Қарттарды емдеу


Қарт адамдарда нефротикалық синдромның клиникалық көріністерінің, диагностикасы мен емінің ерекшеліктері



бет20/55
Дата17.05.2020
өлшемі0.54 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
20. Қарт адамдарда нефротикалық синдромның клиникалық көріністерінің, диагностикасы мен емінің ерекшеліктері

Клиникалық көріністері:

o Ісіну алдымен бет, табандар, балтырлар ісінеді. Содан кейін бүкіл денеге таралады. Кейде анасарка деңгейіне дейін жетеді. Ісінудың басты себебі- гипоальбуминемия. Гипоальбуминемияға байланысты қанның коллоидтық-осмостық қысымы төмендейді, қанның құрамындағы су тамыр сыртына шығып гиповолемияға әкеледі. Ол су мен натрийдың реабсорбциясын күшейтедіде, судың жиналуын одан сайын арттырады.

o Дистрофиялық бұзылыстар: терінің бозғылттығы, терінің құрғақтығы, тырнақтардың сынғыштығы, шаштың үзілгіштігі, миокардтың, өзге ағзалардың дистрофиясы

o Дененің әртүрлі бөліктерінде суықтықдың жиналуы: құрсақ қуысында- асцит, плевра қуысында- гидроторакс т.б

o Жедел және созылмалы инфекциялық ауруларға шалдығуы

o Әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, ентікпе, бел тұсының ауырсынуы

o Бауырдың ұлғаюы

Диагностикасы

Объективті қарау және анамнез жинау

ЖҚА: ЭТЖ жоғары

БҚА: гипопротеинемия, гипоальбуминемия, гиперлипидемия, диспротеинемия

ЖЗА: протеинурия (3,5г/л ден жоғары), ферментурия, аминқышқылдар, гликопротеидтер, липопротеидтер несеппен бөлінеді. Цилиндурия, липидурия

ЭКГ- миокард функциясын анықтау үшін

Бүйрек ҰДЗ

УЗДГ(доплерография)- бүйрек артерияларының және майда қан тамырлардың бұзылыстарын анықтау мақсатында

Емі.

- Госпитализациялау



- Төсектік режим

- Диета. Ас тұзын тәулігіне 2-3 г шектеу, сұйықтықты шектеу, белоктың жеткілікті болуы 1г/кг дене салмағына, холестиринге бай тағамдарды шектеу

- Этиологиясын анықтап патогенездік ем жүргізіледі. Егер себебі гломерулонефрит болса глюкокортикоидтар, цитостатиктер қолданылады, ал егер амилоидоз болса- амилоидозды емдейді

- АПФ ингибиторлары- каптоприл, эналоприл

- Гепарин, курантил

- Қанның белогін қалпына келтіру үшін вена ішіне белоктік ерітінділерді құю

- Диуретиктер. Ісінуді қайтару үшін. Гипотиазид, фуросемид. Фуросемид дозасы 40-80 мг-дан бастап тәулігіне 400 мг дейін көбейтуге болады.

- Гипокалиемия болса емге верошпирон, калий хлориді қосылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет