Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері



бет87/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика

Мазмұнының ерекшеліктері:

«Зайцев кубиктер» ойын- құралы 54 картоннан тұрады.Картондар буктемелер арқылы кубикке жиналады, оған қосымша 3 қағаз таблицасымен (2 оқуға,1 математикадан),әдістемелік нұскаулықпен қамтылған.



Кубиктердің ерекшеліктері:

-12 түстер бойынша

-көлемі бойынша

-дыбыстық орындалуы

-салмақ бойынша

-вибрациялық толқу

-аудио жазбалар

-Дидактикалық безендіруі үнемі ауыстырылып отыруы


83. Көруінде бұзылымы бар балаларды дене шынықтыруға тәрбиелеу әдістемесі және денсаулықтарын нығайту.

Көру қабілеті бұзылған мектепке дейінгі балалардың дене тәрбие негізі олардың қимыл белсенділігінде жатыр. Оның барлығы бір үлкен жүйені көрсетеді:
1) дене шынықтыру сабақтары;
2) таңғы жаттығу;
3) сергіту сәттер, сабақтардың арасындағы үзілістер;
4) қимылды ойындар;
5) серуендегі физикалық жаттығулар;
6) жүзу сабақтары;
7) шынығу шаралар;
8) түскі ұйқыдан кейін тың алу жүгіріс;
9) дене шынықтырулық ойын – сауықтар;
10) дене шынықтырулық мерекелер;
11) өз еркімен қимыл белсенділігі;
12) алдын – ала шаралар (дәрігердің кепілдеуі бойынша).

Физикалық жаттығулар жасауында балалар көру бұзушылықтардың клиникалық түрлері бойынша 2 топқа бөлінеді. Бірінші топқа жақыннан көруі, амблиопия мен көз қитарлығы бар балалар жатады. Екінші топқа – көру жүйесінің атрофиясы, алыстан көруі, альбинизм, амблиопия төмен дәрежесі бар балалар жатады. Әрбір топқа көру мен денсаулық жағдайына сәйкес жаттығулар таңдалады. Бірінші топтың балаларына биік пен ұзындыққа секіру, заттардан секіру, иық пен қолдарында тұру, барынша қарқынды жүгіру, шаңғы мен коньки тебу қарсы дәлел. Екінші топтың балалары арнайы мамандандырылған мектепке дейінгі мекемелердің физикалық тәрбие бойынша бағдарламаның барлық жаттығуларын орындауға болады. Бірақ көзі төмен көретін балаларға барлық кездейсоқ жағдайларда дене шынықтыру сабақтарына абайлап қарауын еске алып отыру керек.


Нашар көретін балаларға жасына, денсаулық пен көру жағдайына қарамастан келесі жаттығулар кепілдеуге болады: заттармен және заттарсыз жалпы дамытатын жаттығулар; доппен жаттығулар; дене бітімін түзету және дұрыс қалыптастыруға арналған жаттығулар; ырғақтық жаттығулар; бассейінде жүзу; көру бақылаусыз кеңістікте бағдарлауға арналған жаттығулар.
Бағытталған физикалық тәрбие және коррекциялық сабақтар жүйесін пайдалану әсерінен балалардың қимыл анализаторында қайта құрылу пайда болады, функионалдық көруі жақсара бастайды. Жақсы нәтижелерге жету үшін балаларды сауықтыру, қимыл белсенділігін дамыту бойынша дәстүрлі және дәстүрден тыс жұмыс түрлерін пайдалану қажет.
Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтына көзқарасын қимыл белсенділіктің дамуы арқылы қалыптастыру.
Міндеттері:
– балаларды салауатты өмір салтына баулу;
– «Дені саудың – жаны сау» қағидасын ұстануға бағыт беру;
– балалардың негізгі қимыл – қозғалыс қасиеттерін дамыту;
– дене тәрбиесіне, сауаттылыққа дағдыландыру;
– қозғалыс белсенділіктің қажеттілігін ұғындыру;
– көру қабілеті бұзылған балалардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықты сақтай білуге тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет