38.Логопедия - сөйлеу тілінің бұзылуы, оларпды анықтау, жою және арнайы оқытумен тәрбиелеу, әдістері туралы ғылым.
Логопедия (гр. logos — cөз, ілім, paіdeіa — тәрбиелеу, оқыту) - психология мен педагогиканың тіл кемшілігін, оны жою мен оның алдыналудың әдістері мен қағидаларын зерттейтін саласы. Бала тілінде болатын кемістіктерді зерттеп, оны жоюдың жолдарын іздестіретін арнайы педагогика тарауының бірі.
Алғаш 17 ғасырда қолға алынғанымен тілінің мүкісі бар балаларды медицина және психология жолдармен зерттеп, тиісті емдеу шараларын қолданудың жолын табу әрекеттері 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін созылды. Кемшіліктердің қайсыбірі сөйлеу жағынан (мәселен, тіл мүкістігінен) байқалса, екіншісі оқуы мен жазуының (дислекция, дисграфия) бұзылуынан да көрінеді. Фонетика, сондай-ақ, лексика-грамматика жүйені (алалия, афазия) қамтитын бұзылулар бар. Көбінде тілдің кемістіктері оның қарқыны мен созылмалығына (тұтықпа) қатысты болады. Тілдің кемістігін зерттеу мен жою білімнің басқа салаларының психология, тіл білімі, физиология, медицина деректерін ескере отырып жүргізіледі.[1]
Тіл бұзылуының себептері органикалық және функциональдық болып бөлінеді.
Органикалық – түрлі зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесінің бөлімдерінің бұзылуы.
Функциональдық – мұнда органикалық зақымдану болмайды, тек сөйлеу механизмдерінің функциясы бұзылады.
Тілдің бұзылуы түрлі жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |