2.Стенокардияның потогенезі мен жіктемесі.
Стенокардия – көбінесе кеуде қуысы қысылып, төс тұсында жаншылған ауру сезімі пайда болатын жəне осы ауру сезімі сол қолға, мойынға, төменгі жақ жəне асқазан астына таралатын клиникалық синдром. Ауырсыну дене қимылы кезінде жəне суыққа шыққан кезде, тойып тамақтанғанда, жан күйзелісі кезінде ушығады, тыныш жағдайда басылады, нитроглицерин қабылдаса, бірнеше секунд немесе минуттан кейін қояды.
Стенокардияның потогенезі.
Стенокардия ұстамаларының пайда болу негізінде,тәждік артериялар бойындағы қанның жүректің жұмысшы бұлшық еттеріне жетіспеуінен,миокард оттегінің тапшылығына ұшырап гипоксиялық жағдайдың туындауында жатыр. Қан тамырларының атеросклерозбен зақымдалуынан болған спазм,физикалық және жүйкелік эмоциональдық күш салу, Кенеттен организмнің сууы,АҚҚ көтерілуі.
Стенокардияның жіктемесі.
1.Күштемелік стенокардиясы;
- Алғаш пайда болған кернеу стенокардиясы (1 айға дейін);
-Тұрақты күштемелік стенокардиясы
I ҚС (жасырын стенокардия): тек қана үлкен жиіліктегі дене қимылы кезінде пайда болатын стенокардия ұстамасы. Велоэргометриялық сынақ нəтижесі бойынша игерген қимыл қуаты 125 вт., екі еселенген қосындысы 278 шартты бірліктен кем емес, зат алмасу бірлігінің саны 7-ден артық. II ҚС (жеңіл дəрежедегі стенокардия): стенокардия ұстамасы 500 м ұзақ қашықтыққа тегіс жермен жүргенде пайда болады, əсіресе, салқын ауа-райында, желге қарсы жүргенде, баспалдақпен бір қабаттан артық жоғары көтерілгенде, көңіл-күй өзгергенде. Велоэргометриялық сынақ нəтижесі бойынша игерген қимыл қуаты 75-100 вт, екі еселенген қосындысы 218-277 шартты бірліктен кем емес, зат алмасу бірлігінің саны 4,9-6,9. Дағдылы дене қимылы аздап шектеулі.
III ҚС (ауырлығы орташа стенокардия): стенокардия ұстамасы 100-500 м ұзақ қашықтыққа тегіс жермен жүргенде, баспалдақпен бір қабаттан артық жоғары көтерілгенде пайда болады. Тыныш кезде де стенокардия ұстамасы болуы мүмкін. Велоэргометриялық сынақ нəтижесі бойынша игерген қимыл қуаты 25-50 вт, екі еселенген қосындысы 151-217 шартты бірліктен кем емес, зат алмасу бірлігінің саны 2,0-3,9. Дағдылы дене қимылы айқын шектеулі.
IV ҚС (ауыр форма): стенокардия ұстамасы аздаған дене қимылы кезінде, тегіс жермен 100 м кем қашықтыққа жүргенде, тыныш кезінде, науқастың жатқан кезінде пайда болады. Велоэргометриялық сынақ нəтижесі бойынша игерген қимыл қуаты 25 вт, екі еселенген қосындысы 150 шартты бірліктен кем емес, зат алмасу бірлігінің саны 2. Жүктеме сынағы, əдетте, жүргізілмейді, науқастарда дағдылы дене қимылының өте шектеулілігі байқалады. Жүрек жетіспеушілігі –жүрек-қан тамыр жүйесінің қандай да бір аурулары салдарынан жүректің насос қызметі əлсірегендіктен, организмдегі гемодикамикалық қажеттіліктер мен жүрек мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікке əкеліп соғатын патофизиологиялық синдром.
- үдемелі стенокардия;
- тез үдемелі стенокардия;
2. Аяқ асты болатын (вазоспастикалық) стенокардия.
3.Тұрақсыз стенокардия
4.Стенокардияның атипті түрлері немесе оның эквиваленттері.
Достарыңызбен бөлісу: |