Қарттарды емдеу


Қарт адамдарда артриттердің клиникалық көріністерінің, диагностикасы мен емінің ерекшеліктері



бет22/55
Дата17.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#69140
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Байланысты:
geriatria zhauaptar dayyn

22. Қарт адамдарда артриттердің клиникалық көріністерінің, диагностикасы мен емінің ерекшеліктері

Клиникалық көрінісі негізінен баяу дамиды, кейде қарт жастағы адамдарда тез дамуы бойынша басқалардан ерекшелінеді. Ең бірінші пайда болатын симптомдары:

-орта дәрежедегі дене қызуы

-шаршағыштық

-тәбеттің төмендеуі

-біртіндеп дене салмағын жоғалту

-әлсіздік

Артриттер кезінде көптеген буындар зақымданады, сол үшінде полиартрит дамиды. Буындар симметриялы түрде зақымданады. Қарттардағы ең маңызды ерекшелігі аурудың көбінесе жедел дамуы және клиникалық көріністерінің айқын болуы болып табылады. Қабыну процессі басталғаннан кейін буындарда ауырсыну пайда болып, ісіне бастайды, олардың функциясы төмендеп, аз қозғалғыш болады, зақымдану ошағының орнында қызу көтеріледі. Ұзақтығы бойынша бірнеше сағатқа дейін созылады-бұл аурудың тікелей белгісі болып табылады.

Қарт адамдардың 80 %да буындардың зақымдалуы 10 жыл бойы жүреді.

Диагностикасы. Дәрігер-ревматолог қарау және сұрастыру жүргізеді.Зақымданған жердегі буындарды және теріні текереді. Жалпы қарт адамдарда артриттерге диагноз қою өте қиын және басқа аурудан айыру қиындық туындатады.

Нақты диагноз қою үшін келесі диагностикалық шараларды жүргізеді:

-Қан анализі(цитруллинге). Артриттер кезінде ревматоидтық фактор атты аномалды антидене анықталады, осының анықталуы нақты диагноз қоюға мүмкіншілік береді.

-ЭТЖ анықтау. Артриттер кезінде ЭТЖ сағатына 20 мм ден жоғарылайды.Бұл ағзада қабыну процессі бар екенін дәлелдейді.

-Анықталған С-реактивті белок арқылы буындардың зақымдалу дәрежесі анықталады.

-Рентгендік кезеңдер:

Буынн остеопорозы

Буын тарылуы, киста пайда болуы

Көп эрозия

Анкилоз

-Зақымдалған буынға биопсия диагностикалық және емдік мақсатта жүргізіледі.

Емі.

1.Тез әсерлі қабынуға қарсы стеройдты емес дәрмектер:Бұл топтағы препараттар простогландиндердің синтезін тежейді.



Напроксен-0,75- 1 г тәул.

Вольтарен – тәул-150 мг

Индометацин және ибупрофен дәрмектерін қарт жастағы адамдарға қолдануға болмайды.

Артрит кезіндегі базисті терапия :

-алтын дәрмектері

-цитостатиктер

-Д-пеницилламин

-аминохолин туындылары

-сульфаниламидтер

-циклоспорин және тенидап

-метациклин

Иммундық жүйені реттейтін ем шаралар:

Иммундыдепрессиялықжәне иммундымодуляциялық әсері басым дәрмектер қолданылады.

Дәрмектерді буын ішіне енгізу:

Глюкокортикоидтарды буын ішіне енгізу жүргізіледі

-Физиотерапия

-ЕДШ және массаж

-Санаторлық-курорттық ем

-Хирургиялық ем



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет