37. Олигофренопедагогиканың клиникалық негіздері.
Олигофренопедагогиканың негізгі объектілері интеллект бұзылысы
бар балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі, оқытуы және
тәрбиесі болып табылады.
Олигофренопедагогиканың пәні интеллектісі бұзылған оқушыларды
қоғамға енгізу, құқықтық бейімдеу және оңалту, дамыту, тәрбиелеу және
оқыту теориясы мен тәжірибесі болып табылады.
Олигофренопедагогика педагогика ғылымдарының бір саласы болып
табылады да, ақыл-ой кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге білім
беру және тәрбиелеу құралын және түрлерін,әдістерін, ұстанымдарын,
теориялық негіздерін құрайды.
Олигофренопедагогикада оқу-тәрбиелік үдерісті және оқытудың
дидактикалық негіздерін ұйымдастыруда жалпы педагогикалық ұстаным-
дармен қаралады.
Олигофренопедагогиканың субьектісі ретінде ақыл-ой кемістігі бар
балалар болып табылады. Зерттеуде қағидалы негізді тәлім-тәрбиенің,
тәрбие және бала дамуының үлкен үлес қосқан ғалымдар, олигофренопеда-
гогтар және психологтар: Л.С. Выготский, М.Ф. Гнездилов, Г.М. Дульнев,
И.М. Еременко, Х.С. Замский, Л.В. Занков, В.И. Лубовский, В.Г. Петров,
М.С. Певзнер енгізді.
Олигофренопедагоиканың негізінің басында дәрігерлер-физиологтар
В.М. Бехтерев, И.В. Маляревский, Г.М. Россолимо тұрды. Олигофренопе-
дагогиканың ғылым ретінде дамуы Т.А. Власова, А.Н. Граборова,
В.П. Кащенко сияқты аттармен байланысты.
Олигофренопедагогика ғылым ретінде аралас ғылымдармен тығыз
байланыста дамиды және де оларды шартты түрде үш блогқа бөлуге
болады: медициналық, психологиялық және педагогикалық ғылымдар.
Медициналық ғылымдар – ақыл-ой кемістігінің пайда болуының
биологиялық себептерін көруге, ағзадағы болған өзгерістерді түсінуге,
ақыл-ойы кем баланың дамуының ерекшеліктерін түсінуге және оның
жалпы білім беру бағытын дұрыс таңдауға көмектеседі. Осы блогқа:
анатомия, физиология, нейрофизиология, невропатология, психопатология,
психиатрия, генетика, педиатрия жатады.
Психологиялық ғылымдар – интеллектуалдық бұзылыстары бар
балалардың дамуының заңдылықтарын және психикалық үдерістердің
даму ерекшеліктерін айқындауға, қолданылатын педагогикалық әдіс-
тәсілдердің ғылыми негіздерін беруге мүмкіндік береді. Осы блогқа жалпы
психология, адам психологиясы, жас ерекшелік психологиясы, педагогика-
лық психология, арнайы психология және олигофрено-психология кіреді.
Педагогикалық ғылымдар – интеллектуалдық бұзылыстары бар
балалардың оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын, қағидаларын, міндетін,
мақсаттардың спецификасын және осы категориядағы балаларға қатысты
қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер мен құралдардың қолдану
ерекшеліктерін анықтайды. Осы ғылымдарға: жалпы педагогика, дидак-
тика, тәрбиелеу жұмысының әдістемесі, әлеуметтік педагогика және
арнайы педагогика жатады.
Ақыл-ой кемістігі клиникалық белгілеріне байланысты оның үш
дәрежесін ажыратады: дебил (миақы, мешеулік, әлсіз, қауқарсыздық),
имбецил (милау, өз бетінше өмір сүре алмайды) және идиотия (мәңгүрт,
нақұрыс).
Достарыңызбен бөлісу: |