ГЕРИАТРИЯ
1 деңгей
1.Гериатрия пәнінің мақсаты.
Гериатрия (греч. gerents- қарт, atria - емдеу) – “қарттарды емдеу ” улкен жастағы адамдарға медициналық көмек беру принциптерін талдайтын геронтологияның шектелген бір бөлігі.
Гериатрияның мақсаты:
-Егде жастағы науқастарға амбулаторлы және стационарлы түрде медициналық көмек беру.
-Егде жастағы науқастарға ДЗ дұрыс енгізу және көмек ұйымдастыру.
- Емдеу алдында нақты диагноз қою және дәрілік ем қажеттілігін анықтау, себебі егде және қарт жастағы науқастардың ауруларының барлығы медикаментозды емді қажет етпейді;
- Мұкият клинико-фармакологиялық анамнез жинау;
- Науқастардың ДЗ қолдану жағдайларын анықтау (науқас емдік ұсыныстарды бірнеше дәрігерлерден алуы мүмкін);
- Тағайындалатын препараттың әсер ету механизмін жақсы білу;
- Емдеу барысында ДЗ аз мөлшерінен бастау;
-Қажетті әсер алғанша ДЗ мөлшерін титрлеу;
-ДЗ қолдану тәртібін қолайландыру және ем тәртібін сақтауға жағдай жасау.
- Фармакотерапияны төменгi стартты дозадан бастау.
- Егде және кәрі жастағы науқастарда дәрілік заттардың әсерін және колданылу ерекшеліктерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |