Қарты бар елдің-қазынасы бар



бет11/12
Дата03.12.2016
өлшемі3,69 Mb.
#3054
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Дәстүріңді сақтай біл

Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, оқушыларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер

І.Ұйымдастыру

Кіріспе.

Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы салт –дәстүрлер туралы болмақ.Қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп.Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған еңбектері салт-дәстүр, әдет-ғұрып , үлгілері

20.01.2014ж

Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:.Адамның көктемгі еңбегі.

Сабақтың мақсаты: 1 Жыл мезгілдері туралы айта келе, көктем мезгіліндегі адамдар еңбегімен таныстыру.

2. Ұжымдық еңбекке баулу.

3.Білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Көктем мезгіліне мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап,көрнекілік, ой шақыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

-Бір, екі ,үш,

Бойға жинап күш.

Жалұқаулықты тастаймыз.

Сабақты біз бастаймыз.

1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Қыста өлі табиғатта болатын өзгерістер туралы не білесіңдер?-Ағаштар мен бұталардың қандай мүшелері сақталған?

Олардың аттарын ата.

-Қыста жапырақтары түспейтін өсімдіктерді ата

.-Адамның қысқы еңбегі туралы не білесің?

ІҮ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:

Ағаштар бүршік жарып, жер жасыл кілем жамылатын кез көктем.Көктемде адамдар жеңіл киінеді.Ағаштар бүршік жарып, құстар келеді.Мал төлдейді.Адамдар у-да шу балалар ойнап, қой қоздап қорада шу болады.Адамдар егін егуге жерді дайындайды.Күн шығып, жер бусанады.

а) Жыл мелгілдерін ата, айларын ата.ә) Көктемгі ауа райындағы өзгеріс.б) Адамдардың көктемгі еңбегімен таныстыру.в) Көшет қалай дайындалады?

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.Мақал-мәтел айтқызу.

Жері байдың- елі бай.

Еңбек етсең емерсің.

Еңбек еңбек түбі зейнет.

Жер саулуғы –адамның денсаулығы.

ҮІІ. Жаңа білімді бекіту:-Егісті қалай күтеді?

-Бақта қандай жұмыс түрі істеледі?

-Өз ауылыңдағы көктемгі адам еңбегі туралы не білесің?

Ә.Дүйсенбиев:»Көктем» өлеңін оқып беру.

ҮІІІ Сабақты қорытындылау:

Біз не жайында білдік?

Көктемдегі адамдардың еңбегін айт.

Көктем суретін салу.

Үйге тапсырма: Көктем суретін салу.Көктем туралы әңгіме жазу.

Бағалау: Білімдерін бағалау.

28.12.2013ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Табиғатым -тал бесігім

Мақсаты:оқушылардың жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің бір-бірімен өзара байланысы туралы түсінігін қалыптастыру.Табиғатты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Барысы:ІҰйымдастыру

Сұлу дала, менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным

О,туған жер тамашасың көркемсің!

Хор: Менің Қазақстаным!

ІІ.Негізгі бөлім

Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.Адамдар табиғат байлығын ысырап жұмсап ойсырауға ұшырады.Ағаштардың кесілуі, өзендердің ластануы, қоқыстардың көбеюі, аңдар мен құстардың жойылуы адамдардың табиғатқа енжар қарауынан.

Табиғатта көптеген жануарлар мен құстар жәндіктер бар.Көбелектер алаңқайды әдемі етіп тұрады.Құмырсқа болмас не істер едік?

Құмырсқа болмаса шөптер мен гүлдерді зиянкестер, құрттар жеп қояр еді.Сонымен қатар құмырсқалар өлген жәндіктерден орманды тазартып, алаңқайды тәртіпке келтіреді.

Ал табиғатта ұлу болмаса өзендердегі су қарайып, ластанып кетіп құрбақалар, балықтар жойылып кетеді.Өйткені ұлулар судағы балдырларды тазартады.

М: Балалар пайдасыз жануарлар да құстар да болмайды.

Балығы болмаса- көл жетім

Құстары болмаса -көк жетім,

Адамдары болмаса –жер жетім.

Қорыту:

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік



Бір-бір ағаш егейік

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Тест. Ана тілі

1.Жуан дауысты дыбысты тап

А) а Ә) е Б) т

2.Сөйлеу құралы не?

А) мұрын Ә) тіл Б) құлақ

3.Бал арасы не жинады?

А) гүл Ә) бал Б) масақ

4.Орман емшісі қандай құс?

А) торғай Ә) көгершін Б) тоқылдақ

5.Сөйлем неден құралады?

А) дыбыстан Ә) әріптен Б) сөзден

Дүниетану.

1.Қар қай мезгілде жауады?

А) қыс Ә) жаз Б) көктем

2.Иіс сезу мүшесін тап

А) көз Ә) құлақ Б) мұрын

3.Құстың атын тап

А) аққу Ә) қоңыз Б) жылан

4.Шөлдегенде не қажет ?

А) ауа Ә) су Б) тамақ

5.Табиғаттың неше түрі бар?

А) 2 Ә) 3 Б) 4

Хаттама №

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінде 1 класта қарашаның күні сынып жиналысы болды. Жиналысқа оқушылар түгел қатысты.

Жиналыс төрайымы: Жолмұратова Жайдарман

Хатшыысы: Бегежанқызы Ақмаржан

Күн тәртібінде

І. Ағымдағы мәселелер.

ІІ. «Әдепті бола білейік» пікірталас

Тыңдалды:

Класс жетекші: Жолмұратова Жайдарман оқушылардың тазалығы, қараша айындағы оқушылардың сабаққа қатысымы және мектеп үлгісінде киіну туралы, білім сапасы жайында атап айтып өтті. «Алтын күз-2013» байқауына қатысқан бишілерді және ән айтқан оқушыларды мадақтады.Оқушыларға алдағы уақытта мектепшілік шараларға белсене араласуы туралы айтты.

ІІ.Бүгінгі жиналыста «Әдепті бола білейік» тақарыбы бойынша өз ойымызды ортаға саламыз.Әдептілік дегеніміз не?

Әдепті бала қандай болады?

Біздің сыныпта қандай оқушыларды әдепті деуге болады? Әдепті баланың бойынан қандай қасиеттерді таба аламыз? Осындай сұрақтар арқылы оқушының сөйлеу қабілетін дамыту мақсатнды ұйымдастырылып отыр.

Шығып сөйлеушілер:

Жангелді.Е: әдептілік дегеніміз - тәртіпті , үлгілі болу.Үлкенді сыйлау деп ойлаймын.

Айдосұлы.А- мен әдептілік дегенді тәртіпті, үлкеннің алдынан кесіп өтпейтін, мейірімді балаларды айтамын.Мен де әдепті болғым келеді.

Амангелдіұлы.Ж: Әдепті баланың бойынан өтірік айтпау, ұрлық жасамау, үлкенді тыңдамау , дөрекі сөйлеу сияқты жаман қылықтар болмауы керек.Әдепті бала алыстан сәлем береді.

Оқушылар әдептілік жайында өз пікірлерін айтты.

Класс жиналысы қаулы етеді:

І. Сабақтан қалмау, оқушының білім сапасын жақсарту, таза киіну мәселесі жетекші мен оқушыларға міндеттелсін

ІІ. «Әдепті бола білейік» атты пікірталас жақсы деп бағалансын

Жиналыс төрайымы: Ж.Жолмұратова

Хатшысы: Бегежанқызы.А

18.01.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Абай –дана, Абай-дара

Мақсаты:оқушыларға қазақтың ұлы ақыны-Абай Құнанбаев туралы мағлұмат беру.Оқушылардың абай туралы білімдерін пысықтау.

Барысы:І.Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу.Тазалығын, оқу құралдарын тексеру.Сабаққа қатысымы туралы айту.

ІІ.Негізгі бөлім

Ақ киімді денелі ақ сақалды

Соқыр мылқау танымас тірі жанды

Үсті басы ақ қырау түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.Өлең не туралы?

Бұл өлеңнің авторы кім?

О: Абай Құнанбаев.

Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда Абай туралы білеміз.Абай Құнанбаев ұлы ақын, композитор.Ол 1845 жылы Шыңғыс тауында дүниеге келген.Әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам.Абайдан әкесі көп үміт күтті.Бірақ Абай әкесә күткеней әкім болмады, ақын болды.

Абай әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті.Ол бала кезінен өлеңді сүйді. Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру.Сурет арқылы.

Абайдың «Күз» , «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры» өлеңдері бар.

Қазіргі кезде біз Абай атамызбен мақтана аламыз.Алматы қаласының орталық даңғылы Абай атамыздың атымен аталған.Абай атындағы даңғыл Республика сарайы Достық даңғылының қиылысынан басталып Б.Момышұлы көшесіне дейін 15 шақырымға созылып жатыр.

Қазір біз төрт кезеңге сурет саламыз.Кім қандай мезгілді салатынын айтамын.

Абай атамыз лирик ақын.Ол табиғат тіршілігіне қарап өлеңдер шығарды.

Қорыту: «Абайды танып біл» сұрақ-жауап ойыны.

1.Абай кім?

2.Ол неше жасынан бастап өлең жазды?

3.Абайдың қандай өлеңін жатқа білесің?

4.Абайдың әжесі мен анасының аттары кім?

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі

Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Н.Жолдасбаев.

Мерекелік шара

Тақырыбы:«Желтоқсанның мұзда жанған алауы»

Класы:2


Өткізген: Ж.Жолмұратова

2014-2015 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әкеге қарап*ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

Мақсаты:оқушылар бой ына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, ата дәстүрін ардақтауға тәрбиелеу.Адамгершілікке тәрбиелеу, ана мен әкеден ғибрат алуға, әдептілікее тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, суреттер.

Барысы: Ұйымдастыру

Кім үлкенді тыңдаса

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

ІІ. Кіріспе

Балалар адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен.Жақсы адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінездерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысу керек.Сендерге ақылдылықты, адалдықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді.Үйде қыз балаға анасы, ер балаға әкесі үйретеді.Аялаған баптаған,

Асыраған, сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс !

Теңіздей шалқып жүремін,

Сүйенер сенсің тірегім.

Барсам да қайда жан әке,

Өзіңмен бірге жүрегім!

Бізді тәрбиелеп, жақсы мен жаманды айырып үйретке ол ата-анамыз.Әр бала өз ата-анасына үлгі алады.Әке -шаңырақтың негізгі тірегі.

Әке -балаға сыншы.

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Аталы бала-ақылды,

Аналы бала-еркетай.

Әке - асқар тау,

Шеше-қайнар бұлақ

Баланың ұяты әкеге

Қыздың ұяты шешеге.

Сондықтан бізді мәпелеп өсірген ата-анамызға біз мәңгілік қарыздармыз.Қыз бала қашанда анасынан ісмерлікті, шеберлікті, ептілікті үйреніп отырса, ер бала әкесіне қарап жақсы еңбек етуді үйренуі қажет.

Ананың алақыны жұмсақ, ананың сүті тәтті.Әкеміз біздің асыраушы тірегіміз.Сондықтан осы бастан бойымызға жақсы игіліктерді сіңіруіміз қажет балалар.

«жалғастыр» ойыны

Үлкен кісіні-.............

Үлкеннің тілін-...........

Үлкендерге-.............

Аналарды, әкелерді................

«жақсы –қасиет-жаман» Венн диаграммасы.



+


16.11.2013ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жат қылықтан жирен

Маөқсаты: оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға үйрету.Жақсылық пен жамандық туралы түсіндіру,Адамгершіліке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру.

Барысы:

І.ұйымдастыру



Сұрақ-жауап алу

1.Әдептілік деген не?

2.Әдепті бала қандай болады?

3.Әдепсіз бала қандай болады?

4.Әдептілікті кім үйретеді?

ІІ.Негізгі бөлім

Адам бойында жақмы да жаман да қасиеттер болады.Бізге адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті, шыншылдықты үлкендер үйретеді.Ол біздің ата-аналарымыз бен ұстаздарымыз.

Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру

1.Әдепті бала-арлы бала

Әдепсіз бала-сорлы бала.

2жаманға айтқан ақылың

Далаға атқан оқпен тең.

Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені.

Жақсы болсаң баласың жаман бюолсаң пәлесің.

Ананың тілін алмасаң арың кетеді.

Абай сөзі

5 асыл іс 5 дұшпан

Талап Өтірік

Еңбек Өсек

Терең ой Мақтаншақ

Қанағат Еріншек

Рақым Мал шашпақ

Не істеуге болмайды?

1.Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

2.Есікке керілуге болмайды.

3Аузыңды ашып есінеуге болмайды.

4Үйге жүгіріп кіруге болмайды.

Тел.Жаманмұрынов атндағы орта мектебінің 2013-2014 оқу жылындағы 2-класс оқушыларына арналған жылдық тәрбие сағаттарының жоспары.



Тақырыбы

Мақсат-міндеттері


Мерзімі



1

Ата заңым айбыным

Оқушыларды патриоттық сезімге баулу.

1.09.2014ж

2.

Кітап -асыл қазынаң

Оқушыларды білімділікке тәрбиелеу, кітапқа деген қызығушылығын ояту..

6.09.2014ж

3

Тіілім менің - мақтанышым

Өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

13.09.2014ж

4

Күз береке молшылық

Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату.

20.09.2014ж

5

Ұстазым өмірлік ақылшым

Ұстазға құрметпен қарауға тәрбиелеу

27.09.2014ж

6

Алтын ұям -ақ ордам.

Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.

4.10.2014ж

7

Батамене ел көгерер

Бата жаттату арқылы оқушыны ізгілікке тәрбиелеу..

11.10.2014ж

8

Ғарыш саңлағы

Ғарышкерлер туралы түсінік беру.

18.10.2014ж

9

Жат қылықтан жирен

Жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

25.10.2014ж

10

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер

Ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу.

1.11.2014ж

11

Іздегенде табылатын қасыңнан

Достық туралы түсіндіре отырып адалдыққа тәрбиелеу

15.11.2014ж

12

Отбасы және туған туысқандар

Туған туысқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

22.11.2014ж

13

Адамгершілік асыл қасиет

Әдептілік пен адамгершілікке тәрбиелеу.

29.11.2014ж

14

Бақытым да, байлығым да -денсаулығым.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

6.12.2014ж

15.

Қазағымның дәстүрлері -ай

Салт-дәстүрді жетік меңгеруді үйрету.

13.12.2014ж

16

Төрт түлік мал -ел байлығы

Малға сіңірілетін адам еңбегі туралы түсінік беру.

20.12.2014ж

17.

Туған жерім-аяулы әнім

Патриоттық сезімге тәрбиелеу.

27.12.2014ж

18.

Айналайын, көше саған үй емес.

Жол ережесі туралы түсінік беру.

10.01.2015ж

19.

Аққу құстың киесі

Киелі құс жайлы түсінік беру.

17.01.2015ж

20

Мақтанышым- Астанам

Елорда туралы түсінік беру.

24.01.2015ж

21

Әдептілік адам көркі

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

31.01.2015ж

22

Әке шаңырақтың негізгі тірегі

Әкені құрметтеуге тәрбиелеу.

7.02.2015ж

23

Ас атасы-нан

Нан туралы түсінік беру,үнемділікке тәрбиелеу.

14.02.2015ж

24

Ана деп ән саламын.

Ана есімін қадірлеуге тәрбиелеу.

21.02.2015ж

25

Табиғат менің ата-анам

Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

28.02.2015ж

26

Аталар сөзі-ақылдың көзі

Ұлттық қасиеттерді сіңіріп , имандылыққа тәрбиелеу.

7.03.2015ж

27

Қош келдің қанатты достар!

Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

14.03.2015ж

28

Әке ер, ана-жігер.бір үйде екі кемеңгер.

Ана мен әкеге деген сүйіспеншілігін арттыру.

4.04.2015ж

29

Қазақтың ырым, тиымдары.

Ырым, тиымдар туралы түсінік беру.

11.04.2015ж

30.

Ынтымақ -достық кепілі

Оқушыларды бірлікке тәрбиелеу.

18.04.2015ж

31

Желбіре жеңіс жалауы

Соғыс жылдары туралы мағлұмат беру.

25.04.2015ж

32

«Ертегелер еліне» саяхат

Ертегі арқылы ізгілікке тәрбиелеу.

2.05.2015ж

33

Дос боламыз бәріміз.

Бірлікке тәрбиелеу.

9.05.2015

34

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

оқушыларды тапқырлыққа тәрбиелеу.

16.05.2015ж

Класс жетекшісі: Жолмұратова Жайдарман

Тел.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы 3-класс оқушыларына арналған жылдық тәрбие сағаттарының жоспары.


Тақырыбы

Мақсат-міндеттері





1

Менің-Отаным Қазақстан

Оқушыларды патриоттық сезімге баулу.



5.09.2015ж

2.

Кітап –менің шабытым

Оқушыларды білімділікке тәрбиелеу,оқуға

қызығушылығын ояту..



12.09.2015ж

3

Тілім менің - мақтанышым

Өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

19.09.2015ж

4

Қарты бар елдің –қазынасы бар

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету

26.09.2015ж

5

Мұғалім-мектептің жүрегі

Ұстазға құрметпен қарауға тәрбиелеу

3.10.2015ж

6

.Әке-алтын діңгек

Әкенің отбасында алатын орны туралы түсінік беру.

10.10.2015ж

7

Еңбек -бәрін жеңбек.

Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

17.10.2015ж

8

Аталы сөз-баталы сөз

Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

24.10.2015ж

9

Салт- дәстүрді білесің бе?

Салт-дәстүрді жетік меңгеруді үйрету.

31.10.2015ж

10

Салауатты ел өмір салты

Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, бағалы байлық екенін түсіндіру.

14.11.2015ж

11

Дос және достық.

Достық туралы түсіндіре отырып адалдыққа тәрбиелеу

21.10.2015ж

12

Тәрбие көзі - отбасы

Туған - туысқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

28.11.2015ж

13

Әдептілік-әдемілік

Әдептілік пен адамгершілікке тәрбиелеу.

5.12.2015ж

14

Отбасы және туған туысқандар

Отбасының қадір-қасиетін ұғындыру.

12.12.2015ж

15.

Елімнің ерлік жолы-Тәуелсіздік.

Тәуелсіздікке қолымыз қалай жеткенін зерделеу.

19.12.2015ж

16

Төрлет, құтты жаңа жыл

Оқушыларды жаңа-жыл мерекесін қарсы алуға дайындау

26.12.2015ж

17.

Мақтанышым- Астанам

Елорда туралы түсінік беру.

9.01.2016ж

18.

Бар жақсылық табиғаттан таралыпты

Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру

16.01.2016ж

19.

Төрт түлік мал-ел байлығы

Малға сіңірілетін адам еңбегі туралы түсінік беру.

23.01.2016ж

20

Мақтанышым- Астанам

Елорда туралы түсінік беру.

30.01.2016ж

21

Айналайын -абайла

Қауіпсіздік ережіесін сақтауға үйрету.

6.02.2016ж

22

Қыз-өмірдің қызғалдағы

Қыздарды құрметтеуге тәрбиелеу.

13.02.2016ж

23

Батаменен ер көгерер

Бата арқылы ізеттілікке тәрбиелеу.

20.02.2016ж

24

Жүрегі жүз жырлаған

Жамбыл ата туралы түсініктерін кеңейту

27.02.2016ж

25

Ардақты менің -анашым

Ананы қадірлеп, құрметтеуге үйрету

5.03.2016ж

26

Бәйшешек бүр жарғанда

Қыздарға деген сыйластығын арттыру

12.03.2016ж

27

Бақ-берекем, құт –мерекем-Наурыз!

Ұлттық наурыз мейрамы туралы түсінік беру

19.03.2016ж

28

1001 мақал, 101 жұмбақ

Халқымыздың сөз өнері мақал-мәтелдер мағынасын ұғынуға үйрету

2.04.2016ж

29

Аталар сөзі-ақылдың көзі

Оқушыларға діни тәрбие беру

9.04.2016ж

30.

Рәміздерім -мақтанышым

Бойына патриоттық сезімді қалыптастыру

16.04.2016ж

31

Қош келдің, қанатты достар!

Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу

23.04.2016ж

32

Ынтымақ -достық кепілі

Бейбітішілік пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу

30.04.2016ж

33

Желбіре,Жеңіс жалауы!

Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

7.05.2016

34

Мен қалаған мамандық

Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

14.05.2016ж

Класс жетекшісі: Жолмұратова Жайдарман

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің 3 класс оқушыларымен 2015-2016 оқу жылында өткізетін мерекелік шаралардың тақырыбы туралы мәлімет


Мерекенің атауы

Мақсат-

міндеттері

уақыты


1


Ана тілім - айбарым,желкілде көк байрағым

Балалардың ойын дамытып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру.

қыркүйек

2.

Қарттарым-асыл қазынам

Қарттарды құрметтеуге тәрбиелеу

қазан

3

Ұстаз-ұлы есім

Ұстаз есімін, мамандығын құрметттеуге тәрбиелеу.

Қазан

4.

Қазақстан мәңгі ел

Тәуелсіздік туралы түсінік беру.Патриоттық сезімін ояту.

желтоқсан

5

Желтоқсанның мұзда жанған алауы

Келетін жылқы жылы туралы түсінік беру.

Желтоқсан

6

Аялайық ананы

Аналларды құрметтеуге тәрбиелеу

Наурыз

7.

Армысың, Әз-Наурыз!

Наурыз мерекесі туралы түсінік қалыптастыру.

Наурыз

8

Қош келдің –қанатты достар

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру,құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Сәуір

9.

Ынтымағы жарасқан елміз

Бірлікке, татулыққа тәрбиелеу

мамыр

10

Желбіре жеңіс жалауы!

Жеңіс салтанатын көре алмай кеткегн боздақтар туралы түсінік беру.

мамыр

VIII. Үйге тапсырма

Тоқылдақ оқу.Торғай жаттау.

Бағалау


Оқушыны біліміне қарай бағалау.


Кітап- менің шабытым

Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білеуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу.

         Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру.

         Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

         Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.



Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.

Әнұран

Мұғалім:                    Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.

                                      Кітап- адал пейіл, асыл дос.

                                      Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең?

                                      Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады.

Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап.

         Кітап- қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен.

         Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, өлеңдер білеміз, соны ортаға салайық.



1-оқушы.

Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние-мүлік

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

2-оқушы

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.

3-оқушы

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жайып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын  ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

6-оқушы

Айдын шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көл дерсің

Ауадай қажет бейне бір

Таппасаң нәрін шөлдерсіңъ

7-оқушы

Ұсынған қойынан

Білімнің үлесін

Шықпайды ойыңнан

Досың ғой білесің

Бұл не?


Бұл –кітап.

сені кім?



Кітап.

Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,

Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін.

Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді



Оқушы.

әсерлемей,асырмай, айтып берші жасырмай,

жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап.

Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп

Бетімді менің ашады, әңімеге басады

Жолдарымда сызады, шырқымды да бұзады

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды

Налымаймын неге мен, бұл секілді пендеге.

Оқушы.

Сені сүймес адам аз

Ақылды көп, надан аз

Ондайлардан түңілме

Сені ойлар түбінде

         Енді Т.Дәуренбеков ағаларыңның «Кітаптар мұңыә әңгімесіне құлақ асайық.

         Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткеірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті.

Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.

-Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?

-Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып ұшып кеткені жақсы еді.

-не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

-Сыртымды қайтесің?! – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ана тілі оқуғымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де, қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда, Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер, күтіп ұстаса, келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай-сүйегім сырқырайды. Іші бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған,, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем.

-Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы боламын,- деді бірінші кітап. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып болып, мектеп босағасын аттамағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей-ақ, Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып-бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп-тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.

-Әріптестер, қанша айтқанмен «Ана тілімін» ғой. Менің айтқаныма құлақ асыңдар. Бұл жерде тек кішкентайлар емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі-ау!

-Дұрыс айтасың, «Ана тілі»,- деді қаракөлеңкелеу жерде жатқан бір кітап.

-Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ойнағанда қой демейді ғой үлкен ағасы. Сондағы сылтауы: «Оқу жылы аяқталды».

- бірақ-деді «ана тілі» сөзін қайта жалғап,- шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы кекрек қой. Ондай балалар жоқ та емес,, бар. Бар емес-ау, көп. Алайда олардың бір кемшілігі –Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз – мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық.. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас шіркін! Кітабыңа шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді. Қағаз салып қояды. Сызбайды., сия тамызбайды. Оның «Ана тілі» кітабы қыстап су жаңа күйінде шықты.

-Енді бізді не істер екен?- дейді кітап.

-Әлде жинап-жинап отқа тамызық етер ме екен?

От деген сөзден бәрі де селк ете қалды. Бір сәт үндері шықпай, іштен тынды.

-мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер,- деді «Ежелгі дүние тарихы» сәлден соңбасу айтып.

-Түптер,-деді оны кекетіп әлгі кітап.

-Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтінін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге де ұялып, бір түкпірге бұқпалап отырғанымды.

-Пысықтығына қарағанда есеп кітабы боларсың, - деді оған «Ана тілі».

-Дұрыс айтасың. Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.

-Әріптестерім, отқа тамыздық қылады деп ұнжырғыларың түспесін,-деді «Ежелгі дүние тарихы» жұбата сөйлеп.

-Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деңдер.

-Соны айтсаңшы,-деді бірдей жамырап.



2-жүргізуші

1. Әңгіме неге «кітаптар мұңыә деп аталған?

2. Кітаптарды өздерің қалай ұстайсыңдар?

3. Оқушылырға кітаптың тигізер пайдасы қандай?

4. Кітаптарды кімдер және қалай жасайды?

5. Кітаптардың оқушыларға ренжігендері дұрыс па?

6. Кітап қайда басылып шығады?

7. Кітапты баспадан шығару үшін  не қажет?

-Сендер сол жайлы не білесіңдер, балалар?

         Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау-бәріміздің міндетіміз.

Бізде кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын оқушылар да арамызда бар.

Олар жауапкершілікті түсінген оқушылар.

.


Күні:16.01.2014ж

Сабақтың тақырыбы : Бақылау диктанты.Шортан.

Мақсаты: оқушының сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.Ести отырып сөйлемдерді дұрыс, әдемі жаза білуге үйрету.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ,қайталау.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Ормандағы аю, қонжық,

Ұялардан бал іздейді.

Мойындарын солға бұрды.

Ағаштарды шайқап көрді

Қуанғаннан билей берді.

Оқушыны түгендеу.Оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Балалар қазір бақылау диктантын жазамыз.Дәптерімізді ашып бүгінгі күнің жадан жазайық

Диктантты жазған кезде азат жолдан бастап жазамыз.Диктант үш рет оқылады.Үшіншісінде жазамыз.Диктант тақырыбы: Шортан .Диктант 17 сөзден тұрады.

Бақылау диктанты

Шортан


Әкем шортан ұстады.Шортан үлкен екен.Мен шортанды зорға көтеріп әкелдім.Анам шортанды қуырды.Шортан дәмді болды.

Қорыту: Диктанттта не туралы айтылған?

Балықтың қандай түрлерін білесіңдер?

Шортан қайда мекендейді?

Үйге тапсырма беру: Қайталау.Ережені жаттау.

Бағалау: жазу сауаттылығына қарай бағалау.

ХАТТАМА № 5

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінде қаңтар айының 25 -і күні 1 класс оқушыларының жиналысы болып өтті.Жиналысқа барлық оқушылар түгел қатысты.

Жиналыс төрайымы: Жолмұратова Жайдарман

Хатшысы: Бегежанқызы Ақмаржан

Күн тәртібінде:

І.Ағымдағы мәселелер.

ІІ.Оқушылардың сабаққа қатысымы, тазалығы.

Тыңдалды:

1.Класс жетекші: Жолмұратова Жайдарман оқушылардың оқулық сырттарын әлі де қапталмауын, оқушылардың себепсіз сабақтан қалмауын және мектеп үлгісінде таза, ұқыпты киініп, ер балалар шаштарын алып келуін атап айтты.Оқушыларға киім кию үлгісі мен үлеенді сыйлау, сәлемдесу соынымен қатар сабақтан себепсіз қалмау жөнінде хабарлып өтті.

ІІ.Оқушылардың сабаққа себепсіз келмей қалуы, қыздардың шаш тазалығы, мектеп үлгісінде таза киінуі жөнінде хабарлап Кеңшілік Абай, Кеңшілік Ыбырай, Кеңшілік Сабина сынды оқушыларға ескертулер берілді.

Шығып сөйлеушілер:

Айдосұлы Айбат- мен достарыма үнемі таза жүріп, сабақтан қалмайық деп ұсыныс білдіремін.Бір күн сабақтан қалсаң қаншама нәрсені игеру қиын болады.сондықтан оқушылар сабақтан қалмайық.

Үмбетбай.Б - мен де достарыма таза киініп, шашымызды алып, сабақтан себепсіз қалмайық дер едім.

Жұмажан.ж- оқушының міндеті оқу.Біз сабақтан қалсақ оқи алмай қаламыз.Сондықтан балалар сабқтан қалмайық, қалсақ көп нәрсені үйрене алмаймыз.Абай, сабина, ыбырайға сабақтан қалмауға бізге және апайға уәде бер дер едім.

Класс жиналысы қаулы етеді:

І.Сабақтан қалмау, мектеп үлгісінде киіну, сабақ оқу мен оқыту класс жетекшісі мен оқушыларға міндеттелсін.

ІІ..Алдағы уақытта оқушылардың сабаққа қатысымы мен тазалығы талапқа сай орындалу жетекші мен оқушыларға міндеттелсін.

Жиналыс төрайымы: Ж.Жолмұратова

Хатшысы: Бегежанқыызы .А

ХАТТАМА № 6

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінде наурыз айының 15 - і күні 1 класс оқушыларының жиналысы болып өтті.Жиналысқа 13 оқушы қатысты.

Жиналыс төрайымы: Жолмұратова Жайдарман

Хатшысы: Бегежанқызы Ақмаржан

Күн тәртібінде:

І.Ағымдағы мәселелер.( тазалық, сабаққа қатысым, білім сапасы)

ІІ Наурыз мерекесіне дайыныдқ

Тыңдалды:

1.Класс жетекші: Жолмұратова Жайдарман оқушылардың оқулық сырттарын әлі де қапталмауын, оқушылардың себепсіз сабақтан қалмауын және мектеп үлгісінде таза, ұқыпты киініп, ер балалар шаштарын алып келуін атап айтты.Оқушыларға киім кию үлгісі мен үлеенді сыйлау, сәлемдесу соынымен қатар сабақтан себепсіз қалмау жөнінде хабарлып өтті.Оқушыларға алдағы уақытта пәндерден қорытынды баға шығатыны туралы сабақтан қалмай, үйге берілген тапсырмаларды орындап, тыңғылықты дайындалуы жөнінде хабарлап айтылды.ІІІ оқу тоқсанында 15 балаға қорытынды шығарылады.Оқу озаттары мен екпінділер анықталады. Білім сапасының көрсеткіші шығарылады. Тнст жұмыстары алынып, бағаланады.Сондықтан балалар қайталау -білім анасы дегендей өткен тақырыпты қайталап отырыңдар

ІІ. Алда 22 наурыз мерекесі келе жатыр.Ол мерекені барлық қазақ елі тойлайды. Жеті түрлі тағам қосып, ағаш үй тігіліп, ойындар ойнатылады.Адамдар ұлттық киім киіп бір-бірімен көріседі.Сендер де мерекеге ұлттық киім киіп, ән айтып , ұлттық тағамдар жасап әкелесіңдер.барлығымыз бұл мерекені тойлаймыз.Сіздер белсене қатысыңыздар.

Шығып сөйлеушілер:

Қалабай Ахмади - мен сабақтан қалмамын.Үнемі саббққа дайындалуыма анам көмек беріп отырады. Наурыз мерекесіне ұлттық киімімді киіп дайыналамын.

Тәңірберген Гүлназ-- мен сабапсіз сабақтан қалмаймын.сабағымды жақсы оқығым келеді. Математика пәнін жақсы көремін.Алдағы уақытта қорытынды шығады. Сабаққа дұрыс қатысайық дегім келеді.Наурыз мерекесіне қазақ көйлек киіп, дайыналап қатысамын.

Аманбайқызы Ақсамал - мен де сабақтан қалмауға уәде беремін.сабаққа дайындалуыма ана мен әкем көмек береді. Математиканы жақсы көремін.наурыз мерекесін асыға күтіп жүрмін.Ұлттық киім киіп қарсы аламын.Алдағы уақытта қорытынды шығады.Сондықтан сабақ оқуға көп көңіл бөлейік дер едім.

Класс жиналысы қаулы етеді:

І.Сабақтан қалмау, мектеп үлгісінде киіну, сабақ оқу мен оқыту класс жетекшісі мен оқушыларға міндеттелсін.

ІІ..Наурыз мерекесіне ұйымшылдықпен қатысу оқушыларға және жетекшісі Жолмұратоваға міндеттелсін.

Жиналыс төрайымы: Ж.Жолмұратова

Хатшысы: Бегежанқыызы .А

ХАТТАМА №

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінде сәуір айының 19 - ы күні 1 класс оқушыларының жиналысы болып өтті..Жиналысқа 15 оқушы қатысты.

Жиналыс төрайымы: Жолмұратова Жайдарман

Хатшысы: Бегежанқызы Ақмаржан

Күн тәртібінде:

І.Ағымдағы мәселелер.( тазалық, сабаққа қатысым, білім сапасы)

ІІ . « Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы» оқушылар ой пікірі

Тыңдалды:

1.Класс жетекші: Жолмұратова Жайдарман оқушылардың оқулық сырттарын әлі де қапталмауын, оқушылардың себепсіз сабақтан қалмауын және мектеп үлгісінде таза, ұқыпты киініп, ер балалар шаштарын алып келуін атап айтты.Оқушыларға киім кию үлгісі мен үлкенді сыйлау, сәлемдесу соынымен қатар сабақтан себепсіз қалмау жөнінде хабарлап өтті.Сонымен қатар өзінің киім киісін, оқу құралдарын түгендеп таза киініп, сабаққа үнемі дайындалып жүру қажет.Биылғы оқу жылында сыныбымыздан 8-оқушы оқу озаты болды.Ал оқу екпіндісі 3 оқушы.Алдағы уақытта да оқушылар өз білімділіктерін көрсетіп, үнемі сабаққа үздіксіз дайындалып отырса ғана жетістікке жетеді.Алдағы уақытта да жылдық қорытынды баға шығарылады.Қайталап отыру қажет.

ІІ.Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы дегендей оқушылар адам баласына ең бірінші оқу қажет.Оқу инемен құдық қазғандай.Сендердің басты міндеттерің оқу, білім алу, кітаппен дос болу.Кітаппен дос болсаңдар барлығын үйренесіңдер.Кітап ақылшы достарың.Өмірлік азық болатын кітап.Сондықтан көп оқып, көп іздену қажет.жақсы оқып білім алған оқушы ғана биік белеске шыға алады.

Шығып сөйлеушілер:

Айдосұлы Айбат. Мен барлық оқулықтарымды таза ұстаймын.таза жүремін.сабағымды жақсы оқуға тырысамын.білмеген жерлерімді анама түсіндіріп беруін қажет етемін.Мектеп жақсы.Ұстаздардан білім аламыз.Мен оқудан жалықпаймын.

Үмбетбай Бекжан: Менің кей кітаптармы қапталмаған.Ертең қаптап келемін.Сабақтан қалмаймын.Оқу құралдарым түгел болмай қалған кездерім болды.Ондай алдағы уақыттта қайталанбайды.Оқып, білім аламын.

Бегеженқызы.А.Мен көп сабақтан қалып қойдым.Кешірім сұраймын.Көп нәрсені білмей қалдым.Көп оқуым керек.Апайдың айтқан ақылын тыңдаймын.

Класс жиналысы қаулы етеді:

І.Сабақтан қалмау, мектеп үлгісінде киіну, сабақ оқу мен оқыту класс жетекшісі мен оқушыларға міндеттелсін.

ІІ..Оқу-білім сапасын арттыру, білімге оң көзқараспен қарау оқушыларға, білім сапасын жетілдіру класс жетекшіге міндеттелсін.

Жиналыс төрайымы: Ж.Жолмұратова

Хатшысы: Бегежанқыызы .А

ХАТТАМА №

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінде мамыр айының 20 - ы күні 1 класс оқушыларының жиналысы болып өтті..Жиналысқа 15 оқушы қатысты.

Жиналыс төрайымы: Жолмұратова Жайдарман

Хатшысы: Бегежанқызы Ақмаржан

Күн тәртібінде:

І.Ағымдағы мәселелер.( тазалық, сабаққа қатысым, білім сапасы)

ІІ .Кітап тапсыру, жазғы демалысты ұйымдастыру

Тыңдалды:

1.Класс жетекші: Жолмұратова Жайдарман . Оқушылар 2013-2014 оқу жылының аяқталуына шамалы уақыт қалды. Тоқсандық жылдық қорытынды бағаларың шығарылады.Биыл міне сендер барлық әріпті танып, оуды жазуды үйрендіңдер.Енді 1 сыныпты аяқтап, екінші сыныпқа аяқ басасыңдар.Алдағы уақытта сабақ күрделенеді.Сондықтан көп оқу қажет.Биылғы оқу жылында сыныбымыздан 8-оқушы оқу озаты болды.Ал оқу екпіндісі 3 оқушы.Алдағы уақытта да оқушылар өз білімділіктерін көрсетіп, үнемі сабаққа үздіксіз дайындалып отырса ғана жетістікке жетеді.Алдағы уақытта да жылдық қорытынды баға шығарылады.Қайталап отыру қажет.

ІІ.23 мамыр күні оқулықтарыңды тапсырасыңдар.жазғы демалысқа шығасыңдар.Сол демалыстарыңда кітап оқып, таблица жаттаңдар.Көп ізденіңдер, әріпті ұмытып қалмаңдар. 1 маусымнан бастап лагерь болады.Лагерьге қатысып ыстық тамақпен сонымен қатар өнерлеріңді, білімдеріңді көрсетіңдер.Жазғы демалыста жақсы қыдырып демалыңдар.

Шығып сөйлеушілер:

Кеңшілік Сабина: менің оқулықтарым түгел.таза ұстап кітапханашы апайға тапсырамын.Алдағы жазғы жемалыста кітап оқимын, қыдырамын.Ертегілер оқимын.

Жұмажан.Ж. –мен де жазда қыдырамын.Өзім әріптерді ұмытып қалмас үшін қайталап, ертегі кітіп, балдырған оқимын.Оқулықтармы өзмнің жеке оқулығым.Мектептен алған оқулықтарымды тапсырамын.

Зарлық.Д - сабақ жақсы.біз баста әріп білмеп едік, міне бәрін үйрендік,мен де кітаптармыды таза ұстадым.Лагерьге қатысамын.Жазғы демалыста қыдырамын.Қаладан батырларымыздың ескерткіштерін көремін.Жазда балдырған оқимын..

Класс жиналысы қаулы етеді:

І. Өз білімдерін ертегілер, кітаптар оқып жетілдіру, қайталау оқушыларға міндеттелсін.

ІІ..Оқушылардың жазғы демаласын тиімді өткізі ата-анамен, класс жетекшіге міндеттелсін..

Жиналыс төрайымы: Ж.Жолмұратова

Хатшысы: Бегежанқыызы .А

ХАТТАМА №

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінде қазан айының 24 -і күні 1 класс оқушыларының жиналысы болып өтті.Жиналысқа барлық оқушылар түгел қатысты.

Жиналыс төрайымы: Жолмұратова Жайдарман

Хатшысы: Бегежанқызы Ақмаржан

Күн тәртібінде:

І.Ағымдағы мәселелер.

ІІ. «Менің арманым» балалардың өз ойлары.

Тыңдалды:

1.Класс жетекші: Жолмұратова Жайдарман оқушылардың оқулық сырттарын әлі де қапталмауын, оқушылардың себепсіз сабақтан қалмауын және мектеп үлгісінде таза, ұқыпты киініп, ер балалар шаштарын алып келуін атап айтты.Сонымен қатар алдағы уақытта мерекелік шараларға белсене араласып өз икемділіктеріңді көрсетіңдер.Әліппе білімнің бастауы, болашаққа жол бастаушы.Сондықтан оқушылар әріптерді игеруді қолға алыңдар.Көп оқу керек.

ІІ..Екінші мәселе «менің арманым» тақырыбында өздеріңнің қандай армандарың бар ортаға салыңдар.

Шығып сөйлеушілер:

Сабағымды оқып, үсті басымды таза ұстауға уәде беремінБегежанқызы Ақмаржан- мен өскенде әнші де болмаса мұғалім де болғым келеді.Астана қаласын көргім келеді.қалаларға барып тәттілер алып, қызықты жерлерге барғым келеді.

Сабақтан қалуға болмайды.Әріп танымай қаламын.Сондықтан сабақтан қалмаймын.Жуынып таза жүруге уәде беремін.

Зарлық Диас- мен өскенде суретші болғым келеді.басқа да армандарым көп.Көптеген қалаларға қыдырсам деп армандаймын.Өскенде үлкен азамат болып, бастық болуды да арман етемін.

Тәңірберген Гүлназ- менің биші болғым келеді.Арман көп соларды еңбек арқылы орындасам, жақсы оқысам деймін.

Класс жиналысы қаулы етеді:

І.Сабақтан қалмау, мектеп үлгісінде киіну, сабақ оқу мен оқыту класс жетекшісі мен оқушыларға міндеттелсін.

ІІ.Балалардың «Менің арманым»

Жиналыс төрайымы: Ж.Жолмұратова

Хатшысы: Бегежанқыызы .А

ХАТТАМА № 1

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінде ққыркүйек айының 13 -і күні 2 класс оқушыларының жиналысы болып өтті.Жиналысқа барлық оқушылар түгел қатысты.

Жиналыс төрайымы: Жолмұратова Жайдарман

Хатшысы: Жұмажан.Ж

Күн тәртібінде:

І.Оқулықпен қамту туралы, тазалық, сабаққа қатысым

ІІ. Класс белсенділерін сайлау

Тыңдалды:

1.Класс жетекші: Жолмұратова Жайдарман оқулықтар таратылып берілді.Биылғы оқу жылында класымызда 13 оқушы қалды.2 оқушы отбасының қоныс аударуына байланысты аудандық мектепке ауысып отыр.Барлық оқушыларға оқулық берілді.Оқулық Алматы «Атамұра» 2013ж баспасымен шыққан.Сол оқулықпен жүремізӘр оқушы өзінің оқулығын қаптап, таза ұстауы қажет.Мектеп үлгісінде таза киініп жүріңдер.Биылғы оқу жылында сабақ күрделене түседі.Сондықтан сабаққа үнемі дайндалып жүріңдер.

ІІ..Класс белсенділерін сайлау.

Қазір бір ауыздан барлығымыз класс оқушыларының атқаратын міндеттерін ұсынайық.

Аманбайқызы Ақсамал Тазалықшы

Амангелдіұілы Жансерік Оқу секторы

Айдосұлы Айбат Мәдениет секторы

Бегежанқызы Ақмаржан Топ басшысы

Жангелді Ерасыл Спорт секторы

Жұмажан Жаңабек Оқу секторы

Зарлық Диас кітап тексеруші

Зарлық Азамат Кітап тексеруші

Кеңшілік Ыбырай Гүл суарушы

Кеңшілік Сабина Топ басшысының көмекшісі

Мейрамбекқызы Гүлжан Гүл өсіруші

Үмбетбай Бекжан Тәртіп басшысы

Шығып сөйлеушілер:

Оқушылар өз міндеттерін толық атқаратынын айтып өтті.

Класс жетекші класс белсенділері өз міндеттерін толығымен атқару керек екенін ескертті.

Класс жиналысы қаулы етеді:

І.Сабақтан қалмау, мектеп үлгісінде киіну, сабақ оқу мен оқыту класс жетекшісі мен оқушыларға міндеттелсін.

ІІ.Класс белсенділіері өз міндеттерін толық атқарсын

Жиналыс төрайымы: Ж.Жолмұратова

Хатшысы: Жұмажан.Ж

13.01.2014ж

Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы:.Көктем

Сабақтың мақсаты: 1 Көктем мезгілі туралы түсінік беру 2 Көктемгі өсімдік , табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу. 3.Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгіліне байланысты суреттер.,бүктемелер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап,көрнекілік, ой қозғау

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

Аспанға қарап ай көрдік

Төменге қарап жер көрдік

Оңға, солға бұрылып

Егеменді ел көрдік.

1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

Қыста адамдар қандай жұмыстар істейді?

Қыс айында болатын табиғат құбылыстары қандай?

Қыс айларында болатын мерекелер қандай?

Қыс айларын ата?

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ҮІ. Жаңа сабақ:

Сөзжұмбақ шешкізу

1.Тудың түсі?(көк)

2.Жемістің бір түрі (өрік)

3.Бейбітшілік құсы (көгершін)

4.Сөйлеу, қатынас құралы (тіл)

5.Ең жаман баға (екі)

6.Иіс сезу мүшесі (мұрын)

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы көктем деп аталады.

Көктем сөзін топтастыру.қар ериді.Құстар келеді. Адамдар жылы киінеді.Жер егістікке дайындалады.Мал төлдейді.

Көктем

Ауылдың шығып алып, қыр бетіне,



Аймақтың көз жіберші келбетіне.

Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнмен,

Сайрайды гүлді көктем құметіне.

Қ.Мырза Әли

а) Көктем көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, ауа райында,табиғаттан қандай өзгерістерді байқағанын әңгімелету.

ә) Көктем туралы оқып беру.

б) Дауыстап оқыту.Сергіту сәті.

Ү. Жаңа білімін тексеру.-Жапырақ неден пайда болады? -Ерте гүлдейтін өсімдіктерді атаңдар.

-Көктем айы қай айдан басталады?-Наурыз сөзіне түсінік бер.-Ұлыс күнін қазақ елі қалай бағалаған?-Науырызда пісірілетін тағам не деп аталады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

Үйге тапсырма беру.Көктем оқу.Суретін салу.

Бағалау.Оқушының білімін бағалау.

13.01.2014жыл

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.Сөз.Қысқы дайындық

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем, сөз туралы алған білімдерін пысықтау,жыл мезгілдері

туралы түсініктерін қалыптастыру

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту

б) Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қысқы орман», қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Жарқырап күн ашылды

Айналаға қар шашылды

Қайырлы күн

Біз әдепті қыздармыз

Қайырлы күн

Біз бақытты ұлдармыз

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, қане, кім айтады?

-жаттығуды қалай орындау керек еді?

- Сөйлем деген не?

Сөз дегеніміз не? Еске түсірейікӨте жақсы

- Ендеше, кім дайын?

Аққала өлеңін оқыту.Өлеңне не түсінгенін сұрақ арқылы тексеру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

-Жылдың қанша мезгілі бар? - Қазір жылдың қай мезгілі? - Қысқы табиғатты кім сипаттап береді? - Қыс мезгіліндегі жануарлар, құстар тіршілігі туралы не білеміз?

Сергіту сәтін ұйымдастыру

IV. Мақсат қою кезеңі

-Балалар, қыста құстарға қандай көмек жасаймыз?

-Иә, ұя жасап , жем шашамыз.

V. Жаңа сабақ

Сөйлем сөздерден құралады.Сөйлем дегеніміз аяқталған ойды білдіреді, бірнеше сөздерден құралады, соңына нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі қойылады.Бас әріппен басталып жазылады.тиянақты ойды білдіреді.

Оқулығымызға қарайық 7-жаттығу берілгені бойынша сұрақтарға жауап беруіміз керек

1.Сөйлем неден тұрады? 2. Сөлемдегі сөздер өзара байланыса ма? 3. Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады? 4. Сөйлем аяқталған соң қандай тыныс белгісі қойылады?

Мәтінді оқу. Қысқа дайындық. 1.Бал арасы мен Тиін қысқа қандай дайындық жасады? 2.Саршұнақ неліктен егістікке жақындау жерге көшіп келді?3.Ит өзіне қандай серт берді?

Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды пысықтау 8-жаттығу 1. сөздерді көшіріп жазуҚар.Шана.Қырау.АққалаӘр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар?

ереже хормен Сөз дыбыстардан құралады.Дыбыстар әріптермен таңбаланып жазылады.

Дыбыстарды айтамыз, естиміз.Әріптерді көреміз, жазамыз

VII. Бекіту кезеңі«Қысқы ойын» тақырыбына әңгіме құрастырып айту.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау 6-жаттығу, 9 бет, Ережені жаттау,жауаптарына қарай бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет