Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата17.01.2020
өлшемі1,06 Mb.
#56039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ергалиева Г.А., Жантуреева А.А., Мақсотова Т.Т. Арт-терапия мүмкінтіктері


Көз.  Көз  аймағындағы  қорғаныс  қыртыс,  ол  маңдайдың 
қозғалмауында  және  «бос»  көзқарасында  көрініс  табады.  Көзді 
қолдан  келгенше  қатты  үлкен  қылып  ашу  (қорқу  сезіміндей) 
арқылы  оны  босаңсыту,  маңдай  мен  көз  үстін  мобилдеу  үшін 
эмоционалды  кейіптерді  жасату,  сонымен  қатар  көзді 
айналдырып  және  бір  жақтан  екінші  жағына  қозғалту  арқылы 
көзді әр қабырғаға тоқтату. 
Ауыз.  Оған  иек,  мойын,  желке  бұлшықеттері  кіреді.  Жақ 
қысылып тұрғандай және шынайы емес босаңсыған күйде болуы 
мүмкін.  Бұл  сегмент  жылау,  айқайлау,  ашу,  тістеу,  сору, 
гримасалау  сезімдерін  білдіру  күйлерін  ұстап  тұрып  көрсетеді. 
Қорғаныс қысымы жылаудың имитациясы, дыбыстарды шығару, 
ерінді қозғайтын әрекеттер, тістеу, құсу қимылары, арқылы және 
бұлшықетке тікелей әсер ету арқылы босаңсытуға болады. 
Мойын.    Бұған  мойын  және  тілдің  тереңде  жатқан 
бұлшықеттер  жатады.  Оған  негізінен  ашу,  айқай,  жылау  кіреді. 
Мойынның  терең  жатқан  бұлшықеттеріне  тікелей  әсер  ету 
мүмкін  емес,  сондықтан  маңызды  тәсілдері  айқай,  айқайлап 
сөйлеу, құсу қимылдары т.с.с. болып табылады. 
Кеуде.  Оған  иықтың, жауырын, жалпақ бұлшықеттері, бүкіл 
кеуде  клеткасы  және  қол  бұлшықеттері  жатады.  Бұл  сегмент 
күлкі,  ашу,  қайғы,  құмарлық  сезімдерін  бөгейді.  Кез  келген 
эмоцияны  басудың  маңызды  тәсілдерінің  бірі  демді  кідіртіп 

50 
 
шығару,  ол  көбінесе  кеуде  тұсында  болады.  Қабат  дем  алу 
арқылы, әсіресе толық демді алу арқасында босаңсытуға болады. 
Қол дәл соққы жасау, жұлу, қылқындыру, ұру үшін арналған. 
Диафрагма. Бұған күн кеуде ортасы, әр түрлі ішкі мүшелер, 
төменгі 
омыртқалар 
бұлшықеттері. 
Қорғаныс 
қысымы 
омыртқаның алдыға қарай қисаю арқылы көрініс табады. Клиент 
жатқан  кезде,  арқының  төменгі  тұсымен  жатқан  жерінің 
арасында  кеңістік  болады.  Демді  шығару  демді  алуға  қарағанда 
қиынырақ  болады.  Мұндағы  қабат  көбінесе  ашуды  бөгейді. 
Алғашқы  төрт  сегментті  ашып  алу  керек,  бұл  құсу  рефлексімен 
дем  алумен  жұмысы  арқылы  жүзеге  асады  (мықты  блогі  бар 
адамдар құсуға қабілетсіз болуы мүмкін). 
Іш.  Арқа  мен  іштің  жалпақ  бұлшықеттері  кіреді.  Белдегі 
бұлшықеттердің  қысымы  қорқыныш  сезімімен  байланысты. 
Бүйірдегі  қорғаныс  қабаты  ашу  мен  ұнатпаушылықпен 
байланысты  қытықтан  қорқуды  тудырады.  Босаңсу  жеңіл  өтеді, 
егер де жоғарғы сегменттер ашылған болса. 
Бөксе.  Оған  бөксенің  бүкіл  бұлшықеттері  және  аяқ 
бұлшықеттері  кіреді.  Неғұрлым  қорғаныс  қыртысы  болса, 
соұрлым  бөксе  артқа  қарай  шығып  тұрады.  Бөксе  регидті,  ол 
«өлі»  және  сексуалды  емес.  Бөксе  қабаты  қозу,  ашу  және 
қанағаттануды  басып  тастайды.  Қозу  (немесе  алаңдаушылық) 
сексуалды  ляззатты  басудан  туындайды.  Бөксе  бұлшықеттердегі 
ашу  толығымен  кетпегенше  бұл  аймақта  толығымен  ляззат 
сезімін  бастан  кешу  мүмкін  емес.  Бұл  қысымды  бөксе 
бұлшықеттеріне  қысым  өрсету  арқылы,  содан  кейін  аяқты  сілку 
және бөксемен отырған жерді ұру арқылы босаңсытуға болады. 
Сегменттерді  босату  босаңсыту  әдетте  жоғарыдан  төменге 
қарай  жүргізіледі.  Райхтың  байқағаны,  адамдар  бұлшықет 
қабатын  босаңсытқан  сайын  олардың  өмір  стилі,  тұрмысы 
өзгереді,  үлкен  өзгерістер  болады  және  соның  ішінде  мінезі  де 
өзгереді.  Оның  алдында  жоғалтып  алған  ашықты  пен 
шынайылылық  оларға  қайта  қайтып  келеді.  Олар  өздерін 
қайтадан 
«тірі» 
сезінеді, 
жаңа 
энергиясын, 
өмірге 
қызығушылықтарын, қабілеттерін бағалайды және сақтайды. 
 
 

51 
 
ДЕНЕ ТЕРАПИЯСЫНДАҒЫ 
АЛЕКСАНДЕР ӘДІСТЕРІ (ALEXANDER F. М.) 
 
Александр  әдісін  мүсін  мен  үйреншікті  қалыптарды  түзету 
техникасы  ретінде  қабылдайды,  бірақ  бұл  шын  мәніндегі 
қызметінің  бір  бөлігі  ғана  болады.  Шын  мәнінде  бұл  өзін-өзі 
тануға  аса  терең  бағытталған  жүйелі  бағдар,  ағзаға  жоғалған 
психофизикалық  бірлікті  қайтаруға  тырысатын  әдіс.  Александр 
бойынша  аданың  бүкіл  әрекеті  оның  денемін  басқару  қабілетіне 
байланысты.  Осыған  көптеген  қарама-қарсы  мүмкіндіктер  бар, 
бірақ  әр  жағдайда  нәтижеге  жеңіл  және  жылдам  жетудің  ең 
жақсы тәсілді қамтамасыз ететін бір ғана жол болады. Александр 
ағзаның ауруларға әкеліп соғатын қызмет ету тәсілі дене бұлшық-
еттерінің теріс  (тиімсіз)  қолдануымен  айқындалады, ол бұлшық-
ет күш салуы арқылы жүзеге асады. Ол қөзғалысты орындаудың 
үйреншікті  тәсілдерінің  орнына  өзіндік  денені  жақсартуға 
септігін  тигізетін,  ағзаны  сауықтыруға  ықпалын  тигізіп,  жаңаны 
құруды  ұсынған.  Александер  пікірінше,  нерв  жүйкесімен 
ауыратын  адамдар  әрдайым  «қысылған»  болады,  оларға  тегіс 
емес бөлінген бұлшық-ет жүктемесі (тонустың құбылмалдылығы) 
мен  жаман  мүсін  тән.  Ол  невроздар  «...  ойлармен  емес,  дененің 
ойларға  деген  тонустық  реакциялармен  пайда  болады...», 
бұлшық-ет реакциялары есебінсіз психотерапия табысқа әкелмеуі 
мүмкін  және  жан  жарақаттарының  себептерін  зерттеуге  ғана 
емес,  бұлшық-еттерді  басқарудың  жаңа  жүйесін  құруға  көңіл 
аудару  қажет  деп  тұжырымдаған.  Александер  әдісі  екі  іргетас 
қағидаға негізделген – тежеу қағидасы және директива қағидасы. 
Тежеу  –  оқиғаға  тікелей  реакцияның  шектелуі.  Александр 
ойынша, ізделіп отыратын өзгерістердің іске асуы үшін алдымен 
өзінің  үйреншікті  тума  қасиетті  реакцияны  нақты  қөздырғышқа 
тежеп  (немесе  тоқтату),  және  содан  кейін  ғана  директиваны 
қолданып, осы жағдайдағы әрекеттің ең тиімді тәсілін табу керек. 
Ол  келесідей  директиваларды  қолдануды  ұсынды:  дененің 
сөзылып кеңеюі үшін, мойынды бастың алға және жоғары қарай 
жылжитындай етіп босату керек. Александер бас пен мойынның 
өзара  қатынасына  аса  мән  берді.  «Бастапқы  бақылау»  -  бас, 
мойын  және  дененің  өзара  байланысын  сипаттайды  -  басты 

52 
 
рефлекс,  ол  үйлестіру  және  денені  теңгерімді  басқаруды  қоса, 
барлық  басқа  рефлекстерді  бақылайды.  Ол  мойын  бұлшық-
еттерінің қысылуы мен бастың артқа қарай ауытқуы нәтижесінде 
адам  қөзғалысының  табиғи  үйлестіруі  ғана  емес,  сонымен  қатар 
қөзғалыстан  кейінгі  қалыпты  жағдайға  оралудың  механизмі 
бұзылады.  Александер  әдісін  оқыту  үдерісінде  адам  қандай 
жағдайда  бұлшық-еттерінің  теңбе-тең  емес  күш  салуы  пайда 
болатынын  ұғыну,  тиісті  бұйрыққа  қөзғалысты  жасаудың  кез 
келген  рефлекторлық  әрекетін  тежеуге,  саналы  ойлау  арқылы 
бұлшық-еттердің күшін шешуді үйрену керек. 
Александерден  қарағанда  Фельденкрайз  тек  «ұғыну  әрекетті 
ниетке  сәйкес  жасайды»  деп  санап,  көп  көңілді  сезінуге  бөлген. 
Фельденкрайз  әрекет  бейнесінің  теориясының  әзірлемесіне 
үлесін  қосып,  ағзаның  қалыптасуына  деген  біртұтас  көзқарас 
мәселесіне  арналған  әдісті  әзірледі.  Ол  қызметтердің  бұзылуы 
қате  құрылғылармен  ғана  емес,  сонымен  бірге  адам  ойланғанды 
орындау үдерісінде қате қимылдар жасайтынымен де байланысты 
деп  тұжырымдайды.  Фельденкрайз  пікірі  бойынша  «мақсатты 
әрекетке»  кедергі  болатын  іс-әрекет  үдерісінде  көптеген  артық, 
кездейсоқ  қимылдар  жасалады;  нәтижесінде  кей  әрекеттер  оған 
қарама-қарсы  бір  мезгілде  жасалады.  Бұл  адамның  өзінің  тек 
түрткілері  мен  әрекет  нәтижесін  ұғынатытынан,  ал  соңғының 
үдерісі  танылмайтын  болып  қалады.  Фельденкрайз  бұлшық-ет 
қөзғалысын  адам  қимылының  маңызды  құрамдас  бөлігі  деп 
санаған  және  денені  басқарудың  жаңа  тәсіліне  үйретіп,  мінез-
құлықты  өзгертуге  тырысқан.  Ол  өз  жұмыстарында  өз  бейнесі 
мен  қимыл  бейнесі  ұғымдарын  қолданған.  Фельденкрайзқа 
сәйкес  аамның  мінез-құлқын  өзгерту  үшін  өзімізге  тән  бейнені 
өзгерту  керек,  ал  бұл  реакция  серпілісінің,  мотивация  табиғаты 
мен  осы  қимылға  жүгінген  барлық  дене  бөліктерінің 
жұмылдырылуын 
талап 
етеді. 
Фельденкрайз 
әзірлеген 
жаттығулар  мақсаты  өзінің  әрекеттерін  ұғына  отыра,  ең  аз  күш 
салумен  қөзғалу  мүмкіндігі  мен  аса  жоғары  тиімділікті  туғызу. 
Ерікті  қөзғалыстар  жасауға  қатысатын  бұлшық-еттерге  назарды 
шоғырландырып,  артық  болатын  және  ұғынылмайтын  бұшық-ет 
күш  салуларын  анықтауға  болады.  Сонымен  бірге  субъектінің 
бастапқы  мақсатына  қайшы  келетін  әрекеттерден  құтылуға 

53 
 
мүмкіндік  бар.  Фельденкрайз  өзінің  идеяларын  іске  асыру  үшін 
әртүрлі  дене  мүшелерінің  өзара  әрекеттесуіне,  түйсіктердің 
саралап  жіктелуіне,  қөзғалыстың  стандарттық  паттерндерін 
жеңуге бағытталған жаттығуларды әзірледі. Ол сезімталдылықты 
жетілдіру арқылы қөзғалысты неғұрлым нақты басқаруға үйретіп, 
адамның мінез-құлқын өзгертуді ұсынды. 
 
Дене терапиясының бағыттары 
 
Дене  терапиясына  әр  түрлі  бағыттар  мен  тәсілдер  кіреді. 
Бұған:  Александр  Лоэннің  биоэнергетикалық  дене  терапиясы, 
Фельденкрайздің  әдісі,  Александрдің  әдісі,  рольфинг,  Артур 
Яновтың  алғашқы  терапиясы,  сезіммен  ұғыеуға  бағдарланған 
терапия.  Сонымен  қатар  дене  терапиясына  хатха-йога,  тай-цзи-
цуань,  айкидо  және  басқа  да  шығыс  үйретулердің  әдістерін 
жатқызуға  болады.  Александр  Лоэннің  биоэнергетикалық  дене 
терапиясы,  терең  дем  алуды,  энергетикалық  блоктарды  ұғыну 
және бұлшықет қабатын әлсірету  үшін  арнайы дене тұрыстарын 
қолданады,  сонымен  қатар  энергия  ағымын  мобилдеу  үшн  және 
«жасырылған» 
эмоцияларды 
босату 
үшін 
сөйлесу 
процедуралары.Фельденкрайздің  әдісітиімсіз  әдеттерді  ұғудан, 
қарапайым  әрекеттерде  артық  күштітөмендетуден  тұрады.  Ол 
тиімді  әдеттерді  және  шынайы  грацияны,  еркін  қимылдарды 
құруға  көмектеседі.  Өзіндік  сананы  кеңейтуге  және  қабілеттерді 
дамытуға  көмектеседі.Александрдің  әдісідене  тұрыстарын 
түсінуге  және  оларды  жақсартуға  бағытталған.  Адамға  дене 
мүшелері  арасындағы  өзара  гармониясын  түсінуге  көмектеседі. 
Рольфинг (Ид Рольф) қол бөліктері арқылы терең денені ұқалау, 
денені  қайта  құру,  осанканы  түзету,  сол  арқылы  тұлғаны 
психологиялық 
жаңарту. 
Артур 
Яновтың 
алғашқы 
терапиясыбұрыңғы  болғандарды  бастан  кешу  үшін  қиын 
болатындарды  есіне  түсіру,  жаңғырту.  Бұл  өте  маңызды,  бұл 
арқылы  жасырын  қысымдарды  анықтап,  оларды  жою.Сезіммен 
ұғынуға бағдарланған терапия–бұл процесс бала кезімізде болған, 
бірақ  өмір  барысында  жоғалтып  алған  қабілеттерді  қайтадан 
үйрену, денемен түйсіну. 

54 
 
Шығыс  әдістер  өте  күрделі  және  көп  қырлы.  Хатха-
йогастатистикалық дене тұрыстарына акцент қояды, оның негізгі 
мақсаты  денені  әр  түрлі  энергияның  тасымалдаушысы  ретінде 
тазалау  және  оны  күшейту.Тай-цзи-цзуаньдененің  ішіндегі 
энергия  жүйесін  дамыту.  Мұнда  динамикалық  жаттығулар 
қолданылады.  Айкидо  көбінесе  қорғаныс  жүйесі  ретінде 
танымал,  бұл  жүйенің  мағынасы  -  өзінің  ішкі  әлемінің  
гармониясы. 
 
МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПИЯНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ 
 
Әлемде  музыкасыз  ұлт  жоқ.  Музыка  адамзатқа  ортақ.  Ең 
әсерлі,  сиқырлы  сұлу  сөз  де  адам  сезіміне  музыкадай  әсер  ете 
алмайды.  Д.Шостакович:  "...если  бы  музыка  могла  выражать 
только  то,  что  выражает  человеческая  речь,  музыка  была  бы  не 
нужна"  деп  тұжырымдайды.  Шынында  музыканың  берер  әсерін 
тілмен,  сөзбен  айтып  жеткізуге  болатын  болса  онда  музыканың 
қажеті  болмас  еді.  Музыканың  құдіретін  ұлы  Абай  Құнанбаев 
"Құлақтан  кіріп  бойды  алар,  әнді  сүйсең  менше  сүй"-  дегендей, 
музыканың  сезім  мүшелерімізге  әсер  етіп,  бүкіл  ағзамызға 
жағымды  әсерін  әсем  ән  мен  тәтті  күй  арқылы  әдемі  суреттеп 
берген. Ұлы Абай музыканың құдіретін, оның емдік қасиетін сол 
кезде-ақ көрсете білген.  
Қазіргі  таңда  сонау  сан  ғасырлар  бұрын  айтылған 
ғұламалардың  музыка  туралы  ой-пікірлері  бүгінгі  таңдағы 
ғылымда  терапия  ұғымымен  тұжырымдалып  жүр.  Музыканың 
терапиялық мәні ерекше.      
"Терапия"  –  латын  тілінен  аударғанда  емдеу  деген  ұғымды 
білдіреді,  сонда  музыкалық  терапия  дегеніміз  музыкамен  емдеу 
болып  шығады.  Қазіргі  таңда  музыкасыз  өмірді  елестету  әсте 
мүмкін  емес.  Үйде,  көлікте,  сыртта,  офисте,  жұмыста,  барлық 
жерде  музыка  бізбен  бірге.  Адамзат  музыканың  емдік  қасиетін 
барын  тым  ертеде-ақ  білген.  Адам  тәнін  музыкалық    аспап 
ретінде  қарастырсақ  жүректің  соғуы  ең  үлкен  ырғақ  болады. 
Сонымен қатар адам қорыққанда,  уайымдағанда немесе қуанып-
шаттанғандағы  жүректің  соғуы  нағыз  ырғақтық  музыкаға 
айналады.  Жаны  жоқ  дейтін  өсімдіктерде  жақсы  музыкамен  тез 

55 
 
өсіп,  жақсы  өнім  беретіні  белгілі.  Музыка  жан-жануарларға  да 
әсер  ете  алатыны  бүгінгі  күні  жаңалық  емес.  Адамның  жан-
жүйкесіне,  сезімі  мен  көңіл-күйіне  әсер  ететін  музыканы  – 
қазақтар  тәңірдің  күбіріне  теңеген.  Ежелгі  гректердің  ұлы 
ойшылдары  Демокрит:  "Флейтаның  сиқырлы  сазымен  кейбір 
ауруларды  емдеуге  болады"  десе,  Гиппократ  музыканы  барлық 
ауруды  емдеуге  қолданған.  Платон,  Аристотель  және  Пифагор 
музыканың  емдік  қасиеті  барын  мойындаса,  Гомер  жағымсыз 
эмоциялармен күресуге музыканың көп көмегі барын айтқан. 
Музыканы  жыл  мезгілдеріне  бөліп,  күн  мен  түнде  және 
әртүрлі  аурулардың  өзінің  музыкасы  барын,  ауруды  қандай 
музыкамен  емдеуге  болатынын  ежелгі  үндінің  емшілері  мен 
софылары егжей-тегжейіне дейін білген. 
Мұсылман елдері мен мемлекеттерінде: Аббасид Халифатында 
(750-1257жж)  және  Осман  империясында  (XIII-XVғ)  музыкалық 
терапия,  ароматерапия,  сулы  (водная)  терапия  және  құран 
аяттарымен  емдеу  кең  етек  жайып,  өте  жақсы  нәтиже  берген. 
Музыка  терапиясымен  әсіресе  жүйке  ауруына  шалдыққандарды 
емдеуге көп қолданған. Жаны күйзелгендер мен рухани азғындарды 
да жақсы музыка тыңдатумен емдеп отырған. 
Көне  Қытай  мемлекетінің  ғалымдарыда  музыкамен  адам 
сана-сезімін  игеруге  болатынын  білген.  Ал  императорлары 
арнайы бұйрықпен жылдың әр күніне бір шығармадан шығартып 
тыңдап  отырған,  яғни  365  күнге,  әр  күнге  өзінің  арнайы 
шығармасы  болған.  Қытайдың  әйгілі  тарихшысы  Сыма  Цянь 
былай  деген:  "Музыкаға  келетін  болсақ,  ол  қашанда  даналарды 
шаттыққа  бөлеп  отырған,  олар  музыка  арқылы  халықтың  жан 
жүрегін  тазарта  алған.  Музыканың  әсер  –  ықпалының  күштілігі 
соншалық, ол адамдардың мінез-құлқымен салт-дәстүрін өзгерте 
алады,  сондықтан  да  бұрынғының  басшылары  халықтың  жөнді 
музыка тыңдауын қадағалап отырған
"

Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың, оның ішінде қазақ 
халқының  музыкалық  мәдениеті  сөз  болғанда,  ең  алдымен  сол 
заманнан  бүгінгі  күнгежеткен  музыкалық  мұралар  нақтылы 
айғақ-дерек  ретінде  назар  аудартады.  Бұған  дәлел,  исі  түркі 
халықтарына  ортақ  ақылгөй  абыз,  батагөй  дана,  қобыз  аспабын 
дүниеге  әкелген  әйгілі  Қорқыт  атаның  күйлері.  Бүкіл  түркі 

56 
 
халықтарының  ішінде  Қорқыт  күйлері  текқазақ  халқында  ғана 
сақталған. Тәңірлік наным-сенімі үстемдеу болған қазақтар XIX-
XX  ғасырға  дейін  көшпелі  өмір  салтын  ұстанған.  Тәңірдің 
жердегі өкілі болып есептелетін бақсылардың ел ішіндегі беделі 
үстем  болады.  Ал,  бақсыны  тәңірмен  тілдестіретін  аспап  –  ол 
қобыз  еді.  "Сөз  жоқ,  қобыз  шалған  кез  келген  бақсы  тек  қана 
бақсы  сарындарын  сарнатумен  шектелмеген,  олар  өздеріне  ұлы 
ұстаз  ретінде  пір  тұтатын  Қорқыттың  күйлерін  де  аңырата 
тартып,  Қорқыттың  аруағына  сыйынып  отыруды  киелі  шарт 
санаған.  Бұл  –  көз  көріп,  құлақ  естіген  ақиқат
"
  -  дейді  марқұм 
Ақселеу  Сейдімбеков.  Қорқыт  атамен  қатар  қазақ  даласынан 
шыққан ғұлама ғалымдарымыздың еңбектері әлем халықтарының 
музыкалық  мәдениетіне  ұлы  жаңалықтармен  қосылды.  әл-
Фарабидің  (870-950)  "Музыканың  ұлы  кітабы",  Әбу  Әли  Ибн 
Синаның  (980-1037)  "Айығу  кітабы",  Абдулқадыр  Ибн  Гаиби 
Марагидің  (XIV-XVғ)  "Музыка  ғылымындағы  әуендер  жинағы", 
Ахмадидің (XVғ) "Музыкалық аспаптар айтысы", Дәруіш Әлидің 
(XVIIғ)  "Музыкалық  трактаты"  т.б.  көптеген  кітаптар  музыка 
әлеміне  ең  үлкен,  құнды  қазына  болып  қосылды.  Әл-Фарабидің 
"Музыканың ұлы кітабында" музыка теориясы, оның пайда болу 
және 
қалыптасу 
тарихы, 
музыканы 
жүрекке 
қондыра 
қабылдаудың 
психологисы, 
музыкалық 
шығармаларды 
орындаудың  әдіс-тәсілдері
 
сияқты  өзекті  мәселелер  терең 
талданады. Қазақ даласында болған саяхатшылар, ғалымдар мен 
зерттеушілердің  қазақ  бақсысы  жайында  жазған  жазбалары  өте 
көп. Басқасын айтпағанда Ресейдің И.Кастанье, Н.И.Ильминский, 
А.Янушкевич,  Б.Залесский,  Бартольд,  Добровольский,  Гумилев, 
Потанин,  Левшин,  Радлов,  Диваев,  Затаевич,  Андреев  т.б. 
көптеген ғалымдары құнды материалдар қалдырған. Демек, қазақ 
халқында  да  музыкалық  терапия  болған.  Қазақтар  музыканың 
адам жаны мен тәніне бірдей  әсер ететінін тым ертеде-ақ  білген 
және  оны  (муз.терапияны)  іс-жүзінде,  практикада  қолданған. 
Күні  кешеге  дейін  музыкалық  терапияны  ем  ретінде  іс-жүзінде 
қолданған бірден-бір халық қазақтар. Музыкалық терапия – ақыл 
ой-мен  эмоциялық  әрекетке  байланысты  ауруларды  ғасырлар 
бойы  анықталған  емдеудің  түрі.  Музыканың  емдік  күші  ежелгі 
түріктерге,  египеттіктерге,  индустарға,  қытайларға,  парсы, 

57 
 
гректерге  мәлім  болған.  Пифагор  көптеген  ауруларды  өзі 
шығарған музыкамен емдеген. Пифагорлықтар күннің шығысын, 
батысын  әнмен  бастаған.  Таңертеңгі  ән  миды  оятып,  сергітуге, 
күні  бойғы  жұмысқа  дайындайды,  кешкі  ән  демалуға,  ұйқыға 
арналады.  Мыңдаған  жылдар  бойы  аналар  балаларын  бесік 
жырын  айтып  ұйықтатады.  Ұйқысыздық  ауруына  шалдыққан 
граф  Кастзерлинг  (Россиядағы  посол)  өзінің  пианисті  Иоганн 
Гольдбергты  шақыртып,  И.С.  Бахтың  шығармаларынан  ойнатып 
барып  қана  тәтті  ұйқыға  батады  екен.  И.С.  Бахқа  риза  болғаны 
соншалық  оған  граф  салмағы  өте  ауыр  алтын  бұйым  силайды. 
Музыкада бірлестіктің (біріктірудің) қуатты күші бар.  
Музыканың  адам  ағзасына  тигізетін  әсері  туралы  ой-
тұжырымдарды  шаманизм  бағытынан,  бақсылар  мен  сәуегейлер 
іс-әрекетінен  анық  байқауға  болады.  Тәңірге  табынушылардың 
сәуегейі,  бақсылардың  пірі  Қорқыт  ата  болғандығы  тарихтан 
белгілі. Қорқыт ата бақсылық өнерінің атасы әрі негізін қалаушы 
да.  Өз  заманыныда  Қорқыт  ата  басына  төнген  қауіптен 
қорықпады.  Ол  өлмейтін,  мәңгі  жасайтын  өмірді  іздеп,  өлімнен 
қашумен  болды.  Бұл  бір  адамдарға  адасу  тән  болған,  қоғамды 
надандық  жайлаған  жаһилет  заманында  Құдай  заңына  қарсы 
шығудың көрінісі іспетті еді. Ешкімнің де батылы бармас, көзсіз 
қайсарлықтың  Қорқыттың  бойынан  табылуы  оның  шынымен-ақ 
табиғаттың  тылсым  сиқырлы  күшіне  сенгендігі  ме  деген  ойға 
қаласың.  Қорқыт  өзінің  қобызының  үнін  зарлата,  мұңдата,  жер 
бетін  тебіренте  және  адамдарды  артынан  ертіп  жылата  жүріп, 
өмірін  өте  ауыр  тағдырмен  өткізді.  Ол  уайымсыз,  ұрыссыз, 
қайғысыз, тыныш, еркін өмірді іздеді. Соны аңсап жер-жаһанды 
шарлады.  Ол  өлімді  бір  зұлымдықтың  басы  деп  түсінді.  Қорқыт 
ата адамдарға өз қолынан мәңгілік өмір сыйлай алмаса да артына, 
дертке дауа іздеп адамның тұла бойын шымырлататын зарлы күйі 
мен  қобызын  қалдырды.  Осы  мұрасын  пайдаланған  бақсылар 
ауру  алдында  Қорқыт  күйін  қобызы  арқылы  тартып,  көмекші 
"рухтары"  арқылы  дертке  дауа  іздеді.  Ислам  діні  өлімді  парыз 
десе,  шаман  діні  өлімді  мойындамаған.  Шаман  діні  кезінде 
адамдар табиғат пен әруаққа табынды. Көкті өзі билеуші ретінде 
таныды.  Бұрын  сақ  тайпалары  күнге  ас  берсе,  кейін  адамдар 
әруаққа  ас  беретін  болған.  Шаманизм  буддизмнің  бір  тармағы 

58 
 
болған.  Ол  VI-VII  ғасырларда  Үнді  елінен  Тибет  пен  Қытайға, 
содан  соң  түрік-моңғолдарға  өткен.  Үнді  жұрты  бақсыны 
"бхихшу"  деген.  Қытай,  Тибет,  моңғолдар  ламалары  арқылы 
бұлтқа  табынса,  ол  кезде  түріктер  әруаққа  табынған.  Шаманизм 
VII-IX  ғасырда  жаңа  нанымға  айналып,  оны  бақсылар  бастады, 
олардың ішінде  Қорқыт ата, Баба түкті Шашты Әзиз т.б. болды. 
Бұл  шаман  діні  Сыр  бойына  VIII-IX  ғасырда  тарайды.  Бұл 
жөнінде  Шоқан  Уәлиханов:  "Шаман  дегеніміз  көк  пен  әруақ 
қолдап, басқалардан білімі көп, сиқырға жетілген адамдар болған
өзі  ақын,  музыкант,  балгер  және  дәрігер  болып  саналған",-  деп 
жазған.  Түркі  дәуірінде  елде  Ислам  діні  қабылданарда  халықты 
қырғызбау  үшін,  Баба  түкті  Шашты  Әзиз  60  түйе  қурайдың 
ортасына  өзі  отырып,  қолына  Құран  ұстап  сыртынан  өрт 
қойғызады.  Қурай  жанып  біткенде  қараса  Құран  да  аман,  Баба 
түкті  Шашты  Әзиз  де  аман,  күймеген  болып  шығады.  Содан 
кейін  біздің  ата-бабаларымыз  шаман  дінінен  ислам  дініне 
ғайыптың сырын білетін Баба түкті Шашты Әзиз арқасында аман 
өтіпті.  Бірақ  та,  оның  өнері  осы  Ислам  дініне  жат  екенінің  әрі 
кейін құртылатынын Баба Түктілер де және бақсылар да білмеген 
еді.  Бақсының  негізгі  демеушісі,  Қорқыт  атадан  қалған  мұрасы 
ескі  қобызының  түрі  Ұлытаудың  теріскей  баурайында  бір 
ғажайып  мүсін  таста  сақталған.  Екінші  бір  түрі  Қарқаралы 
аймағында,  Дегелең  тауының  бір  алабында VI-VIII ғасырларда 
мүсін  тасқа  қиып  түсірілген.  Қобызды  арнайы  үйеңкі  деген 
ағаштан  жасаған.  Бұл  академик  Ә.Марғұлан  еңбектерінде  толық 
сипатқа ие.  
Қазіргі  таңда  адам  ағзасы  мен  психикасына  өнер  арқылы, 
музыка арқылы, әртүрлі жанрдағы әдеби шығармалар арқылы оң 
әсер туғызатын әдістерге қоғам тарапынан  қызығушылық артып 
келеді.  Психотерапияның  маңызды  салаларының  бірі  арт-
терапия,  музыка-терапия,  ертегі-терапиялар  алғашқыда    сырқат, 
ауру  немесе  демалыс  үйіндегі  емделушілерге  ғана  қолданған 
болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Қазір 
бұл  әдістер  адамның  шығармашылық  қабілетін  дамыту 
бағытында  қолайлы  қолданылып  келеді.  Осы  орайда  біз 
психотерапия саласы жайлы   қысқашамағлұмат бере кетелік. 
 

59 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет