9. Семіздікпен ауыратын, бірақ қант диабеті жоқ науқасқа төменде келтірілген қант төмендететін дәрілердің қайсысын тағайындау тиімді: A) сиофорды.
B) амарилді
C) инсулинді
D) дианормды
E) дибизидті
10. 4 жыл бойы қант диабетімен ауыратын 16 жастағы науқас инсулинтерапиясын алады. дене шынықтыру сабағында есінен танып, қысқа мерзімдік тырысулар болды. терісі ылғалды. төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін? A) гиперосмолярлы кома
B) лактацидоздық кома
C) кетоацидоздық кома
D) гипогликемиялық кома
E) жедел өкпе-жүрек жетіспеушілігі
11. 59 жастағы науқас, қант диабетімен есепте тұрады, глибутид қабылдайды. Ес-түссіз жағдайда жеткізілді. Қызының айтуынша 2 апта бұрын суықтағаннан кейін жөтел, кейде ентігу пайда болған. Жағдайының нашарлағанына екі күн болған және аталған шағымдарға құсу қосылған. Терісі бозғылт, құрғақ. Куссмауль тынысы. Ацетон иісі жоқ. АҚ-80/40 мм c. б.б. ЖЖЖ-116 рет мин. Қандағы қант-14,5 ммоль/л, зәрдегі қант-6%, зәр қышқылының деңгейі-3 ммоль/л. Төмендегі препараттардың қайсысын енгізген тиімді? A) инсулинді.
B) адреналинді
C) фраксипаринді
D) норадреналинді
E) стрептодеказаны
12. Науқас 23 жаста, клиникаға ес - түссіз жағдайда келіп түсті. Терісі құрғақ, бет ұшы қызарған «румянец». Ацетон исі сезіледі. Куссмауль типті дем алу. АҚҚ сынап бағанасы бойынша 130 / 90 мм. ЖСЖ минутына 102 рет. Қандағы қант деңгейі 28,4 ммоль/л, зәрде 6 %, ацетон реакция «оң» мәнді. Болжам диагноз: А) бүйректік кома
В) уремиялық кома
C) кетоацидозды комa
D) гиперосмолярлы кома
Е) гиперлактацидті кома
13. «Сомоджи феномен» дегеніміз не: А) инсулиндік липодистрофия
В) таңертенгілік постгипогликемиялық гипергликемия.
С) жастардағы 2 типті қант диабеті
Д) түнгі сағат 3 гипергликемия
Е) қарттардағы 2 типті қант диабеті
14. Дене салмақ индексі неше болғанда семірудің ІІ дәрежесі болады? A) 35-40.
B)25-28
C)10-15
D)40-45
E)30-33