Қарттарды емдеу


Қарт адамдарда пневмонияның клиникалық көріністерінің, диагностикасы мен емінің ерекшеліктері



бет23/55
Дата17.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#69140
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
geriatria zhauaptar dayyn

23. Қарт адамдарда пневмонияның клиникалық көріністерінің, диагностикасы мен емінің ерекшеліктері

• Клиникасы.Пневмонияның клиникалық белгілері ауру қоздырғышының ерекшеліктері мен науқас адам организінің күйіне байланысты болады.

• Пневмониямен ауыратын адамның басты шағымдары – жөтел, қақырық бөлу, кеуденің ауыруы, ентігу, дене қызуының көтерілуі. Қарттардағы ең маңызды ерекшеліктерінен бірі жиі түрде болатын ентігу және де сырылдар болып табылады. Сонымен қатар жөтел көп қарт науқастарда кездеспеуі мүмкін, бұл жағдай ми қан айналым бұзылу ауруларында(инсульт), Альцгеймер ауруы кезінде кездеседі.

• Жөтел құрғақ және қақырықты болады. Қақырық кілегейлі, кілегейлі-іріңді және тот түсті болады. Кеуде қабырғасының ауыруы қосымша плевритке байланысты өкпе қабы беттерінің бір-бірімен үйкелісінен пайда болады, ол тынысты терең алған кезде және жөтел кезінде күшейе түседі, науқас адам ауру жақ бүйіріне жатқанда азаяды. Дене қызу көтерілуінің пневмонияның себебіне байланысты шектелуіне байланысты бой көресетеді. Дене қызуы көтерілуінің пневмонияның себебіне байланысты сипаты әр түрлі болып келеді. Крупозды пневмонияда қызба тұрақты болады, оған қоса қалтырап тоңу кездеседі.

• Басқа шағымдардан басқа интоксикацияға байланысты шағымдар да болады: бас ауырыуы, миалгия, диарея т.б.

• Өкпе жағынан болатын белгілер: дем алған кезде кеуденің ауру жақ жартысынң қалыңқы болуы және өкпе тінінің тығыздалуы синдромының белгілері: дауыс дірілінің күшеюі, өкпенің қабынған бөлігінің үстінде перкуссиялық өкпе дыбысының тұйықиалуы (әлсіреуі) немесе тынық дыбыс, тыңдағанда – бронх тынысы, крепитация және плевраның үйкеліс шуы.

• Диагностикасы.

• Қан анализі-15*10 9 ге дейін көтерілетін лейкоцитоз, бірақ пневмонияның гемофилюс, микоплазма шақырылған түрлерінде лейкоцитоз кездеспейді.

• Пневмонияның диагнозын қоюдағы ең маңызды тәсіл – рентгенологиялық тексреу, ол өкпе тінінің инфильтрациясын ( оның мөлшерін, түрін және орнын), плевра қуысындағы сұйықтықты және өкпе тініндегі деструкция белгілерін анықтауға көмектеседі.

• Компьютерлік томография өкпенің деструкциясы немесе ісік болуы мүмкін деген күдік туған кезде қолданады.

· Емі:

· 60 жастан асқан науқастарда ем амбулаторлы жағдайда жүргізіледі.



· Өкпе қабынуын антибиотиктермен емдеу емір немесе өлім мәселесіне келіп тірелуі мүмкін. Пенициллин, ко-тримоксазол немесе эритромицин беріңіз. Науқастың халі нашарлап бара жатса прокаин-пенициллин шанышыңыз, ересек адамдарға: күніне 2—3 рет 400 000 ед (250 мг) немесе күніне 4 рет 500 мг ампициллин ішкізіңіз. Жас балаларға ересектерге берілетін дәрі мөлшерінің 0,5—025 мөлшерін беріңіз, 6 жасқа дейінгі балаларға ампициллин берген жөн.

· Ыстықты түсіру және ауырғанды қойғызу үшін аспирин немесе ацетаминофен беріңіз.

· Науқасқа мейлінше көп сұйық беріңіз. Егер науқас тамақ іше алмаса, онда оған сұйық тағам немесе регидрат сусынын беріңіз.

· Жөтелді жеңілдету және қақырықты босату үшін де көп сұйық ішу және су буы ингаляциясын жасау ұсынылады. · Сырыл болған жағдайда теофиллин немесе эфедрин түріндегі демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет