36. Сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы.
Сөйлеу аппараты үш бөлімнен тұрады:
1. Тыныс органдары (пассивті - өкпе, кеңірдек тарамы, кеңірдек; активті - олар жоғарыдағыларды қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер, алғашқы кезекте - диафрагма, құрсақ аймағы). Тыныс алу қозғалыстары, негізінен, қабырғааралық бұлшық ет пен көкеттің жиырылуы арқылы қамтамасыз етіледі. Көкет дегеніміз - кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөлетін күмбез тәрізді бұлшық ет. "Тыныс алғанда қабырғааралық бұлшық еттер жиырылып, қабырғаларды көтереді, көкет жайпақ болып, құрсақ қуысындағы мүшелерге қысым түсіреді. Нәтижесінде кеуде қуысының көлемі артып, өкпеқап қуысындағы қысым төмендейді. Осы кезде өкпе кеңейіп, қысым азаяды да, атмосфералық ауа өкпеге барады. Тыныс алу іске асырылады".