«арнайы педагогика және түзету психологиясы»



бет2/10
Дата06.10.2019
өлшемі1,62 Mb.
#49309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
0fdb55ca-c8c7-11e5-bf37-f6d299da70eeУММ-Арнайы пед. түзету психология


Бақылау сұрақтары:

1.Арнайы педагогика жалпы педагогиканың ғылыми саласы  ретінде

2.Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері мен ұғымдары.

3.Арнайы педагогиканың ұғымдық аппаратының дамуы, гуманистикалық бағдары.


2- дәріс. Тақырыбы: Арнайы білім беру қызметін көрсетудің заманауи жүйесі (2 сағат)
1. Арнайы педагогиканың объектісі, пәні, міндеттері.

2. Арнайы білім берудің мақсат- міндеттері.

3.Арнайы білім берудің статистикасы.

 І.Арнайы педагогиканың объектісі,міндеттері

 Балалардың арнайы педагогика ғылымының негізгі мақсаты: эр түрлі кемістігі бар балалардың психалогиялық жэне физиалогиялық даму ерекшеліктерін зерттеу жэне сонымен қатар оларды оқыту жэне тэрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындайды.

Қазіргі таңда арнайы педагогика ғылымында бірнеше өзекті мэселелер кездеседі. Ол мэселелер арнайы педагогиканың категорияларымен тығыз байланысты. Яғни оларға: есту қабілеті бүзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); көру қабілеті бүзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, немесе нашар көретін ); сөйлеу қабілеті бүзылған, тіл мүкістігі бар балалар- лагоппаттар; интеллектуалды дамуы немесе ақыл-ой, ойлау қабілеті зақымданған, кемақыл (ақыл-ойы, есі кеміс-кемақыл жэне психикалық дамуы тежелген балалар); психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі түрде бүзылған (соқыр-мылқаулар);естімейтін-көрмейтін жэне ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін т.б); тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар; педагогикалық өзгерісі бар (жүріс-түрысы,мінез-қүлқы, тэртібі бүзылған) балалар жатады. Өкінішке орай, қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалар саны артуда. Ол балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп интернаттарында, арнайы сыныптарда жэне де логопедиялық пункттарда тэрбиеленеді. Демек, мүнда олар арнайы коррекциялық, психологиялық жэне педагогикалық көмектермен қамтамассыз етіледі.

Демек, ол дефектологтарға сонымен қатар, бүл мэселелерді шешу көзін табу үшін педагог-психологтарға өте маңызды. Бүл мэселелер мектепке дейінгі, мектеп жасындағы жэне басқа да жас ерекшеліктер педагогикасында кездесетін мэселелердің бірі болып келеді. Яғни, арнайы педагогикадағы бүндай жағдайлар элемдік деңгейде барлық мемлекеттерде кездесетін өзекті мэселелердің бірі болып табылады. Осы мақсатқа сай арнайы педагогика ғылымы төмендегідей:

1.  Әр кемістіктің немесе кемтар балалардың ауытқулардың түрлерін, дэрежесін анықтап олардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтау.

Физикалық немесе психологиялық дамудағы ауытқулардың негізгі биологиялық элеуметтік және педагогикалық себептерін анықтап оларды түзету, толықтыру эдістерін қарастыру.

3. Арнайы мекемелерді қалыптастыру орталықтарын үымдастыру жэне оларды дамыту бағыттарындағы жүмыстарын негізгі принциптерін таныстыру.

4. Арнайы түзету, толықтыру жэне дамыту мекеменің негізгі мақсат-міндеттерін айқындау жэне жүмыстарының мазмүнын талдау.

5.Болашақ дефектолог мамандарын даярлау үшін қажетті ғылыми оқу эдістемелік эдебиеттермен танысып көрнекі қүралдар жэне тэжрибелік мекемелер жүмыстарына қатысу.

Ғылыми таным саласы ретінде арнайы педагогикалық зерттеу негізіне мүмкіншілігі шектеулі баланы оқыту, тэрбиелеу жэне қалыптастыру мэселелері ашылады.

Әр түрлі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу элеуметтік-мәдени, педагогикалық мәселе. Бүл мәселе мүмкіншілігі шектелген балаларды қолдан келгенше қоғам өміріне белсенді, өз беттерінше өмір сүре алатындай етіп дайындау мақсатындағы негізгі сүрақтарды шешуге көмектеседі. Іс-әрекет эр адамның негізгі элеуметтік қызметі, сондықтан арнайы педагогика ғылымы жан-жақты зерттейді.кеміс балалардың элеуметтік өмірге бейімделуіне, қоғамның мэнділігін жэне ережелерін саналы түрде меңгерулеріне, өмір жағдайымен қарапайым еңбек түрлеріне баулуларына, қоршаған ортаға бейімделулеріне септігін тигізеді

 2.Арнайы білім берудің мақсат міндеттері

 «Дефектілі баланың даму процесі-деп жазады 1929ж. Л.С.Выготский, -екі жақты түрғыдан элеуметтік түрде байланысты; ақаудың элеуметтік таралуы (азқүндылық сезімі дамудың элеуметтік байланыстылығының бір жағы ал бірқалыпты адами тип жасалуы есебінен туындаған орта жағдайына бейімделуге компенсацияның әлеуметтік бағыттылығы оның екінші жағы болып табылады . Ақаулы жэне бірқалыпты соңғы мақсаттары мен формаларының жалпылығы кезіндегі дамудың жолдары мен эдістерінің өзіндік саналуан түрлілігі - бұл осы процесстің элеуметтік байланыстылығының еңсхемалы түрі» мүмкіндігі шектеулі адам, өзге адамдар секілді, өз дамуында элеуметтік тэжэрибені, әлеуметтануды меңгеруге қоғамдық өмірде араласуға үмтылады. Алайда ол өтуі тиіс жол, педагогикада жалпы қабылданған жолдан едэуір ерекшеленеді: физикалық және психикалық кемшіліктер даму процесін өзгертеді, қиындатады, бүл кездегі әрбір бүліну өсуші адамның дамуын өзінше өзгеріске үшыратады.

Сол себепті басты мақсат - дамудағы екіншілік ауытқулардың пайда болуының алдын-алу, олардың білім беру қүралымен коррекциялау немесе компенсациялау болып табылады. Бүл бүлінумен, соның салдарынан шектелген спецификалық білім қажеттіліктерін толық қанағаттандыру дегенді білдіреді.

Мәселен, есту қабілетінен айырылған баланың дамуының негативті салдарының алдын-алу үшін ондағы жаңа, бүрын болмаған, білім қажеттіліктерін қанағаттандыру керек: яғни, қалған есту қабілетін дамыту және білім беру, танымдық жэне коммуникативті жағдайларда осы қалдықты есту қабілетір пайдалануға үйрету; оған сөйлеп түрған адамның сөзін ерін қимылдары арқылы үғынуға үйрету; коррекциялық-педагогикалық қуаттандыру жэне баладағы сөйлеу қабілетінің қүлдырауын болдырмау; дыбыссыз кеңістікте ориентация жасауға жэне жүріп-түруға дағдылану;

Айта кетерлік бір жайт, мүмкіндіктердің шектеулі таза мөлшерлік фактор болып табылмайды (яғни адам жай нашар естиді, немесе көреді, қозғалуы шектеулі). Бүл түтастай алғанда түлғаның интегралды, жүйелік өзгеруі, бүл «басқа» бала, «басқа адам» ол кэдімгіге қарағанда мүлдем басқаша, кез-келген адамның алдына қойылатын білім алу мақсатын шектеуге жэне шектеуді жеңуге үмтылушы адамға үқсамайды. Бүл үшін оған тек ерекше образбен өзінің біліми бағдарламаларын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, өзінің өмірлік біліктілігін қалыптастырып, оны дамытуға, кеңістік пен уақытта ориентация жасауды үйренуге; әлеуметтік-түрмыстық ориентацияны коммуникацияның түрлі формаларында қызымет жасауға, өзінің қоғам ішінде өзін-өзі басқаруына үйренуге, физикалық жэне элеуметтік мобилділікке;мүмкіндіктің шектелуіне байланысты қоршаған өмірдегі білім кемшіліктерін толықтыруға қоғамдағы максималды тэуелсіз өмір сүруге, оның ішінде кәсіби өзін-өзі анықтау, элеуметтік - еңбектің бейімделу, белсенді және оптимистік өмірлік позиция арқылы тэуелсіз өмір сүруді қалыптастыру жэне дамыту;

