Қарттарды емдеу


Пневмонияның патогенезі мен жіктемесі



бет10/55
Дата17.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#69140
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Байланысты:
geriatria zhauaptar dayyn

9.Пневмонияның патогенезі мен жіктемесі

Пневмония аурулары көп жағдайда көбінесе қайтымды болады да, өкпе паренхимасының (альвеолалар мен жартылай ұсақ бронхтардың) инфекциялық қабынуымен сипатталады. Көбінесе пневмонияны бронхтық-өкпелік инфекциялар туғызады: бактериалдық (бәрінен бұрын пневмококктар, сонымен қатар стафилококктар, аралас аэробты, грамм терісті, т.б.), вирустық, микоплазмалық, саңырауқұлақтық, риккетсиоздық жедел пнвемонияның қоздырғышы ретінде белгілі. Пневмония ауруына қоздырғыштармен қатар, мына жағдайлар да әсер етеді: біріншіден, қатты суық тиіп қалудың әсерінен болады, екіншіден ауру иммунодепресанттарды ұзақ қабылдаған науқастарда байқалатын иммундық реакциялардың бұзылуының нәтижесінде өршиді, сонымен қатар бұл жағдай алкоголиктерде, жүрегі, буйрегі ауыратын қарт адамдарда жиі кездеседі. Қоздырғыштың ішке кіретін негізгі жолдар ауадан немесе мұрын, жұтқыншақ жолдары арқылы болатындықтан, оның жолдарына байланысты, өкпенің қорғаныс механизмдерінің бұзылуының да орны ерекше зор. Өкпеге инфекция гематогендік жолдармен де енеді.

Крупозды пневмония өкпенің бір мезгілде бүтіндей бір немесе бірнеше бөліктерінің зақымдануымен, сол сияқты қабыну үдерісіне өкпе қабының да қосылуымен сипатталатын ауру. Сондықтан крупозды пневмонияны бөлікті немесе плевропневмония деп те атайды.

Аурудың клиникалық көріністері дене қызуының жіті де қатты (39-40°С-ға дейін) көтерілуімен сипатталады. Қалтыраудың тұрақты түрі, күйзелісті қалтырау, бастың ауруы, ұйқысыздық, сандырақтау, интоксикация симптомдары тән. Науқаста алдымен құрғақ,соңынан қақырықты жөтел пайда болады. Қақырық шырышты-іріңді, құрамындағы қан және фибрин оған өзгеше «тотық түр» береді. Аурудың бірінші күндерінен бастап кеуде клеткасының зақымданған жағында құрғақ плевритке тән ауырсыну сезімі пайда болуы мүмкін.

Ошақты пневмония (бронхопневмония) бронхтарда және олардың айналасында жатқан өкпе паренхимасындағы инфекциялық қабыну үдерісінің дамуымен сипатталады. Әдетте, бұл сырқат түрінде өкпенің бір немесе бірнеше сегменттері зақымданады, сондықтан пневмонияның бұл түрін сегментарлы немесе полисегментарлы пневмония деп те атайды.

Бронхопневмоняның себебі әр түрлі инфекциялық агенттер болуы мүмкін, әсіресе Пфейффер таяқшасы, стафилококктар және пневмококктар бәрінен де жиі кездеседі. Әдетте, бұл ауру созылмалы бронхитпен немесе бронхоэктазбен ауырған науқастарда, сонымен қатар қант диабетімен, кіші қан айналым шеңберінде қан іркілуімен асқынған жүректің созылмалы ауруымен ауыратын науөастарда, жарақаттанған немес операция жасалған адамдарда пайда болады. Ошақты пневмониядан бұрын жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы жиі кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет