Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Психикалық дамудың тежелуінің түрін анықтайтын көрсеткіштері (В.В.Лебединский). Психикалық дамудың тежелуінің негізгі типтері



бет88/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика
Арнайы педагогика
84. Психикалық дамудың тежелуінің түрін анықтайтын көрсеткіштері (В.В.Лебединский). Психикалық дамудың тежелуінің негізгі типтері.

В.В.Лебединскийдің сараптауы бойынша ПДТ 4 түрге бөлінеді:
1. Психикалық даму тежелуінің конституционалды түрі.
2. Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі.
3. Психикалық даму тежелуінің психогенді түрі.
4. Психикалық даму тежелуінің церебральды - органикалық түрі.
Психикалық дамуының тежелуінің конституционалды түріндегі балаларға келесі сипаттамалар тән: баланың дамуында эмоционалдық бейнесінің төменгі даму кезеңінде қалып қоюы, көңіл- күйі мен ойынға қызығушылығы жоғары болуы, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмен болуы байқалады. Көбінесе бұл түр төменгі сыныптарда кездеседі, оқу үлгерімінде қиындық көреді.
Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі -бұл түрлі ұзақ уақытта әр түрлі себептегі соматикалық науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулар, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулары, балалар неврозы негізінде пайда болады. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және түлғалық қарым- қатынаста шектеулі болып келеді. Науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жетеді.

Психикалық дамуының тежелуі бар оқушыларды оқытатын мұғалімдер төменгі қағидаларды ескеру керек:
1.Тапсырманың баланың даму денгейіне сай болуы;
2.Баланы жеке тұлға ретінде қарап, оның жетістіктерін көріп, мадақтап отыру;
3.Сынып жетекшісімен ата- ана тығыз байланыста болу;
4.Түзеу мекемелерінен көмек алуына ықпал жасау( КППК, Оңалту орталығы);
Ал ПДТ балалардың ата-аналары келесі кеңестерді ескруі тиіс:
1.Дамуында тежелуі бар балалардың ақыл-ойы дұрыс,тежелу уақытша болатын жағдай.
2.Бала жеке тұлға, қоғамның бір мүшесі, ол өз деңгейінде білім алуға құқылы.
3. Дамуында тежелуі бар балаға үнемі көңіл бөлу.
4. Баланың дамуында, денсаулығында, көңіл күйінде, қарым-қатынасында өзгеріс байқасаңыз дер кезінде мамандардан (дәрігер, психолог, педагог)кеңес алу.
5.Тежелуі бар балаға ұдайы көмек көрсету және балаға мүмкіндігінен тыс күш түсірмеу.
6.Баланың жетістіктерін дер кезінде бағалап, мадақтау.
Қоғамымызда балалардың білімді де білікті болуы үшін, олардың ерекшеліктерін ерте анықтауға ата-ана, мұғалім, психолог маман, дәрігерлер барлығы бірдей ат салысуы тиіс. Сонда ғана ПДТ балалалар дер кезінде түзеліп, қатарға қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет