22.Арнайы білім беруде арт-терапияны қолдану
Көптеген кіші мектеп жасындағы балалар өзінің ойын, қобалжуын сөзбен жеткізуге киналады. Олар үшін өз ойын жеткізудің оңай жолдары ойын барысында, бейнелеу өнері немесе шығармашылық белсенділіктің басқа да фомаларымен байқалады
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Сондықтан бұл терапия қарқынды даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Терапияның бұл түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие екендігі белгілі. Арт-терапия – балалармен психологиялық жұмыс жүргізуде орны баға жетпес әрі өте тиімді әдіс
Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу). Арт терапия - бұл емдеу ғана емес, сонымен қатар креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек көрсету.
Бала бақшаларда тұлғаны үйлесімді жан-жақты дамыту үшін арт-терапияның мынадай бағыттарымен жұмыс жүргізудің маңызы зор:
Ол ХХ ғасырдың ортасында кең тарай бастады. «АРТ-ТЕРАПИЯ» термині (art - өнер, art therapy - өнер терапиясы) адамның психо-эмоцмоналды күйін көрсету мақсатында серпінді бейнелі шығармашылықпен емделуді білдіреді. Ең алғаш рет бұл терминді Адриан Хилл 1938 жылы шипажайларда өзінің құрт ауруына ұшырағандарды бейнелеу шығармашылығымен емдеу сабақтарын сипаттауда пайдаланды. Содан кейін бұл термин өнер терапиясы сабақтарының барлық түрлеріне қолданыла бастады (музыкотерапия, драматерапия, би терапиясы және т.с.с). [28]
Арт-терапия кәсіби іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде психотерапиямен тығыз байланыста Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияда дами бастады. 1960-1980 жж арт-терапияны дербес мамандық ретінде мемлекеттік тіркеуге негіз болған, кәсіби қауымдастықтар құрыла бастады. 1969 жылы арт-терапевт-практиктерін біріктіретін, Американ арт-терапевтік ассоциациясы құрылды. Осыған ұқсас ассоциациялар Англия, Голландия, Жапонияда пайда бола бастады. 1980-1990 жж мәдени ахуалдың өзгеруімен ерекшеленді. Әлем иммигранттар, босқындар, бір аумақта рассалы және этникалық қауымдастықтардың болуы мәселелеріне кезікті. Мұндай жағдайларда арт-терапевттер көмегі елеулі болды. [29]
Біздің елімізде соңғы жылдар психотерапия және оның негізі формалары мен модельдерін қарқынды игеру кезеңі. Арт-терапия мамандар мен потенциалды клиенттердің қызығушылықтарын тудыра бастады. Соңғы уақытқа дейін Ресейде бұл бағыт туралы білімдер жеткіліксіз болып келді, осыған байланысты түрлі қызықты жорамалдар туындады. Ешқандай да негіздемелерсіз өздерін арт-терапевттерміз деп атайтын адамдар пайда болды. Қазіргі уақытта біздің елімізде бұл мамандықтың дамуымен А.И.Копыткин медицина ғылымдарының кандидаты, Арт-терапевтік ассоциация президенті, арт-терапия және басқа да шығармашылық бағыттарда маман даярлауға арналған негізгі бағдарламаның жетекшісі сияқты дәрігер-психиатрлар мен психотерапевттер айналысуда.
Арт-терапияға кереметтей анықтама беру күрделі, өйткені ол белгілі бір мөлшерде маманның теориялық түсініктеріне және практикалық іс-әрекеті саласына, қандай да бір елдегі арт-терапияға тән модельдерге және олардың даму деңгейіне байланысты. Арт-терапияны түсіну бойынша түрлі пікірлерді қарастырайық. Эдит Крамер пікірінше, көрсетуге, ішкі қақтығыстарды қайтадан бастан кешіруге және нәтижесінде оларды шешуге мүмкіндік беретін ең алдымен көркемдік шығарма процесінің «шипалық» мүмкіндіктері есебінен тиімді нәтижеге қол жеткізу мүмкін болады. Адриан Хилл бейнелеу әрекетінің шыпалық мүмкіндіктерін ең алдымен «ауыр мазасызданулардан» пациенттің көңілін бөлу мүмкіндіктерімен байланыстырады. Маргарет Наумбург пайымдауынша, көркемдік сабақтар нәтижесінде адам өз қорқыныштарын еркін көрсету қабілеттеріне күмәндануды жеңеді, өзінің бейсаналылығымен жанасады және олармен бейнелердің тілінде олармен сөйлеседі. Өзіндік ішкі әлем мазмұнын көрсету арқылы адам өз мәселелерін жеңе алады [30].
Осылайша, ғалымдардың бірқатары, көркемдік шығарма психотерапевтке клиентпен тығыз қатынас орнатуға көмектеседі және осылай оның мазасыздануын анықтай алады, екіншілері- көркемдік шығарманың шипалы ықпал етуіне клиенттің көңілін бөлу және жағымды ахуал жасау арқылы қол жеткізуге болады, үшіншілері- ол өздігінен оның сезімдерін шығаруға қабілетті және деструктивті тендециялардың шығуына мүмкіндік береді деп түйіндейді [31].
Арт-терапияға қатысты бірнеше көзқарастардың болуы орынды. Сонымен қатар арт-терапевтік бейнелеу жұмысы түрлі материалдардың кең мөлшерде таңдалуын қарастырады. Бояулар, қаламдар, түрлі-түсті борлар мен қатар журналдар, түрлі-түсті қағаздар, құм және т.б заттар жиі қолданылады. Проза немесе поэзия терапиясының «механизмі» мынадай, яғни ұяң адамға өлең, әңгіме түрінде өз мазасыздануын сипаттауға мүмкіндік береді, бұл уақытта ол басқа бір кейіпкер артына жасырынып, айтып жатқаны өзіне қатыссыз ретінде болады
Достарыңызбен бөлісу: |