11. Зертханаға қақырықты жинауға және тасымалдауға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
115. Қақырық жинауды пациенттерге қызмет көрсетумен және оларды емдеумен айналысатын барлық медициналық ұйымдар жүргізеді. Егер осы ұйымда ТМБ-ны анықтауға бактериологиялық зерттеу жүргізілмесе, жиналған қақырықты базалық бактериологиялық зертханаға жеткізеді.
116. Зертханаға жіберуге арналған қақырықты (бірінші күні – бір сынама, екінші күні – екі сынама) көлемі 50,0 миллилитр (бұдан әрі – мл), диаметрі 35 мм ұзын мойынды, көлемін және жиналған материалдың сапасын бақылауға болатын тұнық әйнектей, герметикалық бұралатын қақпағы бар арнайы шыны контейнерлерге немесе бір рет пайдаланылатын контейнерлерге жинайды. Таңбалауды пациенттің тегін, атын және әкесінің атын және үлгінің нөмірін көрсете отырып, тек контейнердің бүйір бетінде жүргізеді. ТБ-05 нысанын қақырықтың (диагностикалау мақсатында) үш немесе (химия терапияны бақылау мақсатында) екі үлгісін толтырады.
117. Қақырығы бар контейнерлерді зертханаға тасымалдау үшін таңбаланған металл бикске орнатады. Қақырық бір тәулік ішінде зертханаға жеткізіледі, қақырықты медициналық ұйымда жеті күнге дейін тоңазытқышта сақтауға жол беріледі.
118. Қақырық салынған контейнерлер сенімді қапталуы тиіс. Бикстарды (жәшіктерді) тасымалдаған кезде күн сәулесі түсуінен қорғалған салқын жерде сақтайды.
119. Қақырықты тасымалдауды медициналық қызметкердің еріп жүруімен медициналық көлікте жүзеге асырады. Зертханалық зерттеуге жіберілген бланктар материалы бар контейнерден бөлек тұруы керек. Бикске пациент және сынама туралы мәлімет беретін ілеспе хат қоса ұсынылады. Қораптағы контейнерлер саны тізімдегі фамилия санына сәйкес келу керек. Сәйкестендіру нөмірі тізімнің сәйкестендіру нөміріне сәйкес келуі тиіс.
121. Зертханаға қақырықтың үлгісін қабылдау кезінде:
жеткізілген бикстің ағу белгілерің бар-жоғын тексереді;
бикстің сыртқы бетін дезинфекциялайды;
жарық немесе зақымдануы бар контейнерлерді абайлап ашады және тексереді 4
бикстің ішкі бетін дезинфекциялайды.
123. Зақымданған контейнерлерде қақырықтың жеткіліксіз мөлшері болған жағдайда (3-5 мл) және тасымалдау қағидалары бұзылғанда үлгілер зерттеу үшін алынбайды.
124. Қақырық жинау кабинетіндегі тікелей қақырық жинау үшін пайдаланылатын үй-жайдың бір бөлігі жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан орындалған қалқамен барлық биіктігіне бөлінеді. Қақырық жинау бөлмесі бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен, ингалятормен, антисептикалық сабынмен және антисептик ерітіндісімен дозаторы бар қол жууға арналған раковинамен, дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылықтармен, таза контейнерлер мен қақырығы бар контейнерлерге арналған сыйымдылықтармен жарақталады, ауа алмасу жиілігі сағатына кемінде 6-12 көлем болатын жергілікті желдету жүйесімен жабдықталады.
125. Бактериоскопиялық зертханаларда үш секция болуы тиіс: біріншісі – мынадай: биологиялық ішке сору шкафында жұғындыларды дайындауға және бояуға арналған екі бөлікке бөлінген үстелі бар жұғындыларды дайындауға және бояуға арналған; екіншісі – микроскопияға арналған; үшіншісі – препараттарды тіркеуге және сақтауға арналған.
12. Халықты туберкулезге қарсы жоспарлы
иммундауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
126. Балаларға профилактикалық егулерді ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен жүргізеді.
127. Егу жүргізуден бас тартуды медициналық құжаттамаға жазып ресімдейді және ата-анасының біреуі немесе басқа заңды өкілдері, сонымен қатар медицина қызметкері қол қояды.
128. Балаларға қызмет көрсететін медициналық ұйымның басшылары профилактикалық егулерді жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргізуді, қамту толықтығын, нақтылығын есепке ала отырып қамтамасыз етеді, сондай-ақ олар туралы есептерді тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына уақтылы беруді қамтамасыз етеді. Әдістемелік басшылықты ТҚҰ-ның мамандары жүзеге асырады.
129. Туберкулезге қарсы профилактикалық егудің жиынтық жоспары және медициналық ұйымдарға иммундық-биологиялық препараттардың қажеттілігі тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келіседі.
130. Профилактикалық егудің жоспарын ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан тұрғылықты жері бойынша перзентхана (бөлімше) және медициналық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының егу жұмысын жүргізуге жауапты медицина қызметкерлері құрайды.
131. Балаларды есепке алуды, егу картотекасын ұйымдастыру және жүргізуді, профилактикалық егу жоспарын қалыптастыруды нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес балаларға қызмет көрсететін медициналық ұйымдар жүзеге асырады.
132. Балаларды есепке алуды жылына екі рет жүргізеді (маусым, желтоқсан). Санаққа мекенжайы бойынша тұратын және тіркелген, іс жүзінде осы мекенжайы бойынша тұратын, бірақ тіркелмеген 15 жасқа (14 жас 11 ай, 29 күндік) дейінгі балаларды қосады. Өткізілген санақтың негізінде педиатрлық учаске (үй бойынша санақ) және туылған жылы бойынша балалар тұрғынын есепке алу журналын ресімдейді. Санақ арасында балалар тұрғынын есепке алуды жаңа туылған нәресте, жаңадан келген балалар және бұрынғыларын есептен алып тастау туралы мәліметтерді енгізу жолымен түзетеді. Бір жылға дейін уақытша кету есептен алып тастауға негіз болып табылмайды.
133. Ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, білім беру ұйымдарына, балалар үйіне, интернаттарға баратын балаларды есепке алуды жылына 1 рет жүргізеді. Жоғарыда көрсетілген ұйымдарға баратын балалар туралы мәліметті ұйымның орналасқан орны бойынша БМСК ұйымына береді.
134. Туберкулезге қарсы иммундауды жүргізу үшін басқа иммундау түрлері, сондай-ақ туберкулиндиагностика жүргізілмейтін аптаның арнайы күнін белгілейді.
135. Туберкулезге қарсы ревакцинацияны дәрігердің (фельдшердің) медициналық тексеруінен кейін Манту сынамасының теріс нәтижесі бар декреттелген жастағы (6-7 жас) балаларға қатаң жүргізеді.
136. Медицина ұйымдарында егу жүргізу үшін "Профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес қажетті жабдықтармен жабдықталған арнайы егу кабинеттерін бөледі.
137. Білім беру ұйымдарына, мектеп-интернаттарға, колледждерге, лицейлерге баратын, балалар үйіндегі, сәбилер үйіндегі балаларға егулерді осы ұйымдардағы арнайы жабдықталған егу кабинетінде жүргізеді.
138. Иммундауды және туберкулиндиагностиканы жүзеге асыратын медицина қызметкерлері, жіті респираторлық аурулармен, ангинамен ауыратын, қолында жарақаты бар, терісі және шырышты қабаты іріңдік зақымданған науқастар олардың таратылмауына қарамастан, туберкулезге қарсы егу жүргізуден шеттетіледі.
139. БЦЖ-вакцинасын және туберкулинді сақтау, тасымалдау және пайдалануды медициналық иммундық-биологиялық препараттарды тасымалдау және сақтау жағдайында қойылатын нұсқаулықтар мен талаптарға сәйкес жүзеге асырады.
140. Туберкулезге қарсы вакцинаны, Манту сынамасын қоюды бір рет қолданылатын өздігінен бұзылатын (өздігінен блокталатын) шприцтермен жүргізеді.
141. Перзентханада жаңа туған нәрестелерге вакцинацияны нәрестенің анасының қасында болуымен және жазбаша келісімімен вакцинацияланбаудың салдары және мүмкін болатын реакциялар мен асқынулар туралы түсіндіру жұмыстарынан соң туылғаннан кейінгі алғашқы төрт күн ішінде егу кабинетінде жүргізіледі.
142. Вакцинациялауға жаңа туған нәрестенің тарихында егуге рұқсатты ресімдей отырып, дәрігер-педиатрдың тексеруінен кейін нәрестелерге жол беріледі. Жаңа туған нәрестелерді вакцинациялауды егу жүргізуге рұқсаты бар егу кабинетінің мейірбикесі жүргізеді. Егер денсаулық жағдайына байланысты анасы екпе кабинетінің ішінде бола алмаса, онда оның жазбаша келісімімен медицина қызметкері ішінде болады. Перзентханадан шығарылар кезде анасына перзентханада алған егулер туралы жазбасы бар баланың Егу паспорты беріледі.
143. Перзентханада БЦЖ вакцинациясы жүргізілмеген балалар БМСК ұйымдарында вакцинацияланады, бұл ретте екі айлыққа жеткенге дейін вакцинацияны алдын ала туберкулиндиагностикасыз, екі айдан кейін Манту сынамасының теріс нәтижесі кезінде жүргізеді.
144. Бактерия бөлумен ауыратын науқастармен байланыс жағдайында перзентханадан келіп түскен вакцинацияланған балаларды жаңадан туған нәрестелерді күтетін бөлімшеде немесе сәбилер үйінде (туберкулез ауруымен ауыратын науқасты оқшаулау мүмкіншілігі жағдайында) кемінде екі ай мерзіммен оқшаулайды.
145. Егер анасы туберкулездің активті формасымен ауыратын болса, онда баланы химиялық профилактика алу үшін анасынан үш айға оқшаулайды, содан соң Манту сынамасының нәтижесі теріс болғанда БЦЖ вакцинасын егеді және иммунитет пайда болуы кезеңіне тағы 2 айға анасынан оқшаулайды.
146. БЦЖ-мен ревакцинациялауға:
1) 6-7 жастағы (1-сынып) Манту сынамасының теріс нәтижесі бар, жұқтырылмаған сау балалар;
2) Мантудың теріс қайталама сынамасынан кейін үш айдан соң Манту сынамасының күмәнді реакциясы бар адамдар жатады;
3) Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясының арасындағы аралық кемінде үш күн және екі аптадан аспауы тиіс. Медициналық қалдықтар болған жағдайда ревакцинациялау қарсы көрсеткіш алып тасталғаннан кейін жүргізіледі.
147. Ревакцинацияны оқу жылының алғашқы айында (қыркүйек) 6-7 жас (1-сынып) оқушылары арасында барлық республика бойынша бір уақытта мектептерде ұйымдастырылған балалардың дәрігер-фтизиатрымен бірге БМСК ұйымының медицина қызметкері жүргізеді. Осы айда мектепте басқа екпелерді жүргізуге жол берілмейді. Пайдаланылмаған БЦЖ вакциналарының қалдықтары жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымына тапсырылады. БЦЖ вакцинасын тұрақты сақтау тек перзентханада (босандыру бөлімшелерінде) қапсырмамен жабылатын биксте сақтауға рұқсат етіледі және тоңазытқышта сақталады.
148. БЦЖ ревакцинациялауға қарсы көрсетім:
1) ТМБ-ны жұқтыру немесе бұрын туберкулездің болуы;
2) оң және күмәнді Манту сынамасы;
3) БЦЖ вакцинациясы кезіндегі жанама реакциялар;
4) алғашқы туысқандық дәрежеде адамдарда анықталған БЦЖ-ның генерализацияланған инфекциясы;
5) АИТВ-инфекциясы;
6) иммун тапшылығы жағдайы, қатерлі ісіктер;
7) орталық нерв жүйесінің зақымдануы – неврологиялық симптомды (ауырлығы орта және ауыр дәрежелі) туа біткен жарақат;
8) субфебрильді температурамен және жалпы жағдайдың бұзылуымен қоса жүретін ауырлығы орта және ауыр ауруларда;
9) жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, жіті созылмалы, оның ішінде аллергиялық асқынулар. Ревакцинацияны сауыққаннан немесе ремиссия кезеңі басталғаннан кейін екі айдан соң жүргізеді;
10) туберкулезге қарсы вакцинациядан уақытша босатылған адамдарды есепке алады және толық сауыққаннан немесе қарсы көрсетімі жойылғаннан кейін егеді.
149. БЦЖ вакцинасы бар ампулаларды ашу алдында мұқият көріп алады.
Мына жағдайларда препарат пайдаланылмауы тиіс:
1) ампулада заттаңба болмағанда немесе ол дұрыс толтырылмағанда;
2) вакцинаның жарамдылық мерзімі аяқталғанда;
3) ампулада сызат және жырық болғанда;
4) препараттың физикалық қасиеті өзгергенде (түсін, пішінін және басқасын өзгерту);
5) вакцинаға нұсқаулықта көрсетілген мерзімде араласқан препаратта бөгде қоспалар немесе бөлінбеген қауыздар болғанда.
150. Туберкулезге қарсы вакцина еріткішімен араластырылғаннан кейін вакциналардың қалдықтарын кейіннен жоя отырып, тез арада немесе егер бұл нұсқаулықта рұқсат берілетін болса, алты сағат ішінде пайдаланылады.
151. БЦЖ вакцинасы қатаң түрде нұсқаулықта көрсетілген көлемде сол иықтың үстіңгі және үшінші артқы бетінің ортаңғы шегіне теріішілік егіледі. БЦЖ-ны егу организмнің барлық жағына жалпы жауапты реакцияның дамуымен бірге жүреді.
БЦЖ вакцинасын енгізуге реакция мынаны көрсетеді:
1) БЦЖ-ны еккеннен кейін артынша 15-20 минуттан кейін сорылатын папула пайда болады;
2) жергілікті вакцинадан кейінгі егу реакциясының дамуы вакцинацияланған адамдарда тек 4-6 аптадан соң басталады, ал ревакцинацияланған адамдарда – бір аптадан соң басталуы мүмкін. Осы кезде вакцина енгізу орнында диаметрі 5-9 мм көлемінде гипермия және инфильтрат (папула) пайда болады. Кейінгі инфильтрат сулы бөртпеге, іріңді бөртпеге ауысады, содан кейін өздігінен түсіп қалатын және тыртықтың қалыптасуы басталатын қабыршақ пайда болады. Реакцияның сипаттамасы нормалы болып табылады және ешқандай дәрілік заттармен өңдеуді талап етпейді.
3) БЦЖ вакцинациясының және ревакцинациясының соңғы нәтижесі тыртықтың көлемі бойынша егуден кейін 1 жылдан соң бағаланады. Егу техникасының және вакцинаны сақтау дұрыстығы кезінде енгізу орнына 95-97 процент жағдайда тыртық қалыптасады. Диаметрі 5-8 мм тыртық ең оңтайлы болып есептеледі. Бірқатар жағдайларда БЦЖ вакцинасын енгізген орында апигментті дақ (2-3%) пайда болады;
Балалардың жергілікті егу реакциясы болмаған жағдайда (тыртықтың болмауы) ескереді және алты айдан кейін Мантудың алдын ала сынамасынсыз (тек бір рет) (вакцианцияға дейін) қайта егеді, Мантудың теріс нәтижесі кезінде бір жылдан кейін егеді.
Қалыпты реакция сияқты бағаланатын 15-20 мм дейін аймақтық лимфа түйіндерінің көбеюі түрінде организмнің жалпы реакциясы көрінуі мүмкін, ал түйін жағынан 20 мм көбі өзіндік емделуге жатады. Лимфадениттердің теріс дамуы 6-9 айдың ішінде бақыланады;
152. Перзентханада нәрестенің болуы кезеңінде дәрігер (мейірбике) анасына теріішілік вакцинадан кейін 4-6 аптадан соң нәрестеде жергілікті егу реакциясының дамуы мүмкіндігін және пайда болған жағдайда нәрестені учаскелік дәрігер-педиатрға қарату қажет екенін хабарлайды.
Вакцинацияланған (ревакцинацияланған) балаларға бақылауды БМСК дәрігер-педиатрлары жүргізеді. Сол себепті бір, үш, алты, он екі айдан соң мерзімдік медициналық құжаттаманың (063у, 026у, 112у) есепке алу нысанындағы оның сипаттамасын және көлемін тіркеумен жергілікті екпе егетін реакцияны тексеріп отырады, вакцинацияға және аймақтық лимфаденитті уақтылы анықтауға организмнің жалпы реакциясын анықтау мақсатында шет лимфа түйіндерінің реакциясына бақылау жүргізеді.
153. Сирек кездесетін жағдайларда, БЦЖ вакцинасын енгізуге мынадай форма түрінде жанама жергілікті реакциялар бақыланады:
1) аймақтық лимфаденит;
2) тері астындағы салқын абсцесс;
3) үстіңгі жара;
4) тыртық түйін;
5) сүйек жүйесінің зақымдануы (сүйек қабынуы).
154. Вакцинацияға жанама реакцияны кешенді клиникалық-рентгендік-зертханалық тексеру нәтижесінде фтизиатр белгілейді. Реакцияны белгілегеннен кейін БЦЖ вакцинасын енгізуге анықталған жанама реакциялар туралы медициналық ұйым басшыларына хабарлайды және тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына хабарлама жібереді.
155. Реакцияның сипаттамасы туралы мәлімет 063/у, 026/у, 112/уесепке алу нысандарында белгіленеді. Реакциясы бар барлық балаларға бақылау картасы толтырылады.
156. Жанама реакциясы бар балаларды 1 жылдың ішінде диспансерлік есептің III тобында бақылайды.
157. Баланы есепке алу және есептен шығару кезінде мыналар жүргізіледі: қанның және зәрдің жалпы талдауы, кеуде қуысы органдарының рентгенографиясы, (есептен шығарған кезде) қосымша Манту сынамасы.
158. Туберкулезге және туберкулиндиагностикаға (вакцинациялау және БЦЖ қайталап егу) қарсы профилактикалық егуді препараттармен бірге ұсынылған нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді.
159. АИТВ-инфекциясының және басқа да қарсы көрсетімнің клиникалық белгісі жоқ болған жағдайда, АИТВ-жұқтырған анадан туған нәрестелерге күнтізбелік мерзімде бір рет теріішілік БЦЖ вакцинасының стандартты дозасын салады.
160. Күнтізбелік мерзімде егу егілмеген АИТВ-жұқтырған анадан туған нәрестелерге алдын ала Манту сынамасынсыз өмірінің төрт аптасы ішінде (жаңадан туылу кезеңінде) егеді. Өмірінің төртінші аптасы біткеннен кейін БЦЖ-ның генерализацияланған жұқпаның даму мүмкіндігі салдарынан балаларға БЦЖ вакцинасын енгізуге рұқсат етілмейді. Нәрестеге он екі айлық, кейбір жағдайларда он бес-он сегіз айлық жасқа жеткенге дейін вакцинациядан кейінгі жетілмеген белгісі бар (тыртығы) балаларға қайталама БЦЖ вакцинациясы жүргізілмейді. АИТВ-жұқпасын шығарған жағдайда он екі айлық, кейбір жағдайларда он бес-он сегіз айлық жасқа БЦЖ екпесі Манту сынамасының теріс нәтижесі кезінде жүргізіледі.
161. АИТВ-жұқтырған балалар мен жасөспірімдерді ревакцинациялау үдемелі иммунитет тапшылығының аясында БЦЖ генерализацияланған инфекцияның даму қауіпсіздігі салдарынан БЦЖ жүргізілмейді.
162. Егер нәресте АИТВ-жұқтырған анадан туылған болса, бірақ нәрестенің өзі АИТВ-жұқтырылған болып есептелмейді, онда БЦЖ-мен ревакцинациялау алдын ала қойылған Манту сынамасының теріс нәтижесінен кейін алты жас (1-сынып) күнтізбелік мерзімде жүргізіледі.
163. Орындалған егу, туберкулин сынамасы туралы мәліметтер (салу күні, препат атауы, серия нөмірі, дозасы, бақылау нөмірі, жарамдылық мерзімі, салу реакциясының сипаты) егу немесе туберкулин сынамасын жүргізу орны бойынша, сондай-ақ иммунизацияланған адамды (тіркеу орны бойынша медициналық ұйым) медициналық бақылау орны бойынша медициналық құжаттаманың белгіленген есепке алу нысанына енгізіледі.
164. Туберкулезге қарсы егуді және Манту сынамасын тіркеу үшін медициналық құжаттаманың есепке алу нысанына мыналар жатады:
1) профилактикалық егулер картасы, баланың даму тарихы;
2) баланың медициналық картасы;
3) профилактикалық егулер сертификаты.
165. Медициналық ұйымдарда профилактикалық егулерді есепке алу нысаны қызмет көрсету ауданында тұратын он төрт (он төрт жас он бір ай жиырма тоғыз күн) жасқа дейінгі барлық балаларға, сондай-ақ БМСК ұйымдарына қызмет көрсету ауданында орналасқан білім беру ұйымдарына баратын барлық балаларға енгізіледі.
166. Медициналық ұйымдар мен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында туберкулезге қарсы егу жергілікті, жалпы реакциясын және вакцинадан кейінгі асқынуларды есептеу белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Медициналық ұйымда иммунизацияны жүзеге асыратын вакцинадан кейінгі асқынуды тіркеу фактісі бойынша туберкулезге қарсы қызмет және тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы мамандарының қатысуымен эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі.
13. Туберкулез жағдайларын тіркеу және есепке алуға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
167. Әрбір алғаш анықталған туберкулез жағдайы тіркелуге және есепке алынуға жатады.
168. Есепке алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да адамдар оларда туберкулездің активті нысаны алғаш анықталған кезде жатқызылады.
169. Туберкулезбен ауыратын науқасты есепке алу және тіркеу науқастың тұрақты мекенжайына қарамастан ауру анықталған орны бойынша жүргізіледі.
170. Өмірінде алғаш рет таратпаудың барлық түрінің активті туберкулез диагнозы қойылған әр науқасқа хабарлама - № 089/у нысаны толтырылады, олар үш күн мерзімде тиісті аумақтағы туберкулезге қарсы ұйымға және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына жіберіледі. Өліміне себеп болған активті туберкулез диагнозын өлгеннен кейін қойған жағдайда дәрігер-фтизиатрдың диагнозымен расталуы және № 089/у нысаны берілуі қажет.
171. Бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқас анықталған кезде № 089/у нысандағы хабарламадан басқа, № 058/у нысандағы хабарлама толтырылады, ол жиырма төрт сағат ішінде науқастың мекенжайы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына жіберіледі. № 058/у нысандағы хабарламаны бактерия бөлетін туберкулездың жағдайын алғаш диагностикалағанда ғана емес, сонымен қатар туберкулездің белсенді емес түрімен ауыратын науқастарда бактерия бөлу пайда болғанда, сондай-ақ өмірінде есепте тұрмаған науқастың туберкулезден қайтыс болған жағдайында толтырылады.
172. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштерді есептеу (сырқаттанушылық, ауырсыну, өлім-жітім) тұрақты, көші-қон (ішкі және сыртқы) және түрме тұрғындарын есепке ала отырып, тұрғындардың көрсетілген санаттары бойынша бөлек талдаумен жүргізіледі.
173. Есепке алуға және тіркеуге туберкулезбен ауыратын науқастардың барлық жағдайы жатады.
174. Науқаста алғашқы рет ауру анықталған кезде туберкулез диагнозының дұрыстығын бақылауды және осы жердегі туберкулез ауруының жаңа жағдайын есепке алу және тіркеу қажеттілігі туралы соңғы шешімді дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде қабылдауды туберкулезге қарсы ұйымдар жүзеге асырады.
14. Туберкулездің ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
175. Туберкулездің ошақтарын сыныптау бактерия бөлу қарқындылығын есепке ала отырып жүргізіледі.
176. Бактерия бөлу қарқындылығы:
1) қышқылға төзімді бактериялардың (бұдан әрі – ҚТБ) нақты санынан 1+ -ке дейін біркелкі бактерия бөлу;
2) көлемді бактерия бөлу (2+ -тен 3+-ке дейін) болып бөлінеді.
177. Туберкулез ошақтарының бірінші эпидемиологиялық тобына мыналар жатады:
1) көлемді бактерия бөлетін науқастар тұратын ошақтар;
2) балалар мен жасөспірімдерде, жүкті әйелдерде, маскүнемдерде, нашақорларда көлемді бактерия бөлетін науқастар тұратын ошақтар;
3) төмен деңгейде тұратын, санитариялық-гигиеналық жағдайлары қанағаттанғысыз ошақтар.
178. Екінші топқа осы Санитариялық қағидаларға 175-тармақта санамаланған факторлар ошақта болмаған жағдайда, көлемді бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастар тұратын туберкулез ошақтары жатады.
179. Үшінші топқа мыналар жатады:
1) туберкулезбен ауыратын науқастардың бактерия бөлуді, жол жүруді, тұрақты мекенжайын ауыстыруды тоқтатқан сәттен бастап немесе бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастың қайтыс болған сәтінен бастап туберкулездың ошақтары;
2) ауыл шаруашылығы малдарының туберкулез ауруы анықталған туберкулез ошақтары.
Туберкулез ошақтарының үшінші тобының байланыста болған адамдары бір жыл бойы бақылауда болады.
180. Туберкулез инфекциясының ошағындағы эпидемияға қарсы іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) туберкулезбен ауыратын науқасты туберкулезге қарсы препараттармен емдеу және стационарлық жағдайда инфекциялық бақылау ережелерін сақтай отырып, оқшаулау. Амбулаториялық жағдайларда емдеуге эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтау жағдайлары болған және тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісілген кезде жол беріледі;
2) науқас анықталған күннен екі апта мерзімде байланыста болған адамдарды алғашқы тексеру (клиникалық - рентгенологиялық, Манту сынамасын қою, көрсеткіш бойынша сүртінді микроскопиясы);
3) байланыста болған адамдарға (балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге) көрсеткіштер бойынша химиялық-профилактика жүргізу;
4) дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізу;
5) науқастар мен олардың отбасы мүшелерін эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимдерді сақтау шараларына, жұқтырудың алдын алуға бағытталған қорғаныш қағидаларына, ағымдық дезинфекция жүргізу қағидаларына санитариялық оқыту.
181. Ошақ науқас емдеуден «Емдеу аяқталды», «Айықтырылды», «Қайтыс болды» деп шығарылған кезде және науқас ошақтан шығарылған кезде эпидемиологиялық есептен алып тасталады.
182. Байланыста болған адамдар эпидемиологиялық есептен ошақтан алып тасталғаннан кейін жыл бойы бақылауда болады.
183. Туберкулездің ошақтарында ошақтың эпидемиологиялық тобына сәйкес эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Ошақтарға ТҚҰ-ның және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының мамандары бірлесіп:
1) бірінші эпидемиологиялық топта тоқсанына кемінде бір рет;
2) екінші эпидемиологиялық топта жарты жылда кемінде бір рет;
3) үшінші эпидемиологиялық топта жылына кемінде бір рет барады.
184. Ошақта оның қауіптілігін азайтатын немесе арттыратын жағдайлар өзгерген кезде туберкулез ошағын бірінші эпидемиологиялық топтан екіншісіне ауыстыруды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының мамандары учаскелік фтизиатрмен бірлесіп жүзеге асырады.
185. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының мамандары ТҚҰ-да есепте тұрған бактерия бөлетін науқастардың нақты санымен бактерия бөлетін науқастардың санын ай сайын салыстырып тексереді.
186. Туберкулез ошақтарына әр барған нәтижелері эпидемиологиялық тексеру картасына түсіріледі.
187. Ошақтағы эпидемияға қарсы іс-шаралар алғашқы, ағымдық және қорытынды болып бөлінеді.
188. Алғашқы іс-шаралар туберкулезбен ауыратын науқасты оқшаулауды және оны даярланған қызметкердің тікелей бақылауымен емдеуді, ағымдағы дезинфекция жүргізуді және бақылауды, байланыста болған адамдарды анықтауды және оларды ТҚҰ-ға есепке қоя отырып, тексеруді қамтиды.
189. Алғашқы үш күн ішінде науқасты есепке алғаннан кейін бактерия бөлуші ретінде, эпидемиологиялық тексеру картасын толтырған кезде ошаққа алғашқы эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.
190. Ошақты алғашқы тексерген кезде науқастың және оның отбасы мүшелерінің паспорт деректерін, науқастың жұмыс орны мен сипатын, оларды есепке қою үшін байланыста болған адамдардың тізімін нақтылайды. Егер бактерия бөлетін адам соңғы 4 айда басқа жерде тұрған болса, байланыста болған адамдардың тізімі сол мекенжайдағы адамдарды есепке ала отырып нақтыланады.
191. Халықтың декреттелген топтарының арасында туберкулездің активті түрімен ауыратын науқастардың тіркелуінің әрбір жағдайында дәрігер-эпидемиолог осы ұйымның фтизиаторымен және медицина қызметкерімен және оның басшысымен бірлесіп акті жасай отырып, науқастың жұмыс (оқу) орны бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізеді. Қажет болғанда мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының басқа да мамандары тартылады.
192. БМСК және ТҚҰ желісінің медицина қызметкерлері науқасты және отбасы мүшелерін жұқтырудың алдын алуға бағытталған сақтау шараларына оқытады.
193. Ошақты тексергеннен кейін оның сауықтыру жоспарын құрады, ол:
1) науқасты уақтылы оқшаулауды және бақылап емдеуді;
2) көрсеткіштер бойынша балалар мен жасөспірімдерге химиялық-профилактика жүргізуді;
3) санитариялық-гигиеналық тұру жағдайын жақсартуды;
4) байланыста болған адамдарды тексеруді;
5) науқастар мен байланыста болған ересектерді эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимді сақтау қағидасына, алдымен бөлмелерді желдету, ағымдық дезинфекциялау жүргізуге оқытуды;
6) бактерия бөлетін адамды және оның отбасы мүшелерін әлеуметтік, психологиялық және ақпараттық қолдауды;
7) қанағаттанғысыз санитариялық-гигиеналық жағдайдағы ошақтар және ошақты сауықтыру үшін қажет етілетін әлеуметтік және материалдық көмек көрсету қажеттілігі туралы жергілікті атқарушы билік органдарына хабарлауды қамтиды.
194. Науқасқа "Туберкулезге қарсы ұйым контингентінің диспансерлік картасы" деген медициналық карта толтырады.
195. Туберкулезге қарсы ұйымы немесе кабинеттері жоқ селолық жерлерде ошақта БМСК медицина қызметкерлері жұмыс жүргізеді.
196. БМСК желісінде ұйымдастыру-консультативтік жұмысты облыстық және аудандық туберкулезге қарсы ұйымдардың мамандары тоқсан сайын жүргізеді.
197. Ошақта ағымдық іс-шаралар туберкулезбен ауыратын науқас үйде болғанда жүргізіледі. Бұл іс-шаралар санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), емдік, ветеринариялық (келісім бойынша) іс-шараларды жүйелі жоспарлы жүргізуді қамтиды.
198. Ошақта мыналар жүргізіледі:
1) ағымдағы дезинфекция; балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді және АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарды оқшаулау;
2) байланыста болғандарды тексеру;
3) науқасты және оның отбасы мүшелерін гигиеналық тәрбиелеу;
4) санитариялық-гигиеналық тұру жағдайын жақсарту;
5) науқасты амбулаториялық емдеуді және байланыста болған адамдарға химиялық профилактика жүргізу сапасын бақылау.
199. Ошақтағы сауықтыру жұмысын ТҚҰ-ның мейірбикесі учаскелік дәрігер фтизиатрдың жетекшілігімен жүргізеді.
200. Байланыста болған адамдар туберкулезге қарсы ұйымдарда мерзімдік тексеруден өтеді. Мейірбике отбасылық және басқа байланыста болған адамдарға және алдымен балаларға, жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге, сондай-ақ туберкулезбен ауырған ауыл шаруашылығы малдарымен байланыста болған адамдарға тексеру жұмыстарын жүргізеді.
201. Туберкулез инфекциясы ошағында эпидемияға қарсы қорытынды іс-шаралар ошақты эпидемиологиялық есептен алып тастауды көздейді.
202. Ошақтарға барған кезде медицина қызметкерлері жұқтыру мүмкіндігіне қарсы сақтандыру шараларын сақтайды (бара-бар сүзгісі бар тығыз жанасатын респиратор, медициналық халат киеді және жеке гигиенаны сақтайды).
203. Науқас туралы хабар алғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей, фтизиатр мен эпидемиолог мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының мамандарын тарта отырып, жұмыс (оқу) орнына эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.
204. Байланыста болған адамдардың ортасын және ошақ шекарасын дәрігер-эпидемиолог айқындайды.
205. Жұмыс (оқу) орны бойынша байланыста болған адамдарға бактерия бөлетін адаммен байланыста болған жұмысшылар, қызметшілер және оқушылар жатады. Барлық байланыста болған адамдарды жұмыс (оқу) орнының орналасуы бойынша МСАК ұйымдарында тексереді.
206. Тексеру кезінде жұмыс істеушілердің, балалардың және жасөспірімдер құрамының тізімі, алдыңғы және ағымдағы жылдардағы флюорографиялық тексерілу күні нәтижелері нақтыланады, ошақ шегі анықталады және эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жоспары әзірленеді.
207. Флюорографиялық тексерілудің алдыңғы тексеру сәтінен бастап 6 ай өткен байланыста болған адамдарды флюорографиялық тексеру және балаларға туберкулин сынамасын қою міндетті түрде эпидкөрсеткіш бойынша жүргізілуі тиіс. Фтизиатр эпидкөрсеткіштер бойынша химиялық-профилактикалық емдеу тағайындауы тиіс, бақылау емдеуі үшін ем-шара парағы және препараттар кәсіпорынның немесе ұйымның медициналық пунктіне ТҚҰ-на берілуі тиіс. Химиялық профилактиканы ұйымдардың, медициналық ұйымдар мен білім беру ұйымдарының медициналық пункттерінің медицина қызметкерлері жүзеге асырады.
209. Балалар ұйымдарында эпидемиологиялық тексеру осы ұйымның медициналық қызметкері мен оның басшысының қатысуымен дәрігер-эпидемиолог және фтизиатр туберкулездің активті формасымен ауыратын науқастардың тіркелген әрбір жағдайына жүргізіледі.
210. Тексеру кезінде жұмыскерлердің, балалар мен жасөспірімдердің тізім құрамын, туберкулинодиагностиканы және өткен және ағымдағы жылдың флюорографиялық тексеру күні мен нәтижелерін нақтылайды, ошақ шекарасын айқындайды және эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
211. Барлық байланыста болған адамдар туралы мәліметтерді дәрігер-эпидемиолог тексеру үшін тұрғылықты жері бойынша МСАК ұйымына және ТҚҰ-ға береді.
212. Соматикалық, инфекциялық және психоневрологиялық стационарларда емде жатқан науқаста туберкулездің активті формасының диагнозы қойылғанда, эпидемияға қарсы іс-шаралардың алғашқы кешенін осы ұйымның персоналы жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |