Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Арнайы (түзету) мектебіндегі сабақтар жүйесі



бет4/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика

5.Арнайы (түзету) мектебіндегі сабақтар жүйесі

Арнайы мектептегі сабақта оқу процесінің барлық компонентері (мақсат-міндеттері, білімнің мазмұны, принциптері, оқыту әдістері) толығымен жүзеге асырылады.

Сабақ мұғалімнің шығармашылық өңері емес, ол нақты талапқа және білім беру мақсат- міндеттерге сәйкес ұйымдастырылатын жұмыс.

Білім беру міндеттері ғылыми негізделген, білім беретін оқу бағдарлама көлеміндегі білімді меңгерту, өмір сүру үшін қажетті икемділік пен дағдыларды қалыптастыруды қолдайды.

Сабақтын тәрбиелік міндеттері өмірге деген дұрыс көз-қарасын қалыптастыру, жеке тұлғаның адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін тәрбиелеу, танымдық қызығушылын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады.

Түзету-дамыту міндеттері бала бойындағы алғашқы (біріншілік реттегі) кемістіктің салдарын жоюға, түзетуге және екіншілік кемістіктердің алдын алуға бағытталған, яғни ең жиі кездесетіндер, таным процестерін және сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзету.

Арнайы мектепте міндеттерді орындау үшін мұғалім оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып белсенді таным әрекетін қамтамасыздандыратын оқыту әдістер мен тәсілдерін үйлесімді пайдалану мен қатар оқу тапсырмаларынын көлемі мен күрделігін анықтауы қажет.

Сабақ барысында барлық міндеттер өзара байланыста жүзеге асырылады.

Психологиялық-педагогикалық жағдайлар оқытудың жоғары нәтижесіне жету үшін оқушылар бойында білім алуға қызығушылын оятуды білдіреді. Бұл үшін арнайы педагогтар балалардың психика даму, жас, тұлғалық ерекшеліктерін жақсы білуі қажет және өздері кемтар балалармен жұмыс істеуге психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дайын болуы қажет.

Сабақ түрлері, құрамы

Әр бір сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар: үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білімді тексеру, бағалау, сабақты қорытындылау. Сабақ құрылымы –бір белгілі бірізділікті және өзара қарым-қатынасқа келген дәріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Ал сабақтын түрлері –белгілі бір сабақтар тобына тән бірліктердің тұрақты үйлесімділігі.

Жалпы білім беретін және арнайы сабақтар сабақ түріне сәйкес құрылады. Бүгінгі дидактика сабақ түрлерін олардың басты сипатына орай топтастырады. Дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақ түрлері:

- пропедевтикалық сабақтар;

- жаңа білім, икем, дағдыларды қалыптастыру;

- білім, икем, дағдыларды қайталау;

- білім, икем, дағдыларды бекіту;

- білімді қорытындылау;

- білім, икем, дағдыларды тексеру, бақылау.

Арнайы мектептегі неғұрлым көп тараған сабақ түрі – аралас. Бұл сабақ жаңа оқу материалын шағын бөліктермен беріледі (басқа міндеттерді шешуге уақыт қалады), материалды есте сақтаудың ерекшелігі тиянақты бекітуді талап етеді; оқуға қызығушылықты тудыру үшін түрлі әрекеттерді пайдалану қажет және сабақта таным белсенділік деңгейін қамтамасыздандырады.



Аралас сабақтын құрылымы:

1. Психологиялық-педагогикалық даярлық

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Оқу материалын қайталау

4. Жаңа оқу материалын баяндау

5. Үй тапсырмасын беру

6. Білімді бағалау

7. Сабақты қорытындылау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет