4.Арнайы білім беру жүйесінің ұлттық дамуы және қалыптасу тарихы.
Арнайы білім беру жүйесінің дамуы туралы ғылыми еңбектер Г.М. Коржова мен А.Қ. Сатованың диссертацияларында керініс тапты. Нақты Г.М. Коржова кемтар балаларды еңбекке баулу жүйесінің даму тарихын анықтаған, ал А.Қ. Сатова дефектолог кадрларын даярлау жүйесінің қалыптасу мен жетілдіру мәселерің зерттеген. Арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы үшін бұл жұмыстар аса маңызды. 90-шы жылдары тәуелсіздікке көшу, саяси, әлеуметтік өзгерістердің әсері білім беру саласында қарқынды дами бастады. Жағымды жетістіктің бірі Қазақстан тарихына көңіл болу болғандықтан, арнайы мектептерде Қазақстан тарихын оқыту әдістемесін әзірлеу, өзектілігін білдірді. Сол себепті, Г.А. Аужанованың ғылыми жұмысы Қазакстан тарихын оқыту ерекшеліктері мен әдістеріне арналған. А.Н. Аутаева естуінде ауытқуы барбалалардың дыбыс айтуын қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеген. Бұл зерттеу республикамыздың естуінде ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы алғаш ғылыми жұмыс болды. 1992 жылы Республикалық "Ақыл ой және дене дамуында кемістігі бар балалармен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу еңбекте оңалту" ғылыми -тәжірибелік орталықтың ашылуы ғылыми зерттеулерді белсенді өткізуді талап етті. Арнайы білім беру саласындағы жаңа өзгерістер, шетел тәжірибесімен танысу өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік тудырды. Арнайы білім беруде жаңа технологиялардың еңгізудің көрінісі, А.Т. Баймұратованың мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзету жұмысында лекотека технологиясын әзірлеу жұмысы болды. Бұл ғылыми еңбектің нәтижесінде ӘБЕО орталығында лекотека бөлімі ашылып, мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету көмегін кеңейтуге мүмкіндік берді. Біз тұжырымдай келе арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын талдай отырып, сол кездегі шешілмеген келесі мәселелерді байқауға болады, олар: - мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарының жоқтығы; - балаларды ерте жастан анықтап, тексеріп, арнайы түзету арқылы қолдаудың дұрыс ұйымдастырмағаны; - арнайы мекемелердің, мектептердің, бала-бақшалардың жетіспеуі; -әдістемелік, нұсқаулық құжаттар мен бағдарламалардың болмауы; - отбасында мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналармен дұрыс жүйелі жұмыстың жүргізілмеуі; - арнайы білім беру ұйымдарында мамандардың жетіспеушілгі Сонымен, өткен ғасырдың соңғы жылдары отандық арнайы білім беру жүйесі үшін ауыр тиген байқай отырып, сол жүйенің сақталып, әлемдегі жаңа бағыттарға сәйкес бет бұруын жетістік ретінде белгілеуге болады. Республикадағы ауытқулары бар балаларға арнайы білім беру мен тәрбие беруге байланысты жүргізілген зерттеулер арқылы сол жүйенің мәселелері мен әлсіз жақтарын ғана анықтап қоймай, оның болашақта даму беталысын анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |