Арнайы мектептерде (мектеп - интернаттар) балалардың
кемшіліктеріне байланысты бөліп оқытылады.
Жалпы мектепте есту, көру қабілеті зақымдалған, ауыр тіл кемістігі
бар, қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған, психикалық дамуы
тежелген, интелектісі жеңіл және өлшемді бұзылған балаларға
арналған ұзартылған күн жағдайындағы арнайы сыныптар.
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды жалпы сыныптарға қосып білім
беретін жалпы мектептер.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға коррекциялық көмек көрсететін
арнайы ұйымдар: психология-педагогикалық коррекция кабинеті;
мектепаралық логопедиялық бөлімшелер, оңалту орталықтары.
Стационарлы емдеу мекемесінде мүмкіншілігі шектеулі балаларға
білім беруді ұйымдастыру.
Үй жағдайында мүмкіншілігі шектеулі балаларға білім беруді
ұйымдастыру.
Мүмкіншілігі шектеулі балаларға кәсіби білім беруді ұйымдастыру
кәсіби мектеп, лицей, колледждер, оқу-өндірістік кешендер.