Ароматты көмірсутек
Бензол – ароматты көмірсутек. Оның молекуласының сутек атомдары көмірсутек радикалдарына алмасқанда, бензолдың гомологтары түзіледі: бензол , метилбензол , этилбензол: , пропилбензол . Бензолдың гомологтарын атау үшін қалыптасқан тривиалды атаулар да қолданылады. Мысалы, метилбензолды толуол, диметилбензолды ксилол, изопропилбензолды кумол, винилбензолды стирол деп атайды. Егер бензол молекуласының екі сутек атомы радикалдарға алмасқан болса, онда бензолдың орто-, мета-, пара- туындылары түзіледі. Оларды атағанда, қысқаша бірінші әрпімен белгілейді: орто — о, мета — м, пара — п, мысалы, о-ксилол, м-ксилол, п-ксилол.
Бензолды ацетиленді тримерлеп және гексан мен циклолгександы дегидрлеп алады, ал оның гомологтарын бензолға галогеналкандарды өршіткі қатысында әрекеттестіріп алады.
1. қосылысының атауы
A) кумол
B) фенол
C) толуол
D) стирол
2. Ксилолдың изомерлер саны
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
3. Алюминий карбиді ацетилен этилбензол тізбегіндегі және заттары
A) метан, бензол
B) метан, гексен
C) метан, толуол
D) көміртек, бензол
4. Ацетиленді тримерлегенде 390 г бензол алынды. Өнімнің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы 80% болса, реакцияға түскен ацетиленнің көлемі
A) 140 л
B) 224 л
C) 420 л
D) 672 л
4. Құрамында 25% қоспасы бар 500 г кальций карбидінен алынған ацетиленді тримерлегенде түзілген өнімді толық жаққанда бөлінген көмірқышқыл газын кальций гидроксиді ерітіндісі арқылы өткізді. Түзілген тұнбаның массасы
A) 1078 г
B) 1023 г
C) 1172 г
D) 1189 г
Достарыңызбен бөлісу: |