85. Күрделі бұзылымдары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу.
Күрделі кемістігі бар балаларға білім беру тарихына көз тастайтын болсақ, алғаш ол соқыркереңдерді оқытуынан басталған. Алғаш рет 1937 ж Паркинсон атындағы соқырларға арналған мектепке Лора Бриджмен атты көзі көрмейтін қыз қабылданады. Оның оқытумен мектеп директоры Самуил Гридли Хоув айналысты. Оның алдында 1825 ж дүние жүзі көрмейтіндерге арғанлған шрифті құрастыруға арналған конкурс жариялады.Соған Луи Брайль деген алты нүктелі шрифті ұсынды. Бұл шрифті ең басты мүмкіншіліктері бағаланбады. Лораны оқытуда бірінші рет осы шрифті қолдану мүмкіндігін көрсеткен Смауил Гридли Хоув болды. Кейіннен Брайльдік шрифті дактильдік әріптермен сәйкестендіріп Лора дактильдік – жанасу сөйлеуді меңгеріп, басқа адамдармен қарым-қатынас жасайтын болды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес күрделі кемшілігі бар балалар саралап оқыту түрінде білім алады. Барлық арнайы мектептерде күрделі кемістігі бар балаларға арналған сыныптар ашылған. Күрделі кемшілігі бар балаларға арналған көмекші сыныптар құрылады. Мұндай сыныптардағы бала саны көп болмауы тиіс. Арнаулы топтарда алғашқы екі кемшңлңк топтасқан нашар еститін балалар: саңырау және ақыл ой дамуы кешеуілдеген, саңыраулық және психикалық дамуы кешеуілдеген баллар білім алады. Хоув Лораны дактильді сөйлеуге үйретті. Алайда қанша тырысқанымен оның интеллектуалдық қабілеті дамымады. Дегенмен ол өрмек тоқуды үйренді.50 жылдан кейін атап айтсақ 1887 жылдан бастап 1,5 жасында көрмей, естімей, қалған американ қызы Елена Келлерді оқыту басталды. Оны көзі көрмейтін балаларға арналған Перкинсовский мектебінің тәрбиешісі Анна Сулливан оқытты. Анна Суливанның өзінің көзі көрмейтін еді, бірақ кейін ол опреция жасау арқылы көру қабілетіне ие болды. Елена Келлерді оқыту, тәрбиелеу барысы Уильям Гибсонның «Сотворившая чуда» пьессасында баяндап көрсетті. Анна Суливанға дейін Еленаның психикалық дамуына, айналаны тануына үй қызметшісінің қызы Мартаның көп көмегі тиді. Ол Еленадан 3 жас үлкен еді. Ол анасына үй шаруасына көмектесуге келетін сонда Еленаның қолынан ұстап жетектеп оның қозғалуына яғни қимыл-қозалысын дамытуға ықпал жасады. Екеуі көптеген ойындарды бірге ойнады. Марта арқылы Елена қарапайым қимылдарыды, іс-әрекетерді танып білді. Бірте-бірте Марта мен Елена арасындағы қарым-қатынас деңгейінің ауқымы кеңейді. Анна Суливан Еленаны оқыта бастағанда онда өз жасына лайықты психология қалыптасқан, қарапайым күнделікті қолданылатын жесттерді білген.Елена өзіні айналасындағылардың оған деген көз қарасын сезетін сондықтан ол ерке, өте бұзық болған. Мұғалімнің саусақ арқылы манипуляция жасағанын бірден түсінбейтін, жаңа қарым-қатынас жасауға қарсылық білдіретін. Бүл мұғалім мен оқушы арасында жүретін күнделікті күреске айналды. Енді Анна Суливан оны ата-анасынан бөлек тәрбиелеуге көшті. Осы кезден бастап ол мұғалімнің режіміне үйреніп- өз тәрбиесін қалпына келтіре бастады.
Елена Келлер жогары білімді алды, кейін философия ғылымының докторы атағын алды. АҚШ-тың атақты қоғам қайраткері болды. Оның «Менің өмірімнің тарихы» атты кітабы әлемдегі барлық тілдерге аударылды. Бұл кітапта көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалардың психикалық дамуы жайында баяндалған.