Анемиялық синдромға тән: мидың гипоксиясының клиникалық белгілері (әлсіздік, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, бас айналу, бас ауыруы, талықсуға бейімділік, ұйқышылдық) жүрек бұлшық етінің гипоксия белгілері (ентігу, жүрек қағуы, кардиалгия, жүрек камераларының дилатациясы, жүрек тондарының әлсіреуі, жүрек ұшында систолалық шу) болады.
Анемия кезінде сидеропениялық синдром да кездеседі: дәм сезудің бұзылуы, тері, шаш, тырнақтарда, трофикалық өзгерістер.
Лабораториялық анализде: эритроциттер азаяды, Нв төмендейді, гипохромия (т.к.- 0,6-0,5), анизоцитоз, пойкилоцитоз, ретикулоцитоз, (15 көп) болады. Қан сары суындағы темір азаяды (қалыпты мөлшері –10-30 мкмоль/л).