Артериальная гипертензия, вопросы классификации диагностики и лечения



бет6/6
Дата12.04.2022
өлшемі0,59 Mb.
#139046
1   2   3   4   5   6

  • Геморрагиялық синдром
  • Геморрагиялық синдромының Баркаган бойынша 5 типі бар:
  • А. Қанағыштықтың гематомалық түрі:
  • тері астына, бұлшық ет арасына, буындарға, апоневроз астына, шажырқай іш астары және ішектің кілегей қабатының астына, дәрі еккен орындарда көлемді қан құйылулар;
  • кенеттен, зақымданудан кейін, операциядан кейін, тоқтаусыз, қан кетулер (ас қазан-ішектен, жатырдан, мұрыннан, т.б.). бұл гемофилиямен ауырған адамда жиі кездеседі).

  • Б. Нүктелі дақты түрі (петехиялы- дақты):
  • ұсақ нүктелі ауырмайтын геморрагиялар;
  • оң манжеталық сынама;
  • жиі менаррагиялар, мұрыннан қан кету, қызыл иектің қанағыштығы (бұл тромбоциттер патологиясында кездеседі);
  • тромбоциттердің азаюы - тромбоцитопения, функциясының төмендеуі - тромбоцитопатия деп аталады.

  • В. аралас немесе петехиялы- гематомалық түрі:
  • клеткада, ішкі ағзаларда, шажырқайда және серозды қабаттардың астында гематомалар болады;
  • буындар сирек зақымдалады;
  • көлемді қанталаулар;
  • көптеген петехиялар;
  • түрлі ағзалардан тоқтаусыз қан кетулер (бұл тамырішілік шашыраңқы қан ұю синдромында болады).

  • Г. Васкулитті –пурпуралық түрі:
  • * геморрагиялық бөртпелер (дененің көгергені көбінде аяқтардан басталады, симметриялы түрде, көгерген жерлері бірдей, нүкте сияқты болады, басқанда жоғалмайды, сипағанда тері үстінде сәл білініп тұрады, кейін орнында дақ қалады. Жайылып кетсе, екі қолда, денеде де кездеседі.
  • * жиі аллергиялық инфекциялы-токсинді көріністермен қосарланады (есек жемде). Квинке ісінуінде, қызбада, ревматоидты артритте, спленомегалияда болады.

  • Д. Ангиматоздық түрі (тамырлардың үлкеюі - ангиома):
  • дисплазияға ұшыраған тамырлардан ұзағынан қан кету, жиі шектеулі орындардан (мұрыннан);
  • теріге, клечаткаға, тіндерге қан құйылулар болмайды; ангиома көбінде туа кездесетін жағдай – ішекте, ауызда, мұрында, ас қазанда т.б. жерлерде кездесуі мүмкін.

  • Шағымдары: қан кету, көгерген дақтар, қан құйылулар, петехиялар теріде және кілегей қабаттарда, буындарда ауырсыну, іштің ауырсынуы.
  • Қарау: жағдайы өте ауыр болуы мүмкін, көгерулер, ауыз қуысында – қан құйылулар, қызыл иектің қанағыштығы, буындардың ісінуі, қозғалысының шектелуі анкилозға дейін, бұлшық ет атрофиясы буын қызметінің шектелуіне байланысты.

  • Пальпация: лимфа түіндерінің, бауырдың, көк бауырдың (лейкозға байланысты) үлкеюі, пульстің жиілеуі.
  • Перкуссия: жүрек, бауыр шекараларының үлкеюі.
  • Аускультация: тахикардия, систолалық шу жүрек ұшында және өкпе артериясында, плевра үйкеліс шуы, өкпеде сырыл және крепитация (геморрагиялық бөртпелерге байланысты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет