2.5 Зерде бұзылыстары бар (ақыл-ой кемістігімен) балалар үшін
42. Зерде бұзылыстары бар (ақыл-ой кемістігімен) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы арнайы білім беру ұйымдарына (топтарына) ақыл-ой кемістігімен және түрлі генездегі зияткерлік жеткіліксіздігі бар балалар, сондай-ақ зияткерлік жеткіліксіздігімен қатар жүретін аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалар қабылданады.
43. Балалардың зияткерлік бұзылыстарының ауырлық дәрежесіне байланысты топтардың толықтырылуы төмендегідей балалар үшін:
1) жеңіл ақыл-ой кемістігі – 12 баладан артық емес;
2) орташа ақыл-ой кемістігі – 6 баладан артық емес.
44. Зияткерлік бұзылыстардың ауырлығы мен сипатына қарай психикалық дамуы тежелген (бұдан әрі - ПДТ), жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін топтар құрылады.
45. Балаларға түзете – дамыту көмегі жеке бағдарлама негізінде көрсетіледі.
46. Ақыл-ой кемістігі бар балалардың даму бұзылыстарын түзетуді топтық, шағын топтық және жеке сабақтар нысанында олигофренопедагог, мұғалім-логопед жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |