Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері



бет31/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика

Құлақ аурулары[1] – құлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі бөліктерінде кездесетін дерттер. Құлақ аурулары жедел және созылмалы деп бөлінеді. Жиі кездесетін сыртқы құлақ ауруларына отит, перихондрит, отогематома, құлық, т.б. жатады. Әсіресе, балаларда жиі кездесетін түрі – сыртқы есту жолына бөгде дененің түсуі. Бұл кезде баланың құлағы қышып, есту қабілеті төмендейді. Осының салдарынан есту жолы терісі қабынып, сұйық зат бөлінеді. Емдеу үшін бөгде денені жою мақсатында спиртті тамшы тамызады, стерильді жылы ерітіндімен есту жолын тазалайды. Ауру асқынып кетсе хирургиялық операция жасалады. Ішкі құлақ ауруларынан есту жүйкесінің невриті мен отосклероз жиі кездеседі. Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, қызылша,қызамық, т.б.) асқынуынан және құлаққа түрлі инфекциялардың түсуінен болады. Белгісі: құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі қиындайды. Науқасты емдеу үшін мидың қан айналысын жақсартатын препараттар, В, С тобының витаминдерін ішкізеді, кейде лазерлі және төмен жиілікті магниттік терапия қолданылады. Отосклероз (грек. otos – құлақ, sklerosіs – қатаю) – екі құлақтың да есіту қабілетінің төмендеуі. Әдетте дыбыс толқыны дабыл жарғағынан және есіту сүйекшелерінен өтіп, есіту жүйкелерін тітіркендіреді. Ауру кезінде ортаңғы құлақты ішкі құлақпен жалғастыратын үзеңгі, төсше және балғашық сүйекшелері қозғалғыштық қабілетінен айырылады. Соның нәтижесінде дыбыс есіту жүйкелеріне жетпейді. Аурудың белгісі бірден байқалмайды, адамның естуі бірте-бірте төмендейді. Дәрі-дәрмекпен емдеу көп нәтиже бермейтіндіктен, көбіне есіттіргіш аппараттарды пайдалану не хирург. операция жасау қажет.

Құлақ мүкістігі[1] – есту органының дерті. Құлақ мүкістігі әр түрлі құлақ аурулары (отит, отосклероз, т.б.) салдарынан, қабыну, мұрын, жұтқыншақ ауруларының, сондай-ақ, қызылша, тұмау, қызамық, т.б. жұқпалы аурулардың асқынуынан пайда болады. Кейде ұрықтың дамуы кезінде ортаңғы, ішкі құлақтың жетілмеуінен бала іштен туа естімейтін болуы мүмкін. Мұндайды туа пайда болған құлақ мүкістігі деп атайды. Бұл баланың дұрыс сөйлеуіне де әсерін тигізеді. Ересек адамның естімеуі, көбінесе, айқай-шудың ұзақ уақыт әсер етуінен, есту жүйкесі қызметінің бұзылуынан, уланудан, дәрі-дәрмектерді шамадан тыс ішуден, т.б. болады. Кейде адам уақытша естімей қалуы мүмкін. Мысалы, құлаққа құлық қатқанда, құлақ ішіне іріңді жара шыққанда, т.б. Емі: құлақ мүкістігіне шалдықтырған ауруды тауып емдеу. Іштен туа біткен кемістікке кей жағдайда хирургиялық операция жасайды. Құлақ мүкістігінен тілі бұзылған баланы арнайы балабақша мен мектептерде сөйлеуге үйретеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет