6. Сальмонеллездің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға
қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
22. Халықтың мына санаты сальмонеллезге міндетті бактериологиялық тексерілуге жатады:
1) стационарға келіп түсетін екі жасқа дейінгі балалар;
2) стационарға емдеуге жатқызылған науқас баланы күтетін ересектер;
3) емдеуге жатқызылған кезде немесе емдеуге жатқызғанға дейін оның алдында үш апта бойына ішек функциясының бұзылуы болған босанатын әйелдер, босанған әйелдер;
4) диагнозына қарамастан, стационарда болу кезінде ішек функциясының бұзылуы пайда болған барлық науқастар;
5) сальмонеллездің ошағында инфекцияның көзі болып есептелетін декреттелген контингенттің ішінен тексерілуі қажет адамдар.
23. Декреттелген контингентке жататын адамдар немесе екі жасқа дейінгі балалар науқастанған жағдайда, сальмонеллез ошақтарына міндетті түрде эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі.
24. Сальмонеллезбен ауыратын науқастарды емге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
25. Реконвалесценттерді ауруханадан шығару клиникалық толық емделгеннен және нәжістің бір реттік теріс бактериологиялық зерттеуінен кейін жүргізіледі. Зерттеуді емдеу аяқталғаннан кейін үш күннен ерте жүргізбейді.
26. Диспансерлік бақылауға ауырып жазылғаннан кейін тек декреттелген контингент қана алынады.
27. Сальмонеллезбен ауырып жазылған адамдарды диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша инфекциялық аурулар кабинетінің дәрігері немесе учаскелік (отбасылық) дәрігер жүзеге асырады.
Декреттелген контингенттің ішінен адамдарға мамандығы бойынша жұмысқа рұқсат етуді сауыққаны туралы анықтаманы ұсынған сәттен бастап жұмыс беруші жүргізеді.
28. Декреттелген контингенттің ішінен реконвалесценттерге мамандығы бойынша жұмысқа рұқсат етуді сауыққаны туралы анықтаманы ұсынған сәттен бастап жұмыс беруші жүргізеді.
Емдеу аяқталғаннан кейін сальмонелла бөлуді жалғастыратын реконвалесценттерді, сондай-ақ декреттелген контингенттердің ішінен анықталған бактерия тасымалдаушыларды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары негізгі жұмысынан күнтізбелік он бес күнге шеттетеді. Жұмыс беруші оларды эпидемиологиялық қауіп туғызбайтын басқа жұмысқа ауыстырады.
Осы кезеңде нәжісті үш рет тексеру жүргізіледі. Оң нәтиже қайталанған жағдайда, жұмыстан шеттетудің және тексерудің осы тәртібі тағы да он бес күн ішінде қайталанады.
Бактерия тасымалдаушылық үш айдан астам уақыт бойы анықталса, бұл адамдар сальмонелланың созылмалы бактерия тасымалдаушысы ретінде мамандығы бойынша жұмысынан кемінде он екі ай мерзімге шеттетіледі.
Осы мерзім аяқталған соң, нәжіс пен өтке арасы бір-екі күннен үш реттік тексеру жүргізіледі. Теріс нәтижелер алынған кезде бұл адамдар негізгі жұмысына жіберіледі. Бір рет оң нәтиже алынған кезде бұл адамдар созылмалы бактерия тасымалдаушысы ретінде қарастырылады, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары оларды эпидемиологиялық қауіп туғызуы мүмкін жұмыстарынан шеттетеді.
29. Емдеу аяқталған соң сальмонелла бөлуді жалғастыратын балаларды емдеуші дәрігер он бес күн бойына мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымына барудан шеттетіледі, осы кезеңде нәжіске арасы бір-екі күн аралығымен үш реттік тексеру жүргізіледі. Оң нәтиже қайталанған жағдайда, шеттетудің және тексерудің осы тәртібі тағы да он бес күн ішінде қайталанады.
7. Іш сүзегі мен қылаудың алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
30. Халықтың іш сүзегі және қылау ауруларымен сырқаттанушылығын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтиды:
1) елді мекендердің, әсіресе халықтың тифопаратифоздық инфекциялармен сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз елді мекендердің санитариялық жағдайы туралы ақпаратты талдау;
2) халық арасында тәуекел топтарды айқындау және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
3) науқастардан және бактерия тасымалдаушылардан бөлінетін өсінділердің фаготиптерін айқындау;
4) бактерия тасымалдаушыларды, әсіресе тамақ кәсіпорындарының қызметкерлері мен басқа да декреттелген контингенттер арасын айқындау мен санациялау мақсатында іш сүзегімен және қылаумен ауырып жазылған адамдарды есепке алу және диспансерлік бақылау;
5) профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жоспарлау.
31. Сүзек, қылау инфекцияларының профилактикалық іс-шаралары қоздырғыштардың су, тамақ арқылы берілуін ескертетін санитариялық-гигиеналық іс-шараларды өткізуге бағытталады. Мына объектілердің санитариялық-техникалық жағдайына:
1) сумен жабдықтау жүйелеріне, орталықтандырылған, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздеріне, басты су шығару құрылыстарына, су көздерін санитариялық қорғау аймақтарына;
2) тамақ өнімдерін шығару өнеркәсіптеріне, азық-түлік саудасына, қоғамдық тамақтануға;
3) кәріз жүйелеріне мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізіледі.
32. Дәрігерлік қараудан соң декреттелген контингенттің ішіндегі адамдар жұмысқа қабылданар алдында қан сарысуын тікелей гемагглютинация әсеріне қою жолымен серологиялық тексеруге және бір реттік бактериялогиялық зерттеуге жатқызылды. Бұл адамдар серологиялық және бактериялогиялық тексерудің қорытындысы теріс болып, басқа қарсы айғақтар болмаса жұмысқа жіберіледі.
Тіке гемагглютинацияның әсері оң нәтиже берген жағдайда 1-2 күн сайын дәретін бес рет бактериологиялық тексеру қосымша жүргізіледі. Бұл тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда өтке бір реттік бактериялық зерттеу жүргізіледі. Дәреті мен өтін бактериялогиялық тексерудің нәтижесі теріс болған адамдар жұмысқа жіберіледі.
Бактериологиялық және серологиялық зерттеудің нәтижесі оң болған адамдар бактериятасымалдаушы ретінде қарастырылады. Оларға емдеу жүргізу, есепке алу жүргізіледі, медициналық бақылау орнатылады. Осындай жағдайда, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары бұл адамдарды эпидемиялық қауіп төндіруі мүмкін жұмыстан шеттетеді.
33. "Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына сәйкес кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлері іш сүзегіне қарсы вакцинациялауға жатады.
34. Іш сүзегі немесе қылау ошақтарында мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
1) барлық науқастарды сұрау, тексеру, қызуын өлшеу, зертханалық тексеру арқылы анықтау;
2) іш сүзегімен және қылаумен ауыратын барлық науқастарды уақтылы оқшаулау;
3) іш сүзегімен немесе қылаумен бұрын ауырған адамдарды, жұқтыру қаупі туындаған адамдарды, декреттелген контингентті (күдікті тағамдар мен суды қолданған; науқастармен араласқан) анықтау және зертханалық тексеру жүргізу;
4) декреттелген топтың ішінде бір рет ауырған адамдардың ошағына нәжісін бір рет бактериялогиялық тексеру және қанның құрамындағы сарысуын тіке гемагглютинация әсеріне тексеру жүргізіледі. Тіке гемагглютинация әсеріне нәтижесі оң болған адамдардың зәрі мен нәжісін бес рет бактериологиялық тексеру жүргізіледі;
5) топтық ауру пайда болған жағдайда, инфекцияның көзі болуы мүмкін адамдарға зертханалық тексеру жүргізіледі. Зертханалық тексеру кемінде 2 күн сайын үш рет нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеруді және бір рет қан сарысуын тіке гемагглютинация әсері әдісімен тексеруді қамтиды. Тіке гемагглютинация әсеріне нәтижесі оң болған адамдар 2 күн сайын кемінде қосымша бес рет нәжісі мен зәрін бактериялогиялық тексеруге тапсырады, ал тексерудің нәтижесі теріс болғанда бір рет өті тексеріледі;
6) іш сүзегімен немесе қылаумен ауырған науқаспен үйінде араласқан декреттелген контингент ішіндегі адамдарды науқасты ауруханаға жатқызып, үйге соңғы дезинфекция өткізіп, оның нәжісін, зәрін бір реттік бактериологиялық тексеруге және тіке гемагглютинация әсеріне теріс нәтиже алғанға дейін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары уақытша жұмыстан шеттетеді;
7) жұқтыру қаупіне ұшыраған адамдар зертханалық тексерумен қатар медициналық қадағаланады және күнсайын дәрігерге қаралады әрі соңғы науқасты оңашалау сәтінен бастап, іш сүзегі кезінде жиырма бір күн және қылау кезінде он төрт күн бойы дене қызуы өлшенеді;
8) іш сүзегімен және қылаумен ауыратыны анықталған науқастар мен бактерия тасымалдаушылар тез арада оқшауланып, емдеу мекемелеріне тексеруге және емдеуге жіберіледі.
35. Іш сүзегі мен қылаудың ошақтарындағы жедел профилактика эпидемиологиялық жағдайға байланысты эпидемиологтың тағайындауымен жүргізіледі. Іш сүзегі ошақтарында ішсүзектік бактериофаг, қылау кезінде көпвалентті сальмоноллездік бактериофаг беріледі. Бактериофагты бірінші рет беру материалды бактериялогиялық тексеруге алғаннан кейін жүргізіледі. Бактериофаг реконвалесценттерге де беріледі.
36. Іш сүзегі мен қылау ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар міндетті түрде жүргізіледі:
1) ағымдық дезинфекция науқасты анықтаған сәттен бастап ауруханаға жатқанға дейінгі кезеңде, реконвалесценттерде ауруханадан шыққаннан кейін үш ай бойына жүргізіледі;
2) ағымдық дезинфекцияны емдеуді денсаулық сақтау ұйымының қызметкері ұйымдастырады, ал оны науқасты күтуші адам, реконвалесценттің өзі немесе бактерия тасымалдаушы жүргізеді;
3) қорытынды дезинфекцияны дезинфекция станциялары немесе санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының (ұйымдарының) дезинфекциялау станциялары немесе бөлімдері (бөлімшелері), ауылдық жерлерде – ауылдық дәрігерлік ауруханалар, амбулаториялар жүргізеді;
4) қорытынды дезинфекцияны қалалық елді мекендерде науқасты емге жатқызғаннан кейін алты сағаттан, ал ауылдық жерде – он екі сағаттан асырмай жүргізеді;
5) денсаулық сақтау ұйымында іш сүзегімен немесе қылаумен ауыратын науқас анықталған жағдайда, науқас болған үй-жайларда оны оқшаулағаннан кейін аталған ұйым қызметкерлерінің күшімен қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.
8. Іш сүзегімен және қылаумен ауыратын науқастарды
диагностикалауға, емдеуге жатқызуға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
37. Іш сүзегімен және қылаумен ауыратын науқастарды, бактерия тасымалдаушыларды уақтылы анықтауды, оқшаулауды және емдеуді меншік нысанына қарамастан, барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері клиникалық және зертханалық деректердің негізінде жүзеге асырады.
38. Ауруды диагностикалағанда ең бастысы гемокультураның бөлінуі болып табылады. Гемокультураны бөлу үшін қан алу аурудың барлық кезеңінде жүргізіледі. Қанның бірінші егілуі антибактериялық терапия басталғанға дейін жүргізіледі. Ауруды диагностикалау үшін нәжіс өсірінділерін, зәр өсірінділерін, өтті зерттеу, серологиялық диагностика жүргізіледі (Видаль әсері, тіке гемагглютинация әсері).
39. Диагнозы қойылмаған, үш және одан да көп күн бойы қызбасы бар науқастар іш сүзегіне тексеріледі.
40. Іш сүзегімен және қылаудың А мен В түрімен ауыратын барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына емдеуге жатқызылады.
41. Науқастарды ауруханадан шығару нәжісі мен зәрін үш рет бактериялогиялық зерттегеннен кейін дене қызуы толық жиырма бір күн қалыпты болғанда жүзеге асырылады. Нәжісі мен зәрін бактериялогиялық зерттеу антибиотикті тоқтатқаннан кейін бес күннен кейін және содан соң бес күн аралықпен жүргізіледі. Одан басқа, ауруханадан шығардан жеті-он күн бұрын дуоденальды құрамды себу жүргізіледі.
9. Іш сүзегімен және қылаумен ауырып жазылған
адамдарды диспансерлік бақылауға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
42. Іш сүзегімен және қылаумен ауырып жазылған барлық науқастар стационардан шыққан соң, екі аптада бір рет дене қызуы өлшеніп, медициналық бақылауға алынады. Стационардан шыққаннан соң он күннен кейін, реконваленценттерді бактериологиялық бактерия тасымалдаушылыққа тексеру басталады, ол үшін кемінде екі күн сайын нәжіс пен зәр бес рет зерттеледі. Үш ай бойы ай сайын бір рет зәр мен нәжісін бактериялогиялық зерттеу жүргізіледі.
Ауруханадан шыққаннан кейінгі үш ай ішіндегі бактериялық тексерудің нәтижесі оң болған жағдайда, қаралушы жіті тасымалдаушы болып есептеледі.
Бақылаудың төртiншi айында бактериялогиялық зерттеу өт және тіке гемагглютинация әсеріне цистеинмен қан сарысуы зерттеледі. Барлық зерттеулердің қорытындысы теріс болған жағдайда, ауырып жазылған адам диспансерлік бақылаудан алынады.
Серологиялық зерттеудің нәтижесі оң болған кезде нәжіс пен зәрге бес рет бактериялогиялық зерттеу жүргізіледі. Тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда бір жыл бойы бақылауға қалдырады.
Стационардан шыққан соң бір жылдан кейін бір рет бактериялогиялық тексеруге нәжіс пен зәр алынады және тіке гемагглютинация әсеріне цистеинмен қан сарысуы тексеріледі. Тексерудің нәтижесі теріс болса, ауырған адамды диспансерлік бақылаудан шығарады.
43. Декреттелген контингентке жататын, іш сүзегімен және қылаумен ауырып жазылған адамдар стационардан шыққан соң, оларды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары эпидемиялық қауіп төндіруі мүмкін жұмыстан бір ай бойы шеттетеді. Осы уақыт аралығында бес рет бактериялогиялық зерттеу (нәжіс пен зәрді зерттеу) жүргізіледі.
Зерттеудің нәтижелері теріс болған кезде олар жұмысқа жіберіледі және келесі екі ай ішінде ай сайын өті және цистеинмен тіке гемагглютинация әсеріне қанның сарысуы зерттеледі. Одан әрі екі жыл бойы тоқсан сайын, ал кейіннен барлық жұмыс істеу мерзімінде жылына екі рет тексеріледі (нәжісі мен зәрін зерттеу).
Нәтижесі оң болған жағдайда (сауыққаннан кейін бір айдан соң) олар тамақ пен суға байланысы жоқ жұмысқа ауыстырылады. Үш ай өткеннен соң бес рет нәжісі мен зәріне және бір рет өтіне бактериялогиялық зерттеу жүргізіледі. Нәтижесі теріс болғанда жұмысқа жіберіледі және алдындағы топтар сияқты тексеруден өткізіледі.
Нәтижесі оң болса, цистеинмен тіке гемагглютинация әсеріне қосымша нәжіс пен зәрге бес рет және нәтижесі теріс болған кезде өтке бір рет зерттеу жүргізіледі. Нәтижесі теріс болғанда олар жұмысқа жіберіледі. Егер мұндай адамдарда сауыққаннан кейін үш ай бойына жүргізілген барлық тексеруден бір рет іш сүзегінің немесе қылаудың қоздырғышы бөлінсе, онда олар созылмалы бактерия тасымалдаушы болып есептелінеді және оларды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары эпидемиологиялық қауіп төндіретін жұмыстан шеттетеді.
44. Іш сүзегі мен қылаудың бактерия тасымалдаушылары мынадай санаттарға бөлінеді:
1) транзиттік бактерия тасымалдаушылар – іш сүзегімен және қылаумен ауырмаған, бірақ іш сүзегінің немесе қылаудың қоздырғыштарын бөлетін адамдар;
2) жіті бактерия тасымалдаушылар – ауруханадан шыққан соң үш ай бойы бактерия тасымалдаушылық байқалатын іш сүзегімен және қылаумен ауырып жазылған адамдар;
3) созылмалы бактерия тасымалдаушылар – ауруханадан шыққан соң үш ай немесе одан да көп ай бойы бактерия тасымалдаушылық байқалатын іш сүзегімен және қылаумен ауырып жазылған адамдар.
45. Іш сүзегі мен қылаудың бактерияларын тасымалдаушылар арасында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) транзиторлық бактерия тасымалдаушыларында үш ай бойы бес рет нәжісі мен зәрін бактериялогиялық зерттеу қажет. Қорытындысы теріс болған кезде өті бір рет зерттеледі. Бақылаудың соңында бір рет цистеинмен тіке гемагглютинация әсеріне қанның сарысуы зерттеледі. Барлық зерттеудің қорытындысы теріс болса, бақылаудың үшінші айының соңында олар есептен шығарылады. Бактериологиялық және серологиялық зерттеулердің нәтижесі оң болса, олар жіті бактерия тасымалдаушы болып саналады;
2) ауруы анықталғаннан кейін екі ай бойы жіті бактерия тасымалдаушыларға дене қызуын өлшеп тұратын медициналық бақылау және үш ай бойы нәжісі мен зәрін бактериялогиялық тексеру жүргізіледі. Үшінші айдың соңында нәжісі мен зәрін бактериологиялық зерттеу – бес рет, өтіне – бір рет және цистеинмен тіке гемагглютинация әсеріне қанның сарысуын серологиялық зерттеу жүргізіледі. Бактериологиялық және серологиялық зерттеудің нәтижесі теріс болған кезде, қаралушы диспансерлік есептен шығарылады. Серологиялық зерттеудің нәтижесі оң және нәжіс пен зәрді зерттеудің нәтижесі теріс болғанда бір жылға бақылауға алу жалғастырылады. Бір жылдан кейін нәжіс пен зәрді цистеинмен бір рет, бактериялогиялық бір рет зерттеу қажет. Серологиялық зерттеудің нәтижесі оң болған кезде нәжіс пен зәрді бес рет, өтті бір рет зерттейді. Зерттеудің нәтижесі теріс болғанда қаралушы диспансерлік бақылаудан шығарылады. Нәтижесі оң болғанда қаралушы адамдар созылмалы бактерия тасымалдаушы ретінде есептелінеді;
3) іш сүзегінің таяқшаларын созылмалы тасымалдаушылар аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органында есепке тұрады, олардың өмір бойы тексерілу тәртібін эпидемиолог белгілейді. Созылмалы бактерия тасымалдаушылар дезинфекциялық ерітінділерді дайындау, ағымдық дезинфекциялау, дұрыс тазалық сақтау қағидаларына оқытылады;
4) декреттелген контингенттерден шыққан бактерия тасымалдаушылар аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органында тұрақты есепке алынады. Бірінші бақылау айында оларды эпидемиологиялық қауіп тудыруы мүмкін жұмыстан шеттетеді. Егер бір айдан соң қоздырғыштың бөлінуі жалғаса берсе, оларды тағы екі айға жұмыстан шеттетеді. Үш айдан кейін бактериялогиялық тексерудің қорытындысы теріс болса, онда олар негізгі жұмыс орнына жіберіледі. Бактериологиялық тексерудің нәтижесі оң болса, олар созылмалы тасымалдаушылар ретінде саналып, эпидемиологиялық қауіп тудыруы ықтималдығынан жұмыстан шеттетіледі.
46. Декреттелген контингенттің ішінде отбасы мүшелерінің біреуінен созылмалы бактерия тасымалдаушылық анықталған жағдайда, жұмыстан шеттетілмейді және арнайы бақылауға жатпайды.
10. Туберкулезбен ауыратын науқасты анықтауға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
47. Туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтауды барлық мамандықтағы медицина қызметкерлері мынадай жағдайда жүзеге асырады:
1) амбулаториялық-емханалық және стационарлық ұйымдарда медициналық көмекке жүгіну;
2) стационарлық және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
3) міндетті және профилактикалық медициналық тексеру жүргізу;
4) туберкулезге қарсы иммундау жүргізу.
48. Медициналық ұйымға туберкулез ауруы мүмкіндігін көрсететін белгілері бар пациенттер келіп қаралған кезде міндетті рентгенологиялық және бактериологиялық зерттей отырып (қақырық жағындысын және басқа да патологиялық материалды микроскопиямен қарау), толық клиникалық және құрал-саймандық тексеру жүргізеді.
49. Тексеру кезінде туберкулез ауруы мүмкіндігін көрсететін белгілерді анықтаған кезде пациентті үш күннің ішінде тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы диспансерге (бөлімше, кабинет) жібереді.
50. Науқасты уақтылы және толық тексеру жүргізуді бақылауды медициналық ұйымның жіберген маманы және туберкулезге қарсы ұйымның (бұдан әрі – ТҚҰ) маманы жүзеге асырады.
51. Тұрғылықты жері анықталмаған адамдар туберкулез ауруына күдікті болған жағдайда, тексеруді аяқтау үшін және "туберкулез" диагнозы расталған кезде туберкулезге қарсы стационарға емдеу үшін жатқызылады.
52. ТҚҰ науқасты жіберген маманға жүргізілген тексеру нәтижелері туралы хабардар етеді.
53. Туберкулезбен ауыратын науқастарды жұмысқа және оқуға жіберуге рұқсат беру туралы медициналық қорытындыны ТҚҰ-ның орталық дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (бұдан әрі – ОДКК) береді.
54. Мынадай жағдайларда:
1) «айықтырылды» немесе «емдеу аяқталды» деген нәтижесі бар І, ІІ, ІІІ және IV санаттағы режимдерде емдеу курсын ойдағыдай аяқтаған;
2) емдеудің қарқынды кезеңін ойдағыдай аяқтағаннан кейін (ОДКК шешімімен) бактерия бөлмейтін шектеулі үдерістері болатын туберкулезбен ауыратын науқастар оқуға және жұмысқа жіберіледі.
55. ОДКК қорытындысы бойынша туберкулезбен ауырып айыққан адамдар: перзентханаларға (бөлімшелерге), балалар ауруханаларына (бөлімшелеріне), жаңа туған нәрестелер мен шала туған нәрестелер патологиясы бөлімшелеріне; мектепке дейінгі ұйымдарға (бөбектер үйлері – балабақшалар, сәбилер үйлері, балалар үйлері, балалар санаторийлері) және мектеп ұйымдарының төменгі сыныптарына жұмысқа жіберілмейді.
56. Туберкулезбен ауырып айыққан ведомстволық ұйымдардың (Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, қылмыстық-атқару жүйесі, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Республикалық гвардия, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы уәкілетті орган, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының жұмыскерлері мен қызметшілері) қызметкерлері, арнайы мемлекеттік органдардың (Ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі) жұмыскерлері мен қызметкерлері мерзімі 1 жылға арналған ішкі тәртіп ережесін және диспансерлік есептен алып тасталғанға дейінгі жыл сайынғы қайта куәландыруды есепке ала отырып, ОДКК-ның шешімі негізінде жұмысқа жіберіледі.
57. Туберкулезбен ауырып айыққан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлердегі және әскери құралымдардағы қызметтер үшін адамдардың денсаулығы жағдайына сәйкес қойылатын талаптар негізінде әскери қызметке жіберіледі.
58. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас емделуден бас тартқан немесе жалтарған жағдайда денсаулық сақтау органдары (ұйымдары), сондай-ақ, ТҚҰ бөлімше дәрігері оған мамандандырылған ТҚҰ-да мәжбүрлеп емдеуді тағайындау мәселесін шешу үшін ОДКК-ге шағымдана алады.
59. Денсаулық сақтау органдары (ұйымдары) ОДКК-ның қорытындысы бойынша, оның ішінде ТҚҰ бас дәрігері сотқа мәжбүрлеп емдеуді белгілеу туралы ұсынымға қол қояды.
60. Ересек тұрғындарда туберкулезді ерте анықтау мақсатында профилактикалық медициналық тексеруге Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да адамдар жатады.
61. Халықты профилактикалық медициналық тексеру тұрғылықты жері, қызметі, оқуы немесе тергеу-изоляторларында және түзету мекемелерінде ұстау орны бойынша медициналық ұйымдарда көпшілік, топтық (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша) және жеке тәртіппен жүргізіледі.
62. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды жоспарлауды, ұйымдастыруды және есепке алуды және флюорокартотеканы қалыптастыруды халықтың жеке есепке алу деректері бойынша медициналық ұйымдардың басшылары қамтамасыз етеді.
63. "Туберкулез" диагнозын ТҚҰ ОДКК растайды және емдеуге жатқызу, бақылау және емдеу қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды.
64. Балалардағы туберкулезді ерте анықтау мақсатында туберкулинмен тері ішіне аллергиялық сынаманы (бұдан әрі – Манту сынамасы) қолданады. Туберкулин диагностикасын 12 айлықтан бастап 14 жасқа жеткен тәуекел тобындағы балаларға Манту сынамасын бұрынғы сынамалардың нәтижесіне қарамастан, жылына 1 рет салады.
65. Манту 2 ТЕ сынамасы бойынша мыналар тексерілуі тиіс:
1) «тәуекел» топтарындағы балалар;
2) туберкулез ошақтарындағы балалар мен жасөспірімдер;
3) вакцинациялау алдында 2 айлықтан асқан балалар;
4) ревакцинациялау алдындағы 1-сынып (6-7 жас) оқушылары.
66. Перзентханада туберкулезге қарсы вакцинациялау жүргізілмеген балалар медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарында вакцинацияланады, бұл ретте екі айға дейін вакцинация алдын ала туберкулин диагностикасыз жүргізіледі, ал екі айдан кейін Bacielle Calmette-Guerin (бұдан әрі – БЦЖ) Мантуға теріс сынама кезінде жүргізіледі.
67. Мыналар:
1) алғашқы туысқандық дәрежедегі адамдарда анықталған БЦЖ генерализацияланған инфекциясы (тұқым қуалаған иммун тапшылығының ықтималдығы);
2) АИТВ/ЖИТС;
3) шала туғандық – дене салмағы 2000 грамнан кем немесе 33 аптадан кем гестациялық жас;
4) орталық жүйке жүйесінің зақымдануы – неврологиялық симптомды (ауырлығы орта және ауыр дәрежелі) туа біткен жарақат;
5) қынапішілік инфекциялар, жаңа туған нәрестелердегі сепсис;
6) жаңа туған сәбилердің гемолитиялық аурулары (ауырлығы орта және ауыр түрлері);
7) субфебрильді температурамен және жалпы жағдайдың бұзылуымен қоса жүретін ауырлығы орта және ауыр аурулар кезінде БЦЖ вакцинациясын жүргізуге жол берілмейді.
68. Манту сынамасын қоюға егулер жүргізуге рұқсаты бар балалар, жасөспірімдер, амбулаториялық-емханалық және сауықтыру ұйымдарының медицина қызметкерлері жүзеге асырады.
69. Инфекциялық аурулар бойынша карантин кезінде балалар мен жасөспірімдер ұжымдарында Манту сынамасын жүргізуге жол берілмейді. Манту сынамасын қоюды кез келген профилактикалық егулерге дейін жүргізу орынды.
70. Профилактикалық егу мен Манту сынамасының арасындағы аралық екі айды құрайды. Туберкулин сынамаларын қойған күні балаларды медициналық тексеруден өткізеді. Манту сынамасын қою алдында екі айлық аралықты сақтау мақсатында анатоксин дифтериялық-сіреспе (бұдан әрі – АДС) және қызамық-қызылша-паротит (бұдан әрі – ҚҚП) вакцинацияларымен ревакцинациялау оқу жылы басталғанға дейін екі ай бұрын жүргізіледі.
71. Манту сынамасының нәтижесін миллиметрмен бөлінген сызғышпен инфильтрат (папула) көлемін өлшеу арқылы жетпіс екі сағаттан кейін миллиметрмен (бұдан әрі - мм) бағалайды және инфильтрат көлемі білек осіне қатысы бойынша көлденең есеппен тіркейді. Инфильтрат болмаған кезде гиперемия өлшенеді және тіркеледі.
72. Туберкулез ауруының жоқтығы туралы фтизиатрдың қорытындысын Манту сынамасын қойған сәттен бастап ата-аналары бір айдың ішінде көрсетпеген туберкулезге қарсы диспансерге консультацияға жіберілген балалардың мектепке дейінгі және бастауыш орта білім беру ұйымдарына баруына жол берілмейді.
73. Балаларды жеке есепке алу деректері бойынша (туберкулезді ерте анықтау мақсатында) жүргізілген Манту сынамасын жоспарлау, ұйымдастыру, уақтылы және толық есепке алу, сондай-ақ туберкулиндиагностика нәтижелері бойынша фтизиатрға толық тексеруге жіберілген балалардың уақтылы келу және тексерілу мәселесі бойынша медициналық туберкулезге қарсы ұйымдармен өзара іс-қимылды медициналық ұйымдардың басшылары қамтамасыз етеді.
74. Манту сынамасының реакциясы:
1) инфильтраттың (папулдар) немесе гиперемияның толық жоқтығы және шаншу реакциясы бар болған кезінде (0-1 мм) – теріс;
2) инфильтратта көлемі 2-4 мм немесе тек инфильтратсыз кез келген көлемдегі гиперемия кезінде – күдікті;
3) 5 мм және одан да астам диаметрмен инфильтраты болған кезде – оң (нормергия);
4) 15 мм және одан да астам диаметрмен 0-14 жастағы балаларда, 17 мм және одан да астам диаметрмен 15-17 жастағы балаларда, 21 мм және одан да астам диаметрмен ересектерде инфильтраттың бар болу кезінде, сондай-ақ лимфангоитпен немесе онсыз инфильтраттың көлемінен сулы бөртпе-некроздық реакцияға тәуелсіз – гиперергиялық болып есептеледі.
75. Жоспарлы теріішілік БЦЖ вакцинасымен вакцинациялау (ревакцинациялау) жағдайларында Манту туберкулин сынамасын инфекциялық аллергияға да, вакцинациялаудан кейінгі аллергияға да анықтайды. Аллергияның сипаттамасын саралап диагностикалау кезінде мынадай жиында ескеріледі:
1) оң туберкулин реакциясының қарқындылығы;
2) вакцинадан кейінгі жиектердің бар болуы және көлемі;
3) БЦЖ екпесінен өткеннен кейінгі мерзімі (вакцинациядан кейін 5 жылға дейін вакцинациядан кейінгі аллергия болмайды);
4) туберкулез ауруымен байланыста болу немесе болмау;
5) аурулардың клиникалық белгілерінің болуы.
76. Вакцинациядан кейінгі аллергияны күмәнді немесе оң реакцияның 5-11 мм папул көлемімен сипаттайды.
77. Гиперергиялық реакциялар вакцинациядан кейінгі аллергияға жатпайды.
78. Туберкулинге сезімталдық сипатын талдау қиындығы кезінде фтизиатр дәрігердің бақылауындағы созылмалы аурулар кезінде ауру бетінің қайту кезеңіне жеткенге дейін балалар қосымша тексерілуге және профилактикалық емделуге (гипосенсибилизация, жұқпа ошағының санациясы, дегельминтизация) жатқызылады. Туберкулинге сезімталдық этиологиясын дифференциалды диагностикадан өткізу кезінде бір-үш айдан кейін туберкулезге қарсы ұйымда Манту 2ТБ сынамасын қайта салады. Өзіне тән емес аллергияның жиі клиникалық анықтаумен балаларға десенсибилизациялайтын дәрілерді қабылдағаннан кейін жеті - он төрт күннің ішінде Манту сынамасын салады.
79. Манту сынамасы бойынша туберкулинге сезімталдық динамикасы туралы дұрыс деректердің болуы кезіндегі адамдар мына жағдайларда ТМБ жұқтырған деп есептеледі:
1) БЦЖ вакцинасымен иммунитеттеуге (туберкулинді сынаманың виражы) байланысты емес алғашқы рет оң реакциясы (5 мм және одан көп мөлшерлі папула);
2) 12 мм және одан да астам көлемді инфильтраты бар шыдамды түрде (4-5 жыл аралық бойы) сақтайтын реакция;
3) 1 жылдың ішінде (туберкулині оң балалардағы) туберкулинге сезімталдықтың кенет күшеюі (6 мм және одан да астам).
80. Манту сынамасын қойған сәттен бастап үш күннің ішінде баланы тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы диспансердегі фтизиатр дәрігерге кеңес алуға жібереді:
1) туберкулезге қарсы бұрынғы иммунитеттеуге байланысты емес алғашқы оң реакциямен (5 мм және одан да көп папула);
2) 12 мм және одан да көп инфильтраты бар тұрақты (4 жыл) сақталатын реакциямен;
3) туберкулині оң нәтижелі балаларда туберкулинге сезгіштікті дамытумен – инфильтратты 6 мм және одан да көп өсуі немесе 6 мм қарағанда артық өсуі, бірақ инфильтраттың 12 мм көлеммен пайда болуымен;
4) туберкулинге гиперреакциямен – инфильтраты 17 мм және одан көп немесе кішкентай көлемде, бірақ сулы бөртпелі-некроздық сипатта.
81. Балалардың фтизиатр-дәрігеріне толық тексерілуге туберкулинді реакцияның виражы және гиперергиясы бар балалар, кейбір жағдайларда аллергияның этиологиясы туралы мәселені шешу үшін (вакцинадан кейінгі немесе жұқпалы) бұрын жасалған туберкулин сынамасын, БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясының нақты күнін көрсететін құжаттамасы бар балалар жіберіледі. Толық тексерілудің барлық кезеңі бір айдан асырылмайды.
82. Вираж және гиперергиясы бар балаларда белсенді туберкулин үдерісін жою кезінде диспансерлік есепке алу (бұдан әрі – ДЕ) III тобы бойынша есепке алады.
83. Туберкулинге қайталама гиперергиялық реакциясы бар адамдарды туберкулез үдерісін анықтау мақсатында кеңінен тексереді. Жергілікті туберкулез өзгерісі жоқ болған жағдайда мұндай балалар ДЕ алынбайды және қайта химиялық профилактикадан өтпейді.
84. Туберкулез ауруы бойынша "тәуекел" тобына мынадай:
1) әлеуметтік жағдайы қолайсыз отбасынан шыққан (аз қамтылған және көп балалы ата-аналар, жұмыссыз, маскүнемдіктен, нашақорлықтан зардап шегетін, АИТВ-жұқтырған, тұрақты мекенжайы жоқ адамдар, мигранттар);
2) ұзақ жөтелу (2 аптадан астам) және үдемелі уыттану белгісімен (субфебрилитет, тершеңдік, тәбеттің және дене массасының төмендеуі, тітіркенгіштік, салбырлық және әлсіздік) амбулаториялық және стационарлық емделуде жатқан;
3) әртүрлі аурулардың себебі бойынша педиатрда диспансерлік тіркеуде тұрған;
4) жабық оқу орындарының контингенті (мектеп-интернаттар, мүгедек балаларға арналған мамандандырылған мектептер);
5) вакцинацияланбаған және вакцинациядан кейінгі дамымаған БЦЖ тыртықтарымен;
6) гормондық терапияны қабылдайтын балалар жатады.
85. Ұйымдастырылған ұжымдарда туберкулин диагностикасын медициналық ұйым басшысының бұйрығымен бекітілген бару кестесіне сәйкес балалар ұйымдарына баратын арнайы оқытылған медицина персоналы жүргізеді.
86. Вираж және гиперергиялық реакцияны орналастырған жағдайда, басқа профилактикалық егулерді бақылаудағы химия профилактика курсын аяқтағаннан кейін, максималды үш ай өткен соң жүргізеді.
87. Манту сынамасын жүргізуге әдістемелік басшылықты туберкулезге қарсы ұйымның балалардың дәрігер-фтизиатры жүзеге асырады.
88. Манту сынамасының нәтижелері профилактикалық екпе картасында (№ 063/у нысаны), баланың медициналық картасында (№ 026/у нысаны), баланың даму тарихында (№ 112/у нысаны) белгіленеді. Бұл ретте баланың даму тарихында:
1) стандартты туберкулин шығаратын ұйым, сериясы, бақылау нөмірі және оның жарамдылық мерзімі;
2) туберкулинді сынаманы жүргізу күні;
3) Манту сынамасының нәтижесі инфильтрат болмаған кезде инфильтраттың миллиметрдегі көлемі түрінде теріс нәтижені, не болмаса гипермия көлемін көрсетеді.
89. Манту сынамасын қоюға қарсы айғақ:
1) асқыну кезіндегі тері аурулары, жіті және созылмалы жұқпалы, соматикалық аурулар (соның ішінде эпилепсия); Манту сынамасын барлық клиникалық белгілер кеткеннен соң екі айдан кейін жүргізуге жол беріледі;
2) аллергиялық жағдай, ауру ішіндегі жіті және өткір фазалардағы ревматизм, бронхылық демікпе, зақымдану кезінде терімен көрініп айқындалған идиосинкразия. Барлық клиникалық белгілердің жоғалуынан кейін 2 айдан соң Манту сынамасын жүргізуге жол беріледі.
90. Қарсы көрсетімді анықтау мақсатында дәрігер (мейірбике) Манту сынамасын салу алдында медициналық құжаттаманы қарап шығады, сондай-ақ сынамаға алынатын адамдардан сұрау алу және тексеру жүргізеді.
91. Балалар инфекциялары бойынша карантин бар балалар ұжымдарында Манту сынамасын жүргізуге жол берілмейді (карантин алынғаннан кейін жүргізіледі).
92. "Тәуекел" тобына туберкулин диагностикасын әртүрлі инфекцияларға қарсы алдын алу егулерін жүргізгенге дейін жоспарлайды.
Егер Манту сынамасын қандай да бір себептер бойынша әртүрлі алдын алу егулеріне дейін емес, кейін жүргізген жағдайда туберкулин диагностикасын егулер еккеннен 2 айдан кейін жүзеге асырады.
93. Үйде туберкулиндік Манту сынамасын жүргізуге жол берілмейді.
94. Туберкулез ошақтарындағы балаларға туберкулин диагностикасын туберкулезге қарсы ұйымдарда жүргізеді.
95. АИТВ-жұқтырған балалар мен жасөспірімдерге диагностикалық мақсатпен Манту сынамасы қойылмайды.
96. Жасөспірімдердегі туберкулезді ерте анықтау мақсатында профилактикалық медициналық және флюорографиялық тексеру жүргізеді.
97. Жасөспірімдердің профилактикалық медициналық және флюорографиялық тексерілуін орналасқан оқу орны бойынша емханада немесе тұрғылықты жері бойынша БМСК ұйымында жүзеге асырады.
98. Профилактикалық медициналық (флюорографиялық) тексеру 15, 16 және 17 жастағы жасөспірімдерге жүргізіледі. Көрсетілген жастарда профилактикалық тексеру туралы деректер болмаған кезде флюорографиялық тексеруді кезектен тыс тәртіппен жүргізеді.
99. Кортикостероидті және цитостатикалық терапия емін қабылдайтын тыныс алу органдарының, асқазан-ішек жолдарының созылмалы өзіне тән емес ауруларымен, қант диабетімен ауыратын науқастарға, жасөспірімдерге туберкулезді анықтау мақсатында жылына бір рет профилактикалық медициналық тексеру (флюорографиялық тексеру) жүргізеді.
100. Наркологиялық және психиатрия мекемелерінде ДЕ тұрған, сондай-ақ АИТВ-жұқтырған жасөспірімдерге жылына бір рет флюорографиялық тексеру жүргізеді.
101. Туберкулезбен ауыру ықтималдығын көрсететін белгілері бар жасөспірімдер (ұзаққа созылған өкпе ауруы, экссудативті плеврит, жіті және созылмалы лимфаденит, түйінді эритема, зәр шығаратын жолдың созылмалы ауруы) фтизиатрдан консультация алуға жіберіледі.
102. БМСК ұйымдарының медициналық қызметкерлеріне мыналар жүктеледі:
1) клиникалық белгілері бар адамдар арасында қақырық жағындысын микроскопия әдісімен және туберкулез ауруының жоғарғы қаупі бар тұрғындар арасында флюорография әдісімен туберкулезді ерте ("тәуекел" тобы) анықтау;
2) бақыланатын химия терапияның жүзеге асуы;
3) туберкулездің алғашқы белгілері және оның алдын алу әдісі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
103. МСАК ұйымының медицина қызметкері қақырықты жинауды және оны зерттеу үшін зертханаға уақытылы жеткізуді жүзеге асырады.
104. Қақырық жинауды ТҚҰ-да оқытылған және жыл сайын қайта даярлаудан өтетін медицина қызметкері жүргізеді.
105. БМСК ұйымдарында қақырыққа микроскопиялық зерттеуді екі апта бойы жалғасқан жөтел (жөтел туберкулездің өкпе (жұқпалы) формасы бар ауруда басты белгі болып табылады) және бір немесе бірнеше төменде көрсетілген клиникалық белгілер болған жағдайда жүргізеді:
салмақ жоғалту;
тершеңдік;
кеуде жасушаларындағы ауырлық;
қан түкіру;
дене қызуының ұзақ уақыт жоғарылауы.
106. Жоғарыда көрсетілген белгілер науқаста болған жағдайда медицина
қызметкері туберкулезге науқасты диагностикалық алгоритммен тексеруге сәйкес толық іс-шаралар кешенін жүргізеді.
107. Пациентте кеуде қуысы ағзаларының зақымдануының клиникалық белгілері және интоксикация болмаған, бірақ ТМБ-ға қақырық жағындысының микроскоптық теріс нәтижесі және тексерудің диагностикалық алгоритмін жүргізгеннен кейін кеуде қуысының ағзаларын рентгендік зерттеу деректері бойынша активті туберкулезге күдіктену сақталған жағдайларда диагнозды нақтылау үшін дәрігер-фтизиатрдың консультациясы жүзеге асырылады.
108. Активті туберкулезге клиникалық-рентгенологиялық күдіктену болған пациентті туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болғаны анықталған кезде диагностикалық тексеру алгоритмін жүргізгеннен кейін диагнозын нақтылау үшін дәрігер-фтизиатрға жібереді.
109. Бацилла бөлетіні анықталған кезде науқас оған қосымша зертханалық зерттеу жүргізу және тиісті туберкулезге қарсы ем тағайындау үшін туберкулезге қарсы ұйымға жіберіледі.
110. ТМБ-ға қақырықтың микроскоптық теріс нәтижелері болған және туберкулезге күдіктену белгілері артқан кезде науқасқа міндетті түрде дәрігер-фтизиатрдың консультациясы жүргізіледі.
111. Халық арасында флюорография тәсілімен туберкулезді анықтау 15 жастан бастап жүргізіледі. Флюорография нәтижесі оң адамдарды тексеру кезеңі қалалық жерде 2 аптадан аспауы және ауылдық жерде 1 айдан аспауы тиіс. МСАК ұйымдарында флюоротүсірімді талдау екі кезеңмен жүргізіледі (екі рет оқу).
112. Жыл сайын туберкулезге міндетті флюорографиялық тексерілуге жататын тәуекел топтарына мыналар жатады:
1) перзентханалардың (бөлімшелердің), балалар ауруханаларының (бөлімшелерінің), жаңа туған нәрестелер мен шала туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің медицина қызметкерлері;
2) ТҚҰ қызметкерлері;
3) әскери қызметке шақырылғандар;
4) жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, училищелердің оқушылары;
5) 15-17 жастағы жасөспірімдер;
6) өкпенің созылмалы ерекшелік емес ауруларымен, қант диабетімен, алкоголизммен, нашақорлықпен, АИТВ/ЖИТС-пен диспансерлік есепте тұрған адамдар;
7) кортикостероидты терапия алып жүрген адамдар;
8) өкпесінде кез келген этиологиядағы қалдық көріністер бар адамдар;
9) туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыстағы адамдар;
10) мектепке дейінгі ұйымдардың, жалпы білім беру және мамандандырылған мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың қызметкерлері;
11) медициналық ұйымдардың қызметкерлері;
12) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметшілері;
13) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы органдардың қызметкерлері;
14) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар;
15) тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы объектілерінің қызметкерлері;
16) халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері;
17) жолаушыларды тасымалдаумен, көліктің барлық түрлерінде оларға қызмет көрсетумен айналысатын адамдар;
18) жоғары және арнаулы орта оқу орындарының қызметкерлері;
19) дәрілік заттарды дайындаумен, өлшеп-ораумен және өткізумен айналысатын дәріханалардың қызметкерлері;
20) Қазақстан Республикасына уақытша тұруға, оның ішінде еңбек көші-қоны бойынша келген адамдар;
21) туберкулезге қарсы вакцинациясыз перзентханадан немесе босандыру бөлімшесінен шығарылғанға дейін жаңа туған нәрестенің отбасы мүшелері.
113. 6 айда 1 рет туберкулезге міндетті флюорографиялық тексерілуге жататын тәуекел тобына мыналар жатады:
тергеудегі және сотталған адамдар;
2) Ішкі істер министрлігі жүйесінің қызметкерлері, оның ішінде мамандандырылған күзет қызметінің, патрульдік-өткізу, жол-патрульдік және учаскелік қызметтердің, тергеу изоляторларының және түзету мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ сотталғандарды конвоирлеуді, түзету мекемелері мен қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз ететін әскери қызметшілер;
3) шұғыл қызметтің әскери қызметшілері.
114. Барлық босанған әйелдер шығарылғанға дейін босандыру ұйымында болған кезеңінде флюорография тәсілімен туберкулезге міндетті тексеруге жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |