9. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
Тест сұрақтары:
1. Науқастың жағдайы нашарлап, есенгіреу, сіреспе пайда болып, сарғаюы күшейген. Науқас бауыр циррозымен ауырады. Осы жағдайда қандай зерттеу тәсілін жүргізу маңызды?
бромсульфалиенді сынама
белокты және оның туындыларын анықтау
альфа-фетопротеин құрамын анықтау
қан сарысуындағы аммиакты анықтау
АЛАТ және АСАТ деңгейін анықтау
2. Бауыр циррозымен ауыратын науқаста гиперспленизм синдромы анықталды. Лабораторлық зерттеу кезінде осы синдромға тән қандай өзгерісті байқауға болады?
АЛТ, АСТ, ЩТ белсенділігінің өзгерісі
Лейкоцитопения, тромбоцитопения, анемия
Билирубинемия
гипопротеинемия
Гипергаммаглобулинемия
3. Науқас 53 жаста,тәбетінің төмендеуіне оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, терісінің қышуына шағымданады .Обьективті: терісінің сарғаюы, қан тамырларының дақтары, перфифериялық ісінулер, асцит байқалады. Анамнезінен: ішімдік ішкендігі,15 жыл бойы вирусты гепатит С мен ауырған. Зертханалық нәтиже: билирубин ─50, альбумин─2.9%. Диагноз:
Бауырдың вирусты циррозы, компенсация, портальды гипертензия
Аутоиммунды генездегі цирроз
Бауырдың вирусты циррозы, портальді гипертензия субкомпенсация
Бауырдың алкогольді циррозы, портальді гипертензия,декомпенсация
Бауырдың холестатикалық циррозы
4. Науқас 19 жастағы ер адам. Оң жақ қабырға асты ауырлығына, жалпы жағдайының нашарлығына,салмақ жоғалтуына,және буындар ауруына шағымданады. Жалпы жағдайының нашарлаған уақытын айта алмайды. Обьективті: тері жабындылары сарғыш.телеангиоэтазиялар кездеседі. Шынтақ буынының ішкі аймағынды екпе іздері бар. Бауыры қабырғадан 2.5см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды.Биохимиялық қан анализі: жалпы билирубин -34,8 мкмоль/л, тимол сынамасы ─ 7.2ед, ИФА-австралиялық антиген табылған.Диагноз:
Бауырдың билиарлы циррозы
Аутоиммунды гепатит
Созылмалы гепатит
Коновалов ауруы
Жильбер ауруы
Достарыңызбен бөлісу: |