді, өндірістік және тұрғын ғимараттарды, пәтерлерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несие 


А) лизингтік несие;
Ә) ипотекалық несие;
Б) мемлекеттік несие.

12. Несие үшін төленетін ақы –


А) пайыз;
Ә) рента;
Б) дивидент.

13. Акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігі -


А) дивидент;
Ә) акция;
Б) бақылау пакеті.

14. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге қашан айналысқа енгізілді?


А) 1993 жылы 15 қарашада;
Ә) 1992жылы 15 қарашада;
Б) 1995жылы 19 мамырда.

15. Егер баға өссе, сұраныс –


А) өседі;
Ә) өзгермейді;
Б) төмендейді.

ІV. «Экономика өмірде» есептер шығару


Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек! – деп дана Абай атамыз айтқандай талапты да шыдамды, қайратты да ақылды ұл - қыздарымызды тағы бір қырынан сынамақ кезеңіміз «Экономика өмірде» есептер шығару.

Неше төрт таңбалы сан жазуға болады, сандардың қосындысы 3 - ке тең болатын.
1) 1011 1002 2010 3000
1101 1020 2001
1100 1200 2100

2) 8л және 3л бидондар бар. Осы бидондардың көмегімен 12л сүтті екі жанұяға қалай тең бөлуге болады?

3) Асан, Әлия және Жанар орманнан 6 саңырауқұлақ әкелді. Жанар - 3 саңырауқұлақ, Асан – 1 саңырауқұлақ, ал Әлия – 2 саңырауқұлақ тапты. Мамасы 18 жаңғақ берді де, «Әркімнің үлесіне қарай бөліп алыңдар» — деді. Әрқайсысына қанша жаңғақтан келеді?

4) Егер сен банкіге 50000 теңге 10% - дық өсіммен салсаң, жарты жылдан кейін сенің қанша ақшаң болады?

5) Елбасының Қазақстан халқына жолдауында зейнетақы келесі жылдың 1қаңтарынан бастап 25%- ға өседі делінген. Қазіргі кезде төменгі зейнетақы теңге болса, онда келесі ол жылы қанша теңге болады?

Практикалық жұмыс.


А) І топ «Аяқ киім», ІІ топ «Киім» тақырыбына әңгіме жазу.
Шарты: әңгімеде экономикалық мазмұндағы сөздерді пайдалану керек. 7минутта
ә) сұраным мен ұсыныс қисығын сызу.

Кестеде берілген тауар бағасы мен сұраным және ұсыныс мөлшері бойынша қисық (график)


сызу

Мысалы: нарықтағы картопқа сұраным мен ұсыныс


Бірлік тауардың бағасы (тг) Сұраным (тн) Ұсыныс (тн)
60
65
80
95
120
3000
2500
1500
1200
1000
500
1000
1500
2000
2500

VІ. «Елсіз аралда»


Шарты: Сіздер жүріп келе жатқан кеме апатқа ұшырап, адамдар өмір сүрмейтін аралдың жағасына шықтыңдар. Үстеріңде су киім, бір қорап сіріңке, пышақ. Айналадағы орта жылы, суда балықтар, орманда аңдар.
Тапсырма: Сіздер аман қалып, күнкөріс жағдайын ойлап, өркениетке оралу жоспарын құру керек.

VІІ. Тауарларды саралау.


Тауар белгісі тауарды заңды түрде қорғау. Ол (штрих код) 13цифрдан тұрады.
Екі топқа тауар беріледі. Тауарды тексеру керек.
Мысалы: 4600344000283

2 цифр – мемлекеттің нөмірі


5цифр – кәсіпорын нөмірі
5цифр – тауар нөмірі
Соңғы цифр – тексеру нөмірі.

16+0+4+0+0+8=18


218*3 - 54
34+0+3+4+0+2=13
454+13=67= 70
5 70 - 67= 3

VІІІ. Қорытынды. Міне, жеңімпаз топты анықтайтын кезге де жеттік.


Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек.

«Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін елбасымыз халқына жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне беріңдер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз.


Жеңімпаз топты марапаттау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет