7. Өт жолдарының дискинезиясының гиперкинетикалық түрін емінде қолданылады:
А) гистаминнің Н2 – блокаторлары
В) сукральфат тобының препараттары
С) спазмолитиктер
D) зондсыз тюбаждар
Е) хирургиялық ем
8. Созылмалы пакреатиттің өршуінде кешенді емге кіреді:
А) ферменттік препараттар
В) апротининдер
С) сұйық антацидтер
D) гистаминнің Н2-рецепторларының блокаторлары
Е) наркотикалық анальгетиктер
9. Жедел панкреатитте ең жиі кездесетін симптом:
А) дене ыстығының көтерілуі
В) құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің күштемесі
С) ауырсыну
D) құсу
Е) метеоризм, ішектің парезі
10. Ұйқы безінің сыртқы секреторлық жеткіліксіздігінің скринингті зерттеу әдісінде ең ақпартаттысы:
А) нәжістегі -эластаза
В) зәрдегі амилаза
С) қандағы амилаза
D) қандағы қант
Е) нәжістегі нейтральды май
1. Тақырыбы №8: БАУЫРДЫҢ ЗАҚЫМДАНУ СИНДРОМЫ.
2. Мақсаты: Бауырдың зақымдану синдромдарының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, емін, профилактикасын үйрену. Гепатиті бар науқасқа клиникалық, лабораториялық, инструменталды зерттеу жүргізуді, ем және профилактика принциптерімен танысу. Гепатитпен науқастанатын балаларды, жасөспірімдерді, егде және қарт адамдарды жүргізу ерекшеліктерімен, динамикалық бақылау және дәрігерлік-еңбек сараптамасы мәселелерімен танысу.
3. Тапсырма:
Студент жасай алуы тиіс:
амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинау;
амбулаторлық жағдайда науқасты көзбен көру арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қою;
басқа мамандардың кеңесіне немесе стационарға жолдама беруді негіздеу;
еңбекке жарамсыздығын сараптау;
науқасты амбулаториялық жүргізудің жоспарын құру;
науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медицина қызметкерлерімен жоғары сенімділік қатынас орнату;
Достарыңызбен бөлісу: |