Қарттарды емдеу


Пиелонефриттің патогенезі мен жіктемесі



бет11/55
Дата17.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#69140
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
geriatria zhauaptar dayyn

10 Пиелонефриттің патогенезі мен жіктемесі

Патогенезі: 1) Бактериурияның басты себебі – шат аймағының, әсіресе үрпі маңының микробтық ластануы. Бактерия уриногенді жолмен бүйректі зақымдап пиелонефрит тудырады. Лимфогенді және гематогенді жолмен басқа қабыну ауруларынан қан лимфа жолымен өтіп бүйректі зақымдайды.

2) Уродинамиканың бұзылыстарына әкелетін аурулар (несеп-тас ауруы, қуықасты безінің аденомасы, нефроптоз, несепағардың стриктурасы, бүгілуі немесе сырттан басылуы, рефлюкстер, дегидратация т.б.). Осы патологиялар әсерінен несеп шығару кідіріп несепте бактерия жиналып пиелонефрит дамытады.

3) Әйелдер уретрасының қысқалығы және кеңдігі, үрпінің артқы өтіс пен қынапқа жақындығы инфекцияның уретраға және қуыққа оңай енуіне септігін тигізеді.

5) Қантты диабет. Диабеттік нефропатия ДНФ дамуына әкелетін басты түркілеріне ҚД ұзақтығы, созылмалы гипергликемия, артериялық гипертензия, дислипидемия, ата-анасындағы бүйрек аурулары жатады. ДНФ кезінде ең алдымен бүйректің шумақтық аппараты зақымданады.Шумақ ішілік гипертензияның себебі артериола тонусының бұзылысы болып табылады: әкелетін артериоланың кеңейіп, шығаратын артериоланың тарылуы. http://zinref.ru/000_uchebniki/03200medecina/004_00_endokrinologia_dedov_2009/049.htm

6) Бұрын болып өткен интерстициялдық нефрит, мәселен дәрмектік нефропатиялар (сульфаниламидтердің, анальгетиктердің, кейбір антибиотиктердің, алькогольдің, еріткіш заттардың т.б. әсерінен болған ). Дәрілік заттар бүйрек структурасын және функциясын бұзып пиелонефрит дамытады, ал антибиотиктер бүйректе жиналып қалатын болса саңырауқұлақты пиелонефрит дамиды.

Пиоелонефрит 40 жасқа дейінгі шақта - әйелдерде, ал егде және кәрілеу шақта – жиілеу еркектерде кездеседі. Бұл егде жастағы ер кісілердің простатит, простата аденомасы, бүйрек тас ауруларына жиі шалдығуымен түсіндіріледі.

Жіктемесі:

Ағымы : жедел (серозды, іріңді, некротикалық папиллит, ксантаматоздыформа , эмфизематозды форма) және созылмалы ( активті фаза, жасырын фаза, ремиссия фазасы), рецидивтеуші

Инфекцияның өту жолына байланысты: гематогенді, уриногенді

Шығу тегі бойынша: біріншілік және екіншілік (обструкциялы және обструкциясыз)

Формалары бойынша: азотемиялық пиелонефрит, анемиялық пиелонефрит, латентті пиелонефрит, гипертониялық патологиялы пиелонефрит

Пайда болу себебіне байланысты: бактериялы, вирусты, саңырауқұлақты (грибковое)

Орналасуына байланысты: біржақты (оң немесе сол) және екіжақты пиелонефрит

Стадиясы бойынша; инфильтративті, склеротикалық

Асқынған және асқынбаған

Дәрежесі бойынша:

І. Бүйрек функциясы сақталған.

ІІ. Бүйрек функциясы бұзылған.

ІІІ. Бүйрек жетіспеушілігінің дамуы. http://vsepropechen.ru/pochki/bolezni-02/pielonefrit/vidy-pielonefrita.html қосымша оқығыңыз келсе осы ссылкада толық мәлімет





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет