Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата17.01.2020
өлшемі1,06 Mb.
#56039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ергалиева Г.А., Жантуреева А.А., Мақсотова Т.Т. Арт-терапия мүмкінтіктері


Меридиандар саулығы 
Шипалы  алты  дыбыс  жеке  ағзалармен  бірге  оларға 
байланысты  меридиандарға  да  әсер  етіп,  сауықтырады.  Әр 

69 
 
меридианның өз жұбы бар. Адам денесіндегі алты жұп ағза: өкпе-
тоқ ішек, көкбауыр-асқазан, жүрек-аш ішек, бүйрек-қуық, жүрек 
қабы (перикард) – үш есе қуаты бар жылытқыш, бауыр-өт қабы. 
Шипалы  дыбыстар  адамдарды  ауызынан  шығатын  жағымсыз 
иісінен де арылтады. 
Дыбысты  айтқанда  басты  сәл  шалқайтып,  жоғары  қарау 
қажет.  Ол  қуат  ағымын  жеңілдетеді.  Барлық  дыбыстарды  баяу 
және сенімде айтқан жөн. Бұл оның ішкі әсерін күшейтеді. 
 
ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 
 
Ертегі  –  фольклордың  негізгі  жанрларының  бірі.  Ертегі 
жанры  –  халық  прозасының  дамыған,  көркемделген  түрі,  яғни 
фольклорлық көркем проза. 
Оның  мақсаты  –  тыңдаушыға  ғибрат  ұсынумен  бірге 
эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі 
тәрбиелік,  әрі  көркем-эстетик.әдеби  қазына.  ертегінің  бүкіл 
жанрлық  ерекшелігі  осы  екі  сипатынан  көрінеді.  Сондықтан 
ертегілік  прозаның  басты  міндеті  –  сюжетті  барынша  тартымды 
етіп,  көркемдеп,  әрлеп  баяндау.  Демек  ертегі  шындыққа 
бағытталмайды,  ал  ертекші  әңгімесін  өмірде  болған  деп 
дәлелдеуге 
тырыспайды. 
Ертегінің 
композициясы 
бас 
қаhарманды  дәріптеуге  бағындырылады,  сөйтіп,  ол  белгілі  бір 
сұлба  бойынша  құрылады.  Мұның  бәрі  ертегіге  идеялық, 
мазмұндық  және  көркемдік  тұтастық  береді.  Осы  тұтастық  бұл 
жанрға  басқа  да  қасиеттер  дарытады:  композиция  мен 
эстетикалық  мұраттың  бірлігі  әрі  тұрақтылығы,  көркем 
шарттылықтың  міндеттілігі,  ауызекі  сөйлеу  тіліне  сәйкестігі, 
тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т. 
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол 
әсіреленіп,  ғажайыпқа  айналады  және  біршама  өзінше  дамып 
отырады.  ертегідегі  ғажайып  қиял  адамның  күнделікті  көріп 
жүрген  заттары  мен  құбылыстарын  саналы  түрде  басқаша  етіп 
көрсетеді,  өйткені  бұл  жанрда  ғажайыптың  көркем  бейнелеуіш 
құрал  ретінде  қолданылады.  Өмірдегі  шынайы  нәрсенің  өзін 
әдейі  өзгертіп  көрсету  –  ертегінің  өзіндік  қасиеті  болғандықтан, 
ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге 

70 
 
күш  салады.  Сонымен  бірге  ертегідегі  оқиғалар  мен  іс-
әрекеттердің  қаншалықты  әсерлі  болуы  ертекшіге  ғана  емес, 
сондай-ақ  тыңдаушыға  да,  ертегінің  айтылу  жағдайына  да 
байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта 
қолданылады,  себебі  классик.  Ертегі  адамның  рухани  азығы 
болуымен  қатар  идеол.  та  қызмет  атқарған.  ертегінің  көркем 
баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ.  
Ертегінің  поэтикасы  мен  композициясы  көркем  әрі  жүйелі. 
Композициясы  бірнеше  бөлшектен  тұрады:  бастама  –  эпикалық 
баяндау  –  аяқтау.  Бастама,  әдетте,  өлең  немесе  ұйқасқан  проза 
түрінде  бас  кейіпкердің  ата-анасы,  оның  дүниеге  келуі  туралы 
айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық 
баяндау  қаhарманның  өсуін,  үйлену  тарихын,  оның  бастан 
кешкендерін  әңгімелейді.  Аяқтауда  кейіпкердің  сүйгенін  алып 
немесе  ойлағанын  іске  асырып,  мұратына  жеткені  хабарланады. 
Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің 
ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы 
мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, 
біздің  заманымызға  жеткізген.  Қазақ  ертегілерінде  хандық 
заманның  шындығы,  сол  шақтағы  әдеттер  мен  нанымдар,  салт-
дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. 
Ертегілері  жанрлық  әрі  сюжеттік  құрамы  жағынан  әр  алуан. 
Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: 
1) жануарлар туралы ертегілер
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; 
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер. 
Сюжеттері  тек  қазақтың  өзіне  тән  ертегілермен  қатар,  басқа 
елдермен  ортақ  сюжетке  құрылған  ертегілер  де  бар.  Олардың 
көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-
генетик.,  яғни  туыс  халықтарға  ортақ  болып  табылады,  кейбірі 
тарихи-мәдени  байланыс  нәтижесінде  қазақ  жұртына  тараған. 
Сол  себепті  қазақ  ертегілерінде  таза  ұлттық  та,  халықар.  та, 
көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. 
Негізгі  кейіпкер  мен  мазмұны  және  қияли  әдістердің 
қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы 
тағы  бірнеше  топқа  бөлінеді.  Бұлардың  ішінде:  хикая,  өсиет, 
мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады. 

71 
 
Ертегі  жанрының  пайда  болып,  қалыптасу  тарихы  өте  ұзақ. 
Оның  түп-төркіні  –  алғашқы  қауымда  туған  көне  мифтер, 
аңшылық  әңгімелер,  хикаялар,  әр  түрлі  ырымдар  мен  аңыздар. 
Өзінің  қалыптасу  барысында  ертегі  осы  жанрлардың  көптеген 
белгілерін  бойына  сіңірген.  Бұл  жанрлардың  кейбірі  өз  бітімін 
мүлде  жоғалтып,  толық  ертегіге  айналған.  Солардың  бірі  –  миф 
жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. 
Миф  –  алғашқы  рулық  қауымның  қасиетті  деп  саналған 
құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде 
айта  бермеген.  Мифте  қоршаған  ортаның,  дүниенің  жаратылуы 
мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен 
жасампаз  қаhармандар  туралы,  олардың  іс-әрекеттері  жөнінде 
фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі 
ақиқат  деп  қабылданған,  мифке  жұрт  кәміл  сенген.  Бірақ  уақыт 
өтіп,  адам  санасы  мен  мүмкіндігі  жетілген  сайын  миф  өзгеріске 
ұшырап,  бірте-бірте  «қасиетті»  сипатынан  айрылған,  құпия 
болудан  қалған.  Осының  нәтижесінде  мифке  сенушілік  те 
әлсіреген,  ондағы  оқиғалар  мен  кейіпкерлер  басқа  сипат 
қабылдаған,  тіпті  мифті  айтушы  бара-бара  өз  жанынан  да 
қосатын  болған.  Соның  салдарынан  іс-әрекеттердің  де  нәтижесі 
баяғы  мифтік  сипаттан  айырылған.  Мифтің  себеп-салдарлық 
белгісі  жоғалған.  Бірте-бірте  мифтің  бұрынғы  масштабы 
тарылып,  әңгіме  жеке  бір  адамның  тағдырын  баяндайтын 
жағдайға  келеді.  Сөйтіп,  миф  хикаяға,  содан  соң  ертегіге 
айналады.  Ертегінің  тағы  бір  тамыры  –  алғашқы  рулық  қауым 
адамдарының  аңшылық  әңгімелері  мен  хикаялары.  Алғашында 
шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел 
арасына  тараған  сайын  қоспалармен  толықтырылып,  хикаяға, 
одан  ертегіге  айналып  кеткен.  Осындай  аңшы  мергендер 
жайындағы  әңгімелер  қазақ  ертегілерінің  құрамында  аз  емес. 
Әрине,  олар  біздің  ертегіде  сол  ежелгі  замандағы  күйінде  емес, 
көркем  фольклорға  айналған  формада  көрінеді.  Алғашқы 
қауымдағы  мифтік  ұғымдар  туғызған  небір  ғаламат  мақұлықтар 
(жезтырнақ,  жалғыз  көзді  дәу,  албасты,  жалмауыз  кемпір,  т.б.) 
бұрынғы  аңшылар  әңгімесіне  кірігіп,  хикая  туғызады.  Хикая 
жанры  мифтің  өзімен  бірге  ертегіге  де  айналады.  Оның  ертегі 
құрамында  жүретіні де  сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу 

72 
 
жолында  хикая  мен  ертегі  қатар  өмір  сүреді,  сол  себепті  миф, 
әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады. 
 
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
Қазақ  халқы  прозасында  осы  процесс  түгел  дерлік  із 
қалдырған.  Жалпы  ертегілердің  пайда  болып,  қалыптасуының 
алғашқы  кездерінде  ел  оны  қиял  деп  ойламаған,  онда 
баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен 
алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. 
Ал көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Қазақ 
ертегілерінің  жиналуы  мен  жарияланып,  зерттелуі  18  ғ-дың  2-
жартысында  басталды.  Алғашқы  жүз  жылда,  негізінен, 
Қазақстанға  Ресейден  келген  адамдардың  кейбірі  қазақ 
жұртының  тұрмыс-салты,  әдет-ғұрпы  туралы  деректер  жинап, 
солардың  қатарында  фольклор  жайында  жалпылама  мәліметтер 
жариялап  жүрді.  Ертегілердің  көбірек  жиналып,  жарық  көрген 
тұсы  –  19  ғ-дың  2-жартысы.  Бұл  кезеңде  қазақ  ертегілерін  ғыл. 
мақсатта  жариялаған  жинақтар  да  болды.  Әсіресе,  В.В.  Радлов, 
И.Н.Березин, 
Ы.Алтынсарин, 
Г.Н.Потанин, 
А.В.Васильев, 
А.Е.Алекторов,  Ә.Диваев  жинақтарында  ертегілердің  көптеген 
мәтіндері  жарық  көріп,  олар  туралы  азды-көпті  ғыл.  пікір 
айтылды.  Аталған  жинаушы-жариялаушылардың  ғалымдық 
деңгейі,  ғыл.  түсінігі  әр  түрлі  болғандықтан  ертегі  мәтіндері  әр 
түрлі  көзқарас  тұрғысынан  бағаланды.  Соған  қарамастан  біраз 
ертегі жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ 
ертегілері  Потаниннің,  Радловтың,  А.Н.Веселовскийлердің  кең 
масштабты ғыл.- зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ 
оқығандары  да,  ақындары  да  жинастырып,  «Дала  уәлаятының 
газетінде»  жекелеген  мәтіндерді  жарыққа  шығарды.  Әсіресе, 
Мәшhүр  Жүсіп  Көпейұлы  ертегілерді  арнайы  түрде  жариялап 
отырды. Ш.Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай 
Құнанбаев,  Ә.Бөкейхановтар  жалғастырды.  Ертегілерді  ғылыми 
әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы 20 
ғ-да  кең  жолға  қойылды.  Бұл  ғасырдың  40–50-жылдарына  дейін 
ертегілер, 
көбінесе 
оқу-ағарату 
мәселесі 
тұрғысынан 
жарияланып,  оқулықтарда,  жекелеген  мақала  мен  кітаптарда 

73 
 
арнайы 
қарастырылды. 
Осы 
тұста 
А.Байтұрсыновтың, 
Х.Досмұхамедовтің,  М.О.Әуезовтің,  С.Сейфуллиннің  оқулық 
іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, 
Е.С.Ысмайыловтардың  мақалалары  қазақ  фольклортануы  ертегі 
жанрына  да  арнайы  көңіл  бөлгенін  айғақтады.  Бірақ  аталған 
авторлар  ертегіні  түсінуде,  талдауда  әркелкі  түсінік  көрсетті. 
Әсіресе,  ертегіні  таза  таптық  тұрғыдан  бағалау  етек  алып,  оның 
көптеген  нұсқалары  талдаудан  тыс  қалды,  тіпті  мәтіндерге 
редакциялық  түзетулер  де  енгізілді.  Осы  үрдіс  20  ғ-дың  60-
жылдарына  дейін  жалғасып,  жарық  көрген  мәтіндерге  таптық 
сипат  берілді,  ал  зерттеу  еңбектер  тұрпайы  социологиялық 
бағытта  болды.  1960  жылдан  бастап  ертегі  жанрын  зерттеу  ғыл. 
негізге  түсті.  Бұл  салада  Әуезов  пен  Ысмайыловтың, 
В.Сидельниковтың,  М.Ғабдуллиннің  еңбектері  айрықша  болды. 
Олар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл 
жанр  туралы  жаңаша  ой  толғап,  көлемді  мақалалар  жазды  және 
мәтіндерге  түсініктер  берді.  Ертегілер  1960  ж.  басылып  шыққан 
«Қазақ  әдебиетінің  тарихына»  жеке  бөлім  болып  енді  (авторы  – 
Әуезов).  Ертегі  жанрына  Ғабдуллиннің  жоғары  оқу  орнына 
арналған оқулығында, Н.С.Смирнованың кітабында, орыс тілінде 
жарық  көрген  «История  казахской  литературы»  атты  3  томдық 
еңбектің  бірінші  томында  арнайы  тараулар  берілді  (авторы  – 
Е.Костюхин). ертегіні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық 
тұрғыдан 
зерттеу 
ісі 
1970 
жылдан 
қолға 
алынды. 
С.А.Қасқабасовтың  қиял-ғажайып  ертегілерге,  Е.Д.Тұрсыновтың 
тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 
1972–1973  ж.  баспадан  шықты.  1979  ж.  хайуанаттар  туралы 
ертегілердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Ертегі 
жанры  бүкіл  халық  прозасы  жүйесінде  «Қазақтың  халық 
прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған  1986 ж. Қазақстан ғылым 
академиясының  Ш.Ш.Уәлиханов  атындағы  сыйлық  берілді 
(авторы  –  Қасқабасов).  Қазақ  ертегітануы  ұлттық  фольклор 
туралы ғылымының үлкен де маңызды бір саласына айналды.  
 
 
 
 

74 
 
ИМАГОТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 
 
ИМАГОТЕРАПИЯ  (И.)  (лат.  imago  —  бейне).  Науқастың 
емдеу  мақсатымен  белгілі  бір  бейнелер  кешенін  жасаудағы 
жаттығудың  психотерапиялық  әдісі.  Бұл  әдіс  И.Е.Вольпертпен 
1966 жылы ұсынылған.  
Имаготерапияны  терапия  мақсатында,  ойын  бейнелерін 
көрсету  арқылы  жүргізеді.  Адамның  өзі  динамикалық  бейне 
құрастырады.  Нақты  бір  әдісті  түрлі  жағдайда  пайданалады. 
Мысалы:  әдеби  шығармаларды  қайталап  айту,  шығармалар 
мазмұны  алдын  –ала  әзірленген  диалогтың  жауап  арқылы  айту, 
алдын  ала  тапсырылған  ситуациялық  жағдайларды  сахналау, 
драматизациялау, спекткльдерге қатысу, образдық бейнелер қою. 
Көбінесе имаготерапияда  психотерапевт ассистенті ерекше роль 
атқарады . Имаготерапияның негізгі мақсаты: 
1. 
Қолайсыз  жағдайға  ұшыраған  клиентке  жағдай  жасай 
отырып, оның «мен» деген бейнесін дамыту . 
2. 
Адамның  эмоционалдық  байлығын  байыту  және 
нығайту, оның коммуникативтік жағдайын қалыптастыру . 
3. 
Клиенттің  өзінің  мен  деген  жаңа  ресурсын  меңгеру 
бойынша шығармашылық қабілеттілігін дамыту. 
4. 
Өзін-  өзі  реттей  білуін  дамыту,  өмір  тәжірибесін 
бағдарлай білуін іске асыру қабілеттілігіне жаттықтыру. 
5. 
Клиент өмірін байыту. 
Имаготерапиялық үдерісте күрделенген техникалық  тәсілдер 
қолданылады. 
Бірінші  кезеңде  ауруға  айтушы 
немесе 
тыңдаушының  рөлі  ұсынылады.  Имаготерапияның  бастапқы 
және  негізгі  формасы  –  әңгіме,  себебі  науқас  бейнеге  кіріп,  осы 
сәттегі  сезімдерді  бастан  кешіреді.  Ауру  үшін  бейне  оның 
психологиялық  мамнына  сәйкес  емдеу  факторы  ретінде 
таңдалады. Жұмыстың негізгі формасы ретінде әдеби материалды 
айтумен  қатар  типтік  өмірлік  жағдайды  импровизациялық 
көрсетілімі де қолданылады (экспромт театр). 
Бұл  жағдайда  имаготерапияның  міндеті  психологиялық 
теңбе-тең 
мінез-құлықты 
жаттықтыру. 
Имаготерапияның 
бастапқы  курсы  бүкіл  шығарманың  мазмұны  толығымен 
баяндалу  үшін,  3  айдан  жарты  жылға  дейін  қамтиды. 

75 
 
Имаготерапия  топпен,  және  жеке  формада  сирек  жүргізіледі. 
Науқасқа  күн  сайын  1-2  сағат  бойы  өзін  қалайтын  «Мен» 
бейнесін  сомдауы  ұсынылады.  Бірте-бірте  ойынның  ұзақтығы 
көбейеді,  және  қаланатын  бейне  науқастың  үйреншікті  мінез-
құлық стереотипі болып қалыптасады. 
Имаготерапияның  екінші  кезеңінде  әңгіменің  трагедиялығы 
кіреді.  Драмалық  іс-әрекетпен  және  диалогтармен  айқындалған 
повесть  немесе  романның  кейбір  фрагменттері  әр  жақтан 
ойналады.  Сондай-ақ  науқастар  жұмыс  жасайтын  шығарма 
ішіндегі  кейбір  эпизодтарды  сахнаға  қоюы  маңыздылық 
танытады.  Шығармада  жоқ  жағдайлардың  сахнаға  қойылуы  да 
жүзеге асырылады. Сөйлеу техникасы, такт бойынша қөзғалу, би 
бойынша сабақтар жүргізіледі. Екінші кезеңнің ұзақтығы бірінші 
кезеңнің ұзақтығымен бірдей. 
Имаготерапияның  үшінші  кезеңі  емдеу  драмалық  студияда 
жүзеге асады. Бейнені жасау үстіндегі жұмыста хореографиялық, 
драмалық  және  комедиялық  спектакльдер  қолданылады. 
Бейнелерді  таңдау  науқастардың  клиникалық-психологиялық 
ерекшеліктері  есебінен  жүзеге  асады.  Есірік  сырқат  адамдарды 
талдауға  бейім  байсалды  және  ақылды  бейнелер  ұсынылады. 
Психастеникалық  сипатты  науқастарға  шындық  өмірді  тікелей 
және  эмоциональдық  түрде  сезінетін  адамдар  бейнесін  жасауға 
пайдалы. 
Имаготерапияның  қолданылатын  емдеу  факторларына 
көңілді  бұру,  сендіру,  түсіндіру,  иландыру,  имитациялық  мінез-
құлық,  эмоциональдық  көмек,  мінез-құлықтың  жаңа  тәсілдеріне 
үйрету  жатады.  И.  шектік  нерв-психикалық  бұзылуларды  емдеу 
әдісі  және  науқастың  тұлғалық  дамуы  арқылы  емделу  тәсілі 
ретінде қолданылады. 
 
ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 
 
Құм  терапиясының  маңызы:  Бала  өзін  жайлы,  қорғалған 
күйде  сезініп,  шығармашылық  белсенділік  танытатын  табиғи 
стимулдық  орта  қалыптастырады  және  танымдық,  психикалық 
процестерді  дамытады  ол  түйсік  (форманы,  түсті,  тұтас  түйсік), 
есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық 

76 
 
сезімділік  пен  қолдардың  ұсақ  моторикасын  дамиды.Құм 
терапиясының  мақсаты:  Балалардың  құм  терапиясында  қиял, 
көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі  
іс-әрекеттік  ойлауды,  шығармашылық  және  сын  тұрғысынан 
ойлауды дамыту. 
Құм терапиясы арқылы баланың қандай құзіреттіліктері 
дамиды: 
● Шығармашылық; 
● Танымдық;                  
● Интеллектуалдық; 
● Қарым –қатынас. 
Құм терапиясын қолданудың әдіс - тәсілдері: 
1. 
Әңгімелесу; 
2. 
Түрлі – түсті құммен сурет салу; 
3. 
Танымдық ойындар; 
4. 
Коммуникативтік ойындар; 
5. 
Пікірталастар. 
Құм терапиясы негізгі принциптері: 
1. 
Шығармашылық  белсенділікті  таныта  отырып,  бала 
өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініп табиғи ынталандыратын 
орта жасау. 
2. 
Абстрактылы нышандар әріптердің сандық тиімді және 
осы принциптің жүзеге асырылуы болып жатқан оқиғаға баланың 
жеке 
қызығушылығымен 
іс-әрекетіне 
оң 
мотивацияны 
қалыптастыруға және күшейтуге мүмкіндік береді. 
3. 
Ертегі  ойындарының  кейіпкерлерімен  бірге  әртүрлі 
жағдаяттарды ойнау шынайы бірге тұру. 
«Құм терапиясы» принципі аналитикалық терапияның негізін 
салушы  Карл  Густав  Юнгпен  ұсынылған.  Мүмкін  ұлы  Юнгке 
адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі, оның құрылысы осы 
идеяны  ұсынуға  себепші  болған  шығар.  Себебі  көптеген 
психологтар  жекелеген  құм  түйіршіктерінде  жеке  тұлғаның 
нышандық  айқындамасын,  ал  құм  массасында  –  жаһандағы 
Өмірді көреді. 
Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы 
жайылған.  Құм  –  өте  ұсақ   ақ  түсті,  сары,  қоңыр,  сұр  және 
қызғылт  түсті  болады.  Құм  бала  үшін  магнит  сияқты  өзіне 

77 
 
тартымды  зат.  Бала  құмды  не  екенің  сезінгенше  қолдары  сарай, 
қоршау  т.б.  жасай  бастайды.  Ал  оған  ойыншықтар,  кішігірім 
фигураларды  қосса,  онда  баламен  түрлі  ертегілерді  драмалау, 
ойын процесіне кіреді. 
Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-
жағдайларына  оң  әсер  етеді,  бұл  баланың  өзіндік  дамуы  үшін 
тамаша құрал болып табылады. 
Құммен  ойнау  кеңестік  әдіс  ретінде  1939  жылы  ағылшын 
педиатры Маргарет Ловенфельд сипаттама берген. 
«Құм  терапиясы»  концепциясының  құрылуымен  негізінде 
юнгиан  мектебінің  өкілдері  айналысты,  мысалы  швейцар 
аналитигі Дора Каалфф. 
Құмдағы  ойындар  -  баланың  табиғи  әрекеті  формаларының 
бір  түрі.  Сондықтан  да  біз,  ересектер,  құммен  ойнайтын 
орындарды  оқыту  және  дамыту  сабақтарында  қолдана  аламыз. 
Құмнан  суреттер  салып,  әртүрлі  оқиғаларды  ойлап  тауып,  біз 
бала үшін әлдеқайда  қызықты түрде  оған өзіміздің біліміміз  бен 
өмірлік  тәжірибемізді,  қоршаған  әлемнің  заңдылықтары  мен 
оқиғаларын жеткізе аламыз. 
Оған қажетті материалдар мен жабдықтар: 
1. Су өткізбейтін ағаш қорап, түрлі-түсті құм, таза өзен құмы, 
шағын  фигуралар  «коллекциясы»  (биіктігі  8  см  аспайтын 
«Киндер-сюрприздан»). Ойыншықтар жиынтығы: 
● адам кейіпкерлері; 
● жануарлар (үй, жабайы, тарихқа дейінгі, теңіз және т.б.) 
● көліктер 
● өсімдіктер 
● табиғи заттар 
● ертегі кейіпкерлері 
● лақтырым материалдар 
●  пластикалық  немесе  ағаш  әріптер  мен  сандар,  әртүрлі 
геометриялық фигуралар. 
Бала  құм  терапиясында  тек  қана   қиял,  көрнекі  –  бейнелік 
ойлауды,  сөздік  –  логикалық  ойлауды,  көрнекі  іс-әрекеттік 
ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды дамыта 
отыра   процесс  барысында  бала  өзінің  ішкі  қобалжуларын  ішкі 
сезімдерін  сыртқа  ойын  барысында  фигураларды  таңдау 

78 
 
барысында толығымен өз назарын  салады. Бала ойын барысында 
өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады. 
 
ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Құм терапиясының маңыздылығы: 

 
Сөзбен  айтып   жеткізе  алмайтын  ойлаумен  қобалжуларды 
сыртқа шығаруға көмектеседі. 

 
Іште  туындаған  қиын  жағдайларды,  шығармашылық 
потенциалдарын босатады. 
  Құм  терапиясы  3  жастан  бастап  әр  жастағы  адамдармен 
өткізіледі.  Кейбір  адамдар  бұл  әдісті  психоанализге  әкеледі  деп 
ойлайды,  бірақ  біздің  тәжірибе  терапияның  еркін  әдісі  екенің 
көрсетеді.  Юнгтің  оқушыларымен  бірнеше  жолдармен  тәжірибе 
жинақталған, нәтижесінде олар қолайлы мінездемелерін барынын 
қорытындысын  келді.  Мысалы  осыған  көгілдір  түсті  құмзар 
жатады,  онда  бала  мен  ересек  бірлесе  ойнайды.  Ойында 
ойыншықтар қолданылады. Керекті пішіндердің тізімі бар. 
Оларға: 
● ағаштар 
● өсімдіктер 
● табиғи заттар, (тірі және өлі табиғат) 
● лақтырым материалдар 
●  пластикалық  немесе  ағаш  қиқымдары  мен  әртүрлі 
пішіндер заттар. 
Балабақшада  тәрбиеші  болып  жұмыс   істеу  барысында 
балалардың  байланыстырып  сөйлеуі  және  сөздік   қорларының  
кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі  өте 
төмен  дамыған  олар  агрессивті,  бір-біріне  қайрымды  болмауы 
және  бір-біріне  мейірімділік   шындамдылық  танытпауы  басым. 
Балалардың  тез  және  жиі  шаршайтындықтары,  сабаққа  деген 
қызығушылақтарының төмендеу,  байланыстырып сөйлеуін және 
сөздік 
қорларының 
аздғын 
болдырады, 
комуникативтік 
дағдыларының  дамуын  тоқтады.  Осындай  ауытқулардың  
бірнеше  себептері  бар.  Бұл  экологиялық  тепе-теңдіктің  бұзылуы 
және  қоғамда  тудырылатын  мәселелер:  өмірдегі  және 
теледидардағы  қатыгездіктің  өсуі,  дұрыс  тамақтанбау  және  ата-

79 
 
аналардық  денсаулыққа  қайшы  келетін  қылықтары,  қиын 
отбасылардың  көбеюі.  Ата-аналардың  көбі  балалармен  қарым-
қатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмейді және ниеттері 
жоқ, оларда бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету. 
Балаларға ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компютер мен 
теледидар  алмастырады.  Тәрбиешіге  түрлі  мінездегі  балалармен 
жұмыс істеуге тура келеді.  Біз өзіміздің тобымызда балалардың  
сөздік  қорлардың  дамуына  және  жалпы  өзін  -өзі  ұстау 
жұмыстарына  назарымызды  аударамыз.  Балалардың  дамуын 
және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-тәсілдер 
бар. Мен бұл әдістердің ішінен балалармен жұмыс жүргізудің бір 
түрі  құммен  ойынға  тоқталып  өткім  келеді.  Біз  топта  жыл  бойы 
құмды  қолданамыз.  Балалар  құммен  ойнауды  өте  жақсы  көреді. 
Жазғы  маусымда  балалар  шаршамастан  бірнеше  ай  бойы 
құмзарда  «еңбектенеді»:  түрлі  кеңсарайларды  жасап,  түрлі 
тоқаштар  «қуырып»,  тортарды  жасайды.  Құм  балалардың  өзара 
түсінушіліктерін  табуға  көмектеседі.  Құм  агрессиялық  қуатты 
шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге 
ойын  жоспарлап  оны  жүзеге  асырады.  Балалардың  бір-бірімен 
қарым-  қатынас  жасауға  мүмкіндігі  туады  да,  ол  тілдік  және 
комуникатвті дамыуына жағымды әсерін тигізеді. Қыс мезгілінде 
де  біз  құммен  ойындарымызды  тоқтатпаймыз.  Мен  өзімнің 
тобымда  «шағынқұмзар»  жасадық.  Ол  ағаш  қорап  ені  мен 
ұзындығы  70  немесе  80  см  биіктігі  20  см  болу  керек.  Құмзар 
топтын  арнайы  бөлінген  орнында  орналасқан,  тудырылған 
жағдайға байланысты құмзарды басқа жерге қоюға болады. Біздің 
шағынқұмзар  кең  қолданыста.  Біз  оны  оқу  әрекеттерінде, 
балалармен  бірлескен  әрекеттерінде,  дербес  ойындарда  және 
шығармашылық жұмыстарда қолданамыз. 
Әрекет үстіндегі құмды қолдану. 
Тіл  құзіреттілік  дамыту  сабақтарында  мен  келесі  әдіс-
тәсілдерді қолданамын: 
1.Әңгімелесу  «бөлмедегі  құммен  ойнау  ережелері»  бұл 
сабақта  мен  топттағы  не  істеуге  болады  және  не  істеуге 
болмайтының  талқылаймыз  (құмды  шашуға,  лақтыруға,  басқа 
жерге тасуға т.б.) 

80 
 
2.  Балаладың  өз  тәжірибесі  туралы  әңгімелесу  «Құммен 
ойнағанда  мен  не  сеземін».  Балалар  өз  сезімдері,  құммен  ойнау 
барысындағы туындаған қиялары туралы әңгімейлейді. 
3.  ТРИЗ.  Ойын  «Құм:  жақсы-  жаман»  балалар  құмның  
пайдалы және пайдасыз қасиеттерін атайды. 
4.  Сусымалы  құмды  қарастыру  (Құм  сағаты)  «Менің 
сезінулерім».  Балалар  сусымалар  құмды,  бірнеше  рет  аударып 
отырып  бұл  процесті  өте  ұзақ  қарастыра  алады.  Бұл  көрініс 
оларды  қатты  қызықтырады.  Содан  кейін  олар  өз  сезінулері 
туралы әңгімейлейді. 
Математика  сабақтарында  төмендегіндей  жаттығуларды 
қолданамыз: 
1. 
«Өлше  де  сана».  Балалар  қасыкпен  құмды  өлшейді 
және санын санайды. 
2. 
«Түрлі өлшемдермен өлше». Бірдей мөлшердегі құмды 
балалар  түрлі  белгілері  бар  қасықтармен  өлшеп  салыстырылады 
және санын санайды. 
Сурет сабақтарында келесі сабақ түрлерін қолданамыз: 
1. 
«Құммен  сурет  салуды  үйренеміз».  Осы  сабақты 
балалармен  бастапқы  кезеңде  әрқайсысымен  жекелеп  өткіземіз. 
Бір  заттың  бейнесін  саламыз  немесе  көшірме  қағаз  арқылы 
бейнелейміз.  Суреттің  ортасына  жіңішке  қылқаламмен  желім 
жағып  үстіне  құм  себеміз,  1-2  минуттан  соң  артық  құмды  алып 
тастаймыз да, қайта өз ыдысына қалдық құмды саламыз. 
2. 
«Суретті  құммен  саламыз».  Сабаққа  түрлі  түсті 
гуашпен  боялған  және  түрлі  табиғи  реңкі  бар  құмдарды  
қолданамыз. Түрлі түсті құмды біртіндеп желіммен әр түсті жеке 
алып отырып суретті шығарамыз. 
3. 
«Бауырсақ  және  түрлі  безендірілген  қуыршақтар» 
дымқыл құмнан мүсіндеу. 
Құм ойындары 
Қыстың  суық  күндерін  де  сырқа  шығу  мүмкін  болмаған 
жағдайда  балалармен  құммен  ойнайтын  түрлі  ойындар  және 
ойынсауықтар ұйымдастырылады. 
 
 
 

81 
 
Ойын түрлері: 
1. 
«Ненің ізі». 
2. 
«Келесіге бер» 
3. 
«Еркін ойындар» 
Қорыта  айтқанда,  құмзар  ойыны  баланы  тәрбиелеуде 
дамытуда  маңызды  рөл  атқарады.  Құмзар  ойындарды, 
жаттығуларды 
пайдалану 
балардың 
эмоциясын, 
шығармашылығын, 
зейіндерін, 
қабілеттерін 
дұрыс 
көзқарастырын қалыптастыруға маңызды рөл атқарады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет