Қарттарды емдеу


Бронх демікпесінің патогенезі мен жіктемесі



бет9/55
Дата17.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#69140
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
geriatria zhauaptar dayyn

8. Бронх демікпесінің патогенезі мен жіктемесі

Бронхты демікпе.Созылмалы бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуымен байланысты экспираторлы тыныс алу жетіспеушілігімен сипатталады. Мезгіл-мезгіл аурудың қозуымен өтеді

Соңғы жылдары бронх демікпесімен ауыру өте жиілеп кетті.Мұны негізгі 3 факторлармен байланыстыруға болады. Біріншіден, аллергиялық реактивтіліктің жоғарылауы. Екіншіден, химиялық өнеркәсіптердің дамуымен, қоршаған ортаның ластануымен және тағы басқа жағдайлармен қатынастың жоғарылауынан аллергендермен байланыс артты. Үшіншіден, бронх демікпесінің дамуына ықпал етуші тыныс алу жолдарының созылмалы аурулардың жиілеуі. Сонымен бірге аурудың жастық құрылымы да өзгереді. Қазіргі таңда

бронх демікпесімен ауыратын барлық науқастардың 44% -ын қарт және егде жастағы адамдар құрайды. Қарт және егде жаста аурудың инфекциялық аллергиялық түрі кездеседі. Ол көбіне тыныс алу мүшелерінің қабыну ауруларының (созылмалы пневмония, созылмалы бронхит және т.б.) нәтижесінде туындайды. Осы инфекциялық ошақтан ағза өз тіндерінің ыдырау өнімдерімен, бактериялармен және токсиндермен сенсибилизацияланады. Бронх демікпесі өкпедегі қабыну үдерістерімен, жиі бронхит, бронхиолит, пневмониямен бірге басталуы мүмкін.

Айқындалуы: 4 кезеңмен сипатталадаы:

Басталу кезеңі-науқаста бірнеше минут немесе күндер бұрын тынымсыздық, ашуланшақтық, психикалық депрессия, ұйқысының бұзылуы, түшкіру, көздің, терінің қышуы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, басының ауыруы болады.

Тұншығу кезеңі-науқаста ауа жетіспеушілік сезімі, кеуденің қысылу сезімі, экспираторлы тұншығу, алыстан естілетін ысқсрсқ тәрізді сырыл болады. Жағдайы-тәуелді-шынтағымен тізесін тіреп еңкейіп отырады. Бет терісі боз, кейде көгілдір, дымқыл. Кеуде клеткасы демалу жағдайында-қабырғааралық бұлшықеттері тартылған, мойын тамырлары кеңейген. Жөтелгенде қою қақырық бөлінеді. Перкуторлы дыбысы қысқарған. Аускультацияда-қатқыл тыныс пен әр-түрлі құрғақ сырылда және крепитация. Жүрек тондары әлсіз, тахикардия.

Ұстамадан кейінгі кезеңде және

Ұстама аралық кезеңде науқастың жағдайы жақсы, бірнеше күнге дейін ашық түсті қақырықты жөтел сақталады. Сырылдар естілуі мүмкін.

Аурудың жеңіл түрінде ұстама жылына1-2 рет, тез қалпына келеді. Орташа түрінде айына 1 рет. Ауыр түрінде ұстама жиі, ұзақ, астматикалық жағдайға ауысады, 6-8 сағатқа созылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет