49. Психофизикалық дамудың ауыр бұзылымдары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері
Балалардың психофизикалық дамуындағы бұзылыстар- бұл кез-келген жастағы бала дамуындағы әр қиындықтардың жалпы атауы.Ол қазір «балалардағы даму аномалиясы» терминінің орнына қолданылуда. (Сонымен қатар синоним ретінде қазіргі таңда «психофизикалық дамудағы ауытқу термині де қолданылады. Кең мағынада қарастырсақ бірнеше мүшелерінде үлкенді-кішілі кемістіктері бар барлық балаларды күрделі кемістігі бар психофизикалық даму бұзылысы бар балалар қатарына жатқызуға болады. Күнделікті өмірде бұл термин психофизикалық бұзылыстардың салдарынан арнайы жағдайда оқытуды және тәрбиелеуді қажет ететін балалар тобын белгілеуде қолданылады.
Психофизикалық даму бұзылыстарына естумен,көрумен,сөйлеумен, тірек-қимыл аппаратымен, психикалық дамуы кешеуілдеумен, әмоциялық,интеллектуальды мәселелермен және осы сияқтылармен байланысты әр түрлі қиындықтар жатады.
Жас өспірім балалардың дамуы жағынан екі кемістік немесе одан көп, бірнеше психофизиологиялық ауытқушылықтар біріккен жағдайды күрделі кемістік деп атайды. Мысалы: нашар естумен қатар нашар көру, зият ауыткушылығы сокырлықтпен біріккен жағдай, тірек қимыл козғалысындағы кемісткпен бірге сөйлеуіндеге кемістіктер кездеседі т.б. Қазіргі арнайы әдебиеттерде күрделі кемістіктер ретінде тек алғашқы біріншелік кұрделі кемістіктер керсетіледі, мысалы: бір түлғаның бойында көрмеушілік және естімеушілік біріккен жағдай.
Күрделі кемістіктің синонимі ретіндек арнайы әдебиеттерде басқа да нүсқалары кездеседі, мысалы «қиын бұзылыстар», осыған сәйкес «қиын кемістік», «біріккен бұзылыстар», "күрделі ақау". Бірақ соңғы уақытта "кемістіктің күрделі қүрамы" атты түсінік күрделі кемістіктін мағынасын толық ашатын және қолайлы болып табылады.
Күрделі кемістіктері бар балаларды негізгі үш топқа бөлуге боледі, олар:
- бала бойында екі аса байқалатың психофизиологиялық кемістік біріккен, бірақ әр қайсысы ез бетінше бала дамуына жығымсыз әсер тигізетің жағдайдағы топ, мысалы: көру мен есту кабілетінең айырылған, зиятында ауытқушыдығы бар естімейтің, нашар естийтің психикалық дамуы тежелген балалар.
- негізгі бір кемістікпен қатар қосымша деңгей жеңіл кемістік қосылған жағдайындағы топ, мысалы: зиятында ауыткушыдығы бар нашар естийтің балалар.
- көптеген кемістігі бар, балаланың бойында нақты екіден аса кемістігі кездесетің жағдайындағы топ, мысалы: зиятында ауытқушыдығы бар нашар керетің естімейтің бала.
Осы кезге дейін біздің мемлекетте күрделі кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету және тәрбиелеуде көп көңіл бермеген. Өйткені олар тәрбие, білім ала алмайтын деп саналатын. Бірақ күрделі кемістігі бар балаларды оқытуға, осы соңғы он жыл арасында көп көңіл бөлуде.
Баланың күрделі ақауы болуы, оның ерте дамуына кедергі жасайды. Ауытқушыықтын бір емес екі немесе одан да кеп болуы баланы коршаған ортадан бөледі, ол үлкен депривацияға түседі. Бүл кептеген кызметтердің дамуына және психикальщ дамудың тежелуіне әкеп соғады (заттарды тану, олардың бейнесін қапыптастыру, кеңістікті бағдарлау, моторикалык даму, әмоциялық-сезімдік қарым-қатынас, ересектермен сөйлесу). Бүл ауыр жағдайды қоршаған әлеуметгік ортаның баланың танымдық әрекетіне бейімделмеуі қиындатады.
Кейіннен бүлдай бала арнайы ортаға түскенде жанындағы балаларға қарағанда және салыстырғанда оның ауытқулары, ауыр екендігін білдіреді. Осындай біріккен бұзылыстар проблемасына жеке-жеке тоқталуды және арнайы психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдануды талап етеді. (А.И.Мещеряков, Т.В.Розанованың зертгеулері) көру және естуі жоқ балалар қоршаған ортадан белек болады, шетте қалады. Бұл баланы жиі ақыл ойы кемтар ретінде қабылдайды, өйткені танымдық жетілмеуі, қарым-қатынасты және тәртіп, мінез-қүлқысын ортада қалыптасқан ережелерге сәйкес тәрбиелеуін мүлде қиындатады. Бірак ақыл ойы кемтар балага қарағанда дамуында күрделі кемістігі бар балада зиятыи дамытуға мүмкіндігі әлде жоғары.
Күрделі кемістіктің ерекше салдарының бірі - кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігінің шектеулігі. Мысалы, көрмейтіндерде қоршаған ортаны қабылдау сақтаулы есту мен сипап сезу арқылы мүмкін. Ал естімейтіндерде - көру және кинестетикалық тактильді, вибрациялық қабылдау мүмкіндік береді. Ал керең-соқыр балаларда көруі мен естуі жоқ болғандықтан сыйпап сезу және кинестетикалық қабылдауы соңымен қатар иіс білу кемістіктің орнын толықтыруға баланы дамытуға жол ашады. Мұндай балалардың тіл білуінің маңызы зор.
Л.С.Выготский баланың психикалық қызметін қалыптастыру, оның сақталған ақыл-ой дамуының деңгейіне байланысты деген. Ал күрделі кемістіктің құрамына зият кемістіктері қосылса бүл жағдайды ауырлатады, бірақ түзету шараларын қолданудан бас тартпайды. Дамуында күрделі кемістігі бар балаларды оңалту мүмкіндіктері қазіргі күнге дейін ғылыми толық зерттелмеген, бірақ кемістік ерте жаста пайда болса оның құрамы мен деңгейі ауыр болатыны анық.
А.Н.Мещерянковтың (1974 жылы) зерттеуі бойынша соқыр-керең балаларда езегеше іс-әрекет калыптастыру үшін кейбір „жағдайларды қамтамасыз ету кажет, олар:
- біріншіден ол - заттармен түрлі әрекет жасау, әйтпесе затгар туралы накты бейнесін қалыптастыру мүмкін емес;
- екіншіден қоршаған ортадағы затгармен әлеуметгік әрекет жасау;
- үшіншіден, әр әрекет нәтижесін баланың кажеттіліктерін қанагаттандыруға бағьптау.
Басында бапа бойындағы емір сүру үшін қажеттіліктер (тамактануға, ұйқыға, суыктан қорғануға болады). Кейін бала заттарды таныған соң қосымша басқа да қажеттіліктер қосылады, осыған байланысты балада іс-әрекетте қалыптаспады, өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |