11 Бауыр берішінің патогенезі мен жіктемесі
Патогенезі: Бауыр циррозы дамуының негізгі түрткісі -бауыр паренхимасының түрлі себептерден некрозы. Вирустардың, алкогольдің, дәрі-дәрмектердің, протеолиздік ферменттердің, гипоксияның әсерлері немесе кейбір заттардың (гемосидериннің, жездің, гликогеннің, цереброзидтің т.б.) жасуша ішінде жиналуьі гепатоциттердің некрозына өкеледі. Гепатоциттердің жойылуынан оларды ұстап, тіреп тұратын ретикулиндік қаңқа басылады, некроз ошақтарында тыртықтар түзіледі.
Некроздың салдарынан регенерацияны күшейтетін заттар бөлінеді, мәселен, бауыр циррозымен ауыратын адамдардың бауырынан жасалған экстракт гепатоциттердің митозын күшейтетіндігі дәлелденген.
Егер патологиялық процеске ұшыраған ошақтардың көлемі ұсақ, микроскопиялық болса, тыртықтар да ұсақ болады. Мұндайда бауырдың беті сипағанда тегіс. Егерде некроздалған ошақтар ірілеу болса, бауырдың беті бұдырланып, жүзімнің сағына ұқсайды.
Фиброздың және аномальді түйіндердің даму жылдамдығы негізгі аурудың түріне тәуелді. Вирусты, алкогольді гепатиттерде бұл процесс тез жүреді, ал гемохроматозда, өт жолдарының обструкциясында паренхиманың қүрылымы оншалықты өзгермейді, түйіндер кеш дамиды. Сонымен бауыр циррозында келесі тізбекті процесс қалыптасады: некроз -> регенерация -> тамыр жүйесінің бұрыс түрде қайта ңұрыяуы -> паренхиманың ишемиясы, некрозы -> портальдік гипертензия, бауыр шамасыздығы.
Бауыр циррозының жіктемесі.
1. Морфологиясы бойынша.
1.1. Макронодулярлы (ірі түйінді).
1.2. Микронодулярлы (ұсақ түйінді).
1.3. Аралас макро- және микронодулярлық (толық емес септалды).
1.4. Біріншілікті билиарлы.
Этиологиясы бойынша:
2.1. Вирусты (вирусты гепатиттер В, С, Д). 2.2. Алкоголды. 2.3. Токсикалық (дәрмектер және химиялық заттар). 2.4. Туа пайда болған метаболизм бұзылыстарына байланысты. 2.4.1. Галактоземия. 2.4.2. Гликогеноз. 2.4.3. Тирозиноз. 2.4.4. Фруктозаны туа көтере алмау. 2.4.5. Альфа-1-антитрипсин тапшылығы. 2.4.6. Талассемия. 2.4.7. Гиперметионинемия 2.4.8. Вильсон ауруы. 2.4.9 Гемохроматоз. 2.5. Екіншілікті билиарлық бауыр циррозы. 2.6. Кардиогендік бауыр циррозы. 2.7. Криптогенді.
3. Клиникалық белгілері бойынша: 3.1. Активті. 3.2. Активсіз. 3.3. Компенсацияланған, субкомпенсияланған. 3.4. Декомпенсияланған. Примеры формулировки диагноза 1 Вирустық бауыр циррозы, активті, декомпенсацияланған. Портальді гипертензия II дәрежелі. Асқынуы: Өңештің варикозды веналарынан қан кету.
Достарыңызбен бөлісу: |