Арттыру институты


Байланыстырып сөйлеуін дамыту



Pdf көрінісі
бет15/108
Дата08.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#120426
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   108
Байланысты:
ТРИЗ

Байланыстырып сөйлеуін дамыту
. Күнделікті сабақта естіген, 
білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін, сурет және оқылған ертегілер 
мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, 
әңгімелей отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету.
Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай? 
(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні, 
кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған,тағы нелер сұр түске жатады?
(сұр бұлт, сұр бас киім, сұр ішік, сұр қоян)
- Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай.
Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су,мұз,суық жел,қар,су,мұз 
жатады). 
Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы арқылы мектепке дейінгі 
балалардың 
тілдік 
құзіреттіліктерін 
дамыту 
арттыру 
жолдары 
қарастырылған. ӨТШТ технологиясын қолдану бала тілін дамытуда, 
қоғамдық және әлеументтік түсінігін кеңейтуде, сөздік қорын молайту, 
ұғымын байыту мен қатар ойлау белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмыс 
жүргізуге баулуға, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыруда 
тиімді. Мектепке дейінгі уақыт адам зат өміріндегі ең шешуші кезең 
болып табылады. Өйткені, осы кезеңде баланың бойындағы табиғи 
дарындылығын жан-жақты дамиды. Сондықтан да, осы шақтағы бала мен 
анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, 
соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне, осыған сәйкес жеке тұлғаны 


13 
дамытудың «Тақырыптық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын
қолданудың маңыздылығы зор. ӨТШТ – ны ұзақ қолданса өнертапқыштық 
қасиет баланың ойлау қабілетін барынша жетілдіреді. Кейбір психологтар
шығармашылықты былай деп бағалайды: ол яғни, алғырлық, білімпаздық, 
жүйелік, түп нұсқалық. Ал тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының 
мақсаты - ойлау стилін жетілдіру