Оқыту және тэрбиелеу: келесілерді қамтитын элеуметтік білім беру жағдайларында жүретін арнаулы білім беру процесінде өзара байланысты жэне олар бэрэр-бірі толықтырып отырады:

- Қазіргі заманғы арнаулы білім беру бағдарламаларының болуы; (жалпы
білім  беретін жэне коррекциялық - дамытушылық).

-Корррекциялық-педагогикалық процесті ерекше үиымдаструдан арнаулы тэсілдер мен эдістерді пайдалануда көрінетін жеке педагогикалық үстаным мен эрбір баланың ерекшелігін ескеру;

-өмірлік іскерліктің адекваттық ортасы;

-коррекциялық-педагогикалық процесті арнаулы педагок мамандармен (тифлопедагок,сурдопедагок, олигофренопедагок, логопед) жүргізу және арнаулы психологтармен білім беру процесін психологиялық түрғыда өткізу;

-медициналық, психологиялық жэне элеуметтік қызыметтерді үсыну;

Мүмкіндіктердің шектелу дэрежесіне және ең алдымен интеллектуалдық мүмкіндіктердің сақталуына, сондай-ақ арнаулы білім беру жағдайын қүру сапасы мен дер кезінде жүргізілуіне байланысты,ерекше білімдік қажеттіліктерге ие түлғалар білім алудың түрлі деңгейін менгеруі мүмкін.Осыған орай, естімейтін, элсіз еститін, меңіреу, көзі көрмейтін,элсіз көретін, тірек-қимыл аппаратының функцияларының бүлінуіне ие түлғалардың,

эмоцианалдық-еркіндік сферасы мен жүріс-түрысы бүзылған түлғалардың, сөйлеу қабілеті ауыр бүзылған түлғалардың бір бөлігі жалпы орта білімді менгеріп қана қоймай, сонымен бірге орташа жэне жоғарғы кэсіби мамандыққа ие болуға да қабілетті.

Интеллектуалдық қабілеттігі бүзылған түлғалар элементарлық жалпы білімдік даярлануға және оларға жеке еңбекке баулитын өмір сүруге жэне қоғамда сэтті бейімделуге мүмкіндік беретін күрделі коммуникативтік процемстермен жэне интенсиптік интеллектуалдық іскерлікпен байланысы жоқ мамандықты менгеруге қабілетті.

Ақыл-есі кем түлғалар жеке білімдік бағдарламалар бойынша білім ала отырып, ерекшеліктерге сэйкес оларды орта жэне элеуметтік бейімделудің даму бағдарламалардың едэуір мөлшерде меңгеруде (гигиеналық жэне элементарлық түрмыстық дэстүрлер, қарапайым еңбектену үрдістері).

Арнаулы білім алудың, оның тэрбиелік және білім беру компоненттерінің қүрамы тек дамудағы ерекше ауытқуларға ғана емес, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі өсуші адамның жастық кезеңіне де тэуелді.

Мүмкіндігі шектеулі адамның арнаулы білім алуы - терең индивидуалды жэне спецификалық процесс, оның көлемі, сапасы жэне соңғы нэтижелері дамудың ауытқу сипатымен, ағзаның анализаторларының, функциялары мен жүйелерінің сақталуымен; пайда болу уақыты мен бүлінуінің ауырлығымен; баланың жэне оның отбасының өмірлік іскерлігінің элеуметтік-мэдени жэне омэдени жағдайларымен, отбасының арнаулы білім алу процесіне қатысуға қүштарлығымен жэне мүмкіндігімен; қоршаған элеуметтің; білім алу жүйесінің арнаулы білім берудің барлық талаптарын орындаған жэне барлық жағдайын жасауға мүмкіндігімен жэне даярлығымен, баламен жэне оның отбасымен жүмыс жасайтын педагогтар мен психологтррдың кэсіби біліктілік деңгейімен анықталады.

Оқушылардың физикалық жэне психикалық ерекшелікткрін, дамуының шектелуімен анықталатын білім беру нормативтері бар, олар денсаулығы шектеулі балаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты немесе арнаулы білім беру стандарты деп аталады. Біліктіліктің мемлекеттік нормасы ретінде стандартта негізгі параметрлер жүйесі келтірілген. Ол бір жағынан түлғалардың бүл категориясының қажетті деңгейі жайлы қазіргі заманға қоғамның пайымдауын, екінші жағынан осы деңгейге жетудегі шынайы түлғаның мүмкіндіктерін бейнелейді жэне ескертеді.

Арнаулы білім беру стандарты ерекше білімдік қажеттіліктерге ие кез-келген түлғаға қолданылды, ол жалпы білім беру даярлау талаптарын, коррекциялық-дамытушы жүмысқа, профилактикалық жэне сауықтыру жүмыстарына, сондай-ақ еңбектік жэне бастауыш кәсіби даярлыққа үйретуге қойылатын талаптарды бейнелейді.

Стандарт талаптарын қүруға ерекше білімдік қажеттіліктерге ие түлғалардың барлық категориялары үшін жалпы, даму кемшіліктекрі де, сондай-ақ тек қендай-да бір арнаулы категорияға тән ерекшеліктер де ескеріледі.

Ерекше білім алу қажеттіліктеріне ие түлғалардың барлық категорияларына тэн даму кемшіліктерінің санатына келесілер кіреді:

-         баяу және шектеулі қабылдау қабілеті;

-         моторикасының дамуының кемшіліктері;

-         сөйлеу қабілетінің дамуының келешегі;

-         ойлау қабілеті дамуының кемшілігі;

-         өзге кэдімгі балалармен салысырғандағы танымдық белсенділіктерінің кемшілігі;

-         түлғалық дамудағы кемшіліктер (өз-өзіне сенбеу жэне қоршаған қауымға тэуелділікті сезіну, төмен коммуникабелділік, эгоизм жэне пессимизм жэне төмен жэне жоғары өзін-өзі бағалау өз жүріс-түрысын басқарудағы олқылықтар).

Осындай сынды кемшіліктерді жою үшін жалпы білім беру пэндерінің қүрамына өзгертулер енгізіледі, оларды коррекчиялау жүзеге асады. Мэселен, нотациялық бөлімдер қосылады. Дамудың ерекше спецификасына ие балалардың жекелеген категориялары үшін, мэселен интелектуалдық қабілеті бүгінгі оқушылар үшін жалпы білім беру пэндерінің оригиналдық қүрамы қарастырылады.

Дамудың біріншілік бүліністерінің салдарының алдын-алу үшін (көру немесе есту қабілетінің болмауы жэне толық еместігі, сөйлеудіңжүйелік дамымауы, бас ми қабыршағының сөйлеу зонасының бүлінуі кезінде ) арнаулы білім беру қүрамына эдеттегі мектептегі білім берубағдарламаларында жоқ, спецификалық түрдегі оқу пәндері енгізілген. Осылайша, зағип балаларды оқыту бағдарламасына, кеңістікте бағдар жасау және мобильділікті дамуындағы үйрету бойынша сабақтар қарастырылған; есту қабілеті бүзылған балалар үшін қалған естуді дамыту бойынша жэне сөйлеуді қалыптастыру жөніндегі сабақтар қарастырылған; іскерлік процесінде оның коммурикативтік функциясына ауыз екі сөйлеуді дамытуға бағытталған пэндік-тэжірибелік іскерлік сабақтар енгізілген.

Сонымен қатар, арнаулы білім беру стандарты бүлінудің бейнелік дэрежесін жэне соған сэйкес мүмкіндіктердің шектелуін (мысалы, зағиптар үшін білім беру стандарты жэне элсіз еститіндер үшін жеке стандарт), сондай-ақ дамудың өзге де бүлінуімен сәйкес келуі жэне т.б.).

Стандартта ерекше білімді қажеттіліктерге ие түлғалардың қандайда бір категориясының жеке даму ерекшеліктері ғана емес, сондай-ақ олардың өмір сүруінің элеуметтік мэдени жэне этномэдени жағдайларының спецификасы ескеріледі. Сол себепті стандарттың екі бөлігі болады: федералды, яғни ел үшін жалпы жэне үлттық-регионалдық, Ресей аумағының қандай да бір аумағының шектеулі мүмкіндіктерге ие түлғаларына білім берудің нақты жағдайларымен ерекшеліктеріне қолдану үшін жасалынады.

Арнаулы білім беру стандарттары мүмкіндігі шектеулі адамның қалыптасу және социализациясының бүкіл кезңінде, яғни өмірінің алғашқы айынан бастап ересек жасқа дейінгі кезеңіндегі мерзімге бағытталған. Арнаулы білім беруді стандарттау мәселесі біздің елімізде жаңа түрғыдан қаралады.

 

З.Арнайы білім берудің статистикасы

 Мүмкіндігі шектеулі балалар санының жылдан-жылға еселеніп бара жатқанын Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мамандары да


жасырмайды. Осыған байланысты елімізде бірқатар бағдарлама бойынша жүмыстар жүргізіліп жатыр. Бүл бағдарламаларда мүгедек балалардың элеуметтік жағдайы, білім алуы, денсаулығы, жүмысқа орналасуы сынды бірқатар мэселелер қарастырылған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы аса алаңдатып отыр. Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы бойынша, жоспар соңына дейін Қазақстандағы мүгедек балалардың 100 пайыз білім жэне тәрбие алуына жағдай жасау көзделіп отыр. Әзірге бүл пайыздық өлшем бар болғаны23,3пайыздықүрайды. Қазақстанда бір мүмкіндігі шектеулі балалар ғана емес, жалпы, мектеп
жасындағы жэне мектеп жасына дейінгі балалардың сапалы білім және тәрбие алу мэселесі өзектілігін әлі жоя қойған жоқ. Қазақстан Республикасы Білім жэне ғылым министрлігі эзірлеген «Қазақстан балалары» бағдарламасында келтірілген мэліметтерге сүйенсек, мектеп жасына дейінгі балалардың 27,6 пайызы ғана балабақша жэне өзге де мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелеріне қамтылған. Ал олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар 1пайызды да қүрамайды. Сондай-ақ ресми мэліметтер бойынша, республикада мектеп жасындағы 150
мың мүмкіндігі шектеулі бала бар. Ал оларға арналған арнайы білім мекемелері бар болғаны 101 ғана. Басқаша айтқанда, аталмыш білім
мекемелерінде 17 030 бала білім алса, қалған 130 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жас «Ильич шамының» жарығынан қағылып отыр. Бүған
интеллектуалдық кеш жетілушілік пен психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларды қоссақ, мэселенің өзектілігі өзі-ақ айқындалып шыға келеді. Өйткені республика бойынша жалпы білім беру мекемелерінің бар болғаны 766 сыныбында ғана ондай балалардың білім алуына жағдай жасалған. Қазіргі таңда республикада психикалық ауытқушылығы бар 6883 бала осы сыныптарда білім        алып, тэрбиеленуде.

Айта кетер тағы бір жайт, Қазақстанда, негізінен, мүгедек балалардың жалпы білім алуына ғана жағдай жасалып келеді. Ал олардың салаланып, жеке дара өнер не ғылым, спорт, басқа да шығармашылық салаларға бет бүруына тиісті жағдай жоқ. Интерактивті қүралдарды, интернетті айтпағанның өзінде, халықаралық «Вайдекс» мүгедектер үйымының мәліметіне қарағанда, мүмкіндігі шектеулі балалардың 20 пайызы ғана компьютерде жүмыс істей алады екен. Сондықтан Қазақстанда талантты мүгедек балалардың салалық білім алуына жағдай жасалуы қажет. Ал ондайлар бізде жоқ емес. Мэселен, бірқатар халықаралық байқаулардың жүлдегері, талантты суретші, қүлағы элсіз еститін Анар Әбжанованың айтуынша, ол осы саладағы үлкен жетіс-тіктеріне қарамастан, Өнер академиясына түсу үшін алдымен өз қаржысына репетитор-аудармашы жалдауға мәжбүр болған. «Қүлағы элсіз еститін балаларға арналған мектепті тэмамдаған соң, Өнер колледжінде оқып, содан кейін ғана академияға түсуге мүмкіндік алдым. Өйткені маған арнайы білім беретін мамандар жоқ. Ал білім алу үшін аудармашыны өзім жалдауым керек болды», -дейдіА.Әбжанова. «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығының төрайымы Аманбике Өсербайкызының айтуынша, Қазақстанда мүгедек балаларға бастауыш жэне орта білім беру ошақтарының саны жеткіліксіз. Барының өзі Кеңес дэуірінде


салынып, дәстүрлі оқу процесіне машықтанып алған мектептер болып табылады. «Мектептерде мүлде сапалы маман кадрлар жоқ деуге болады. Кейбір салалық пэндерді оқытатын мүғалімдерді емге де таппайсыз. Әсіресе, ағылшын, тереңдетілген математика пэндерін қазір балаларға қол-қимыл тілінен хабары жоқ үстаздар үйретіп жатыр. Олардың эдісі сол – тақтаға сөздің ағылшыншасын және орысша не қазақша аудармасын жазып қояды. Ал оның не мағына беретінін оқушыға қолмен жеткізуге мүғалімнің қарымы жетпей жатады. Сондай-ақ елімізде мүгедектердің жоғары білім алуы да жолға қойылмаған. Бүрын жастардың Ленинград, Санкт-Петербург қалаларында білім алуына арнайы жолдама берілетін. Қазір оның бірде-бірі жоқ. Ал Кеңес дэуірінде салынған арнайы жоғары оқу орындарының бәрі шекараның   арғы  жағында қалды»,дейді А.Ерғалиева.

Көп жағдайда мүгедек балаларға қажетті жағдайды мемлекеттік білім беру мекемелері емес, жекеменшік ұйымдар жасап жатқандай көрінеді. Айталық, «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығы кейінгі екі жылда тендер үтып алу арқылы балаларға гранттар сыйлап жатыр. Өткен қос жылда жалпы саны 167 грант мүмкіндігі шектеулі балаларға табыс етілген. Сол арқылы мүгедек балалар Алматы сервис колледжі, Алматы политехникалық инс-титуты, Таңсықбаев атындағы көркемөнер колледжінде білім алуда. Өкініштісі, Алматы сервис колледжінен өзге оқу орындарында балаларға сурдоаудармашы не басқа да көмекшілер қарастырылмаған. Ресми мэліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 101 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы сауықтыру, білім және тэрбие беру мекемелері жүмыс етеді. Одан өзге жекеменшік сектордағы бірқатар арнайы білім ошақтары бар. Олардың көбі ірі мегаполистерде шоғырланған. Ал Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 26 мектеп-интернат жүмыс істейді. Өкініштісі, бүлардың бэрі де мемлекет карамағында емес, кейбірі түрлі элеуметтік топтарға арналған білім жэне тәрбие ошақтары болса, кейі жеке кэсіпорындардың қаржыландыруымен ашылған. Бүл дегеніңіз - мемлекет өз балаларына толыққанды сапалы білім беруде әлеуметтік топтарға бөлінуге жол беріп отыр деген сөз. Десе де, жоқтан бар жақсы. Алматы -республикада мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің көп шогырланған аумағының бірі болып табылады. Қаладағы №1 қүлағы естімейтін және нашар еститін балаларға арналған арнайы мектеп-интернат директорының тэрбие ісі жөніндегі орынбасары Мэрияхан Көдекқызының сөзіне қүлақ түрсек, интернатта 150-ге жуық бала тәрбие алады екен. «Мүндай  арнайы  мектептерде   1   сыныпта 6-7  баладан  ғана оқытылады.

Оларға арнайы дыбыс үдеткіш аппараттарын қолданамыз. Өкініштісі, қазір республикадағы қай арнайы осындай не мектеп, не интернат болмасын, оқу технологияларымен толықтай, тіпті қажетті деңгейде де жабдықталмаған. Білім ошақтары тек мұғалімдердің ізденістері аркасында ғана жұмыс істеп тұр», - дейді М.Көдекқызы. Расымен де, құлағы нашар еститін, көзі элсіз көретін балалар үшін тиісті білім алуға көмек көрсететін арнайы қүрылғылар жетімсіз екеніне көз жеткіздік. Ондай қүрылғылар негізінен Ресейден экелінеді. Ал қытайлық сапасыз, есесіне арзан аппараттардың жарамдылық үзақтықтары бір жылдан аспайды екен. Бүл жайында айтқан №4 қалалық көзі нашар көретін жэне мүлдем көрмейтін балаларға арналған арнайы мектеп-интернат директоры Қадырбек Нышанүлы мүгедек балаларға қатысты тағы да бір мэселенің ұшығын шығарды. Оның айтуынша, интернатта білім алатын балалардың 90 пайызы - ауыл балалары. Ал оның тең жартысы - көзі мүлде көрмейтін балалар. Оларға тек тифлопедагог мамандар ғана білім бере алады. Өкініштісі де сол, мүндай мамандар республикада жоқтың қасы. Себебі еліміз ондай мамандар даярлаумен айналыспайды екен. «Интернатта кеңестік дэуірде осы мамандықты игеріп қалған үш қана білікті маманымыз бар. Ертеңгі күні олардың орнын алмастыратын жаңа кадрларды қайдан алатынымызды білмей, дал болып отырмыз» дейді интернат директоры. Мүгедектерге қатысты мәселенің түйіні бір мүнымен тарқатылмайды. Сөз етілмеген жайттар өте көп. Бастысы - онсыз да мүмкіндігі шектелген балалардың екінші мүмкіндігін мемлекет шектемесе екен дегіміз келеді.

Бақылауға арналған сұрақтар:

1. Арнайы педагогиканың объектісі, пәні, міндеттері.

2. Арнайы білім берудің мақсат- міндеттері.

3.Арнайы білім берудің статистикасы.



3- дәріс. Тақырыбы: Арнайы педагогиканың сыныптамалары. Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі.  Әлеуметтік негіздері. Арнайы педагогика мен пәндік салаларының дамуы. (2 сағат)
1Арнайы педагогиканың сыныптамалары.

2.Қазіргі арнайы педагогиканың құрылысы мен пәндік салалары.

3.Арнайы педагогика мен пәндік салаларының дамуы.

 

І.Арнайы педагогиканың сыныптамалары

 

Ерте кезде де аномальды балаларға элеуметтік проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын белгілейтін барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстициан кодексінде аномльды балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленеді. Киев Русінің негізі (мемлекеттік қағидалар жинағы) кітаптарында, Москва мемлекетінің «жүз тарауында» аномальды балалардың қоғамдық жағдайды ерекше бүйрықтармен шектелді. Мүндай жағдай Россияда ¥лы Октябрь социалистік револциясы жеңгенге дейін орындалып келді. Кейінгі капиталистік елдерде аномальды балалардың қоғамдық жағдайын арнайы түрде белгілеп қою күні бүгінге дейін бар. Онда аномальды балаға эділетсіздікпен қарап келді.



Аномальды балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да философтар, егер баланың қүлағы есітпесе, көзі көрмесе, дүрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып -білуі қалай өтеді деген мэселемен шүғылданды.

Аристотель аномальды балаларға арналған екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций, Дидро жэне басқалар аномальды балалар туралы арнайы кітаптар жазды. А. И. Радищев өзінің атақты трактатында аномальды балалар дамудың кейбір заңдылықтарын анықтады. Неміс философтары кант жэне Бауэр аномальды балалардың даму ерешеліктері жөнінде жазған.

Организімнің аномальдық түрғыда бүзыл механизмі қандай деген мэселе өте ерте кезден көңіл бөлінді. Бір немесе екі орган жүмыс істемей қалғанда, басқалары өзара қандай қарым - қатынаста болады? Бала естімегенде оның өзі қандай күйде болады? Көрмеген кезде күлақ қандай қалыпта болады? Баланың орталық жүйке жүйесі бүзылғанда, сезім органдары қандай күйде болады? Атап айтқанда, мүндай мэселелерімен Дарвин жэне жаратылыс ғылымының басқа да өкілдері айналысты. Қазіргі уақытта дамунда ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен механизмдерін танып білуге білуге үлкен көңіл бөлінуде.

Аномальды балаларды зерттеу жүйесінде ғылымның жаңа бөлімі пайда болды. Оның көру мен есту түйсіктерін тікелей зерттеумен айналысқан жэне ақыл - ой кемдігінің клиникасын зерттеген саласы бөлініп шықты. Аномальды балаларды зерттеудің қажеттілігінен дэрігерлер, физиологтар жэне медицина - биология ғылымының басқа да өкілдері күш біріктіріп жүмыс істеуде.

Педагогтар аномальды балаларды оқытудың эр түрлі жүйесін қолданып, бар күш - жігерін жұмсап бақты. Буржуазиялық элем мүндай бастама атаулының барлығына дерлік салқын қарады. Сондықтан да аномальды балаларды оқыту процесі өте кеш - XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында басталды. Бүл уақытта аномальды баланы жеке оқыту тэсілі орын алады. Бүлай оқыту мен оны эксперимент түрінде жүргізілген кейбір ғылымның өкілдері айналысты. Ал капиталистік қоғамда осы уақытқа дейін аномальды балаларды мемлекет тарапынан, шіркеулік жэне элденеше мемлекеттік оқу орындары ғана бар болды. Міндетті түрде жалпыға бірдей оқу жүйесі де жоқ еді.

Капиталистік дүние аномальды балаларға шын мэнісінде өте эділетсіздікпен қарады. Алайда өмір өз талабы орындатуда. Сондықтан да соңғы 20-30 жылдарда кемістігі бар балаларды оқыту жүйесі кеңейтілді, осы категориядағы балаларды зерттеу жүмыстарын қолға алынып, көптеген лабораториялар қүрылды. Халықаралық конгрестер мен кеңестер тағы басқа жиі өткізіліп жүрді. Осы жылдарда элденеше рет мылқаулық жөнінде жэне көрудің бүзылуына байланысты халықаралық конгрестер өткізілді. Бала тілінің бүзылуы жөніндегі 16-Конгреске даярлық жүмыстар жүріп жатты.

Совет қүрылысы аномальды балаларға қатысты капиталистік қүрылыс тудырған бөгеттердің барлығын да жойды. В.И.Ленин 1918 жылдың өзінде - ақ аномальды балаларды тәрбиелеудегі және оқудағы барлық шектеулікті жою жөнінде дереке қол қойды. М.И. Калинин 1931 жылы міндет тітүрде жалпығы бірдей оқуды енгізу туралы декретке қол қойды.

Социалистік қоғамның аса ірі қайраткерлері А.В. Луначарский, А.М. Горкий, Н.К. Крупская өз еңбектерінде аномальды балаларды оқыту жэне тэрбиелеу жөнінде элденеше рет мэселе көтерді.

Біздің елімізде аномальды балаларды тэрбиелеп, оқудың мемлекеттік негізі қүрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бүл жүйе бойынша бастауыш білім беретін кластар ғана жүмыс істеп қоймады, сонымен қатар орталау жэне орта білім беретін кластар да жүмыс істейді.

Арнаулы мекемелердің қүрылумен бірге совет дефектологиясы дами берді. Совет дефектологтары алдына аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады? - деген басты проблема түрды. Мүндай балалардың даму ерекшеліктері қандай? Олардың типологиясы қандай болуы тиіс?

Капиталистік елдердің өкілдері аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады деген мэселе төңірегінде әлденеше идеалистік теориялар үсынды. Буржуазиялық дефектология ғылымы өкілдеріне біріншіден мынадай пайымдаулар тән болатын: қайсыбір органның бұзылуы қызметі бүзылған соның өзін ғана қамтиды деп есептеді. Мысалы, дүрыс естімеу тек кереңдікке ғана байланысты, соқырлық тек көздің зақымдауына ғана байланысты деді. Қайсы- бір органның немесе жүйенің бүзылуы бала дамуының осы жағына ғана қатысты болады деп жорамалдады. Шын мәнісінде мүның бэрі де элде қайда қиындығы мол мэселе болып  шықты.  Сондықтан совет  дефектологтары алдына аномальды балалардың даму ерекшеліктерін ашу міндетті тұрды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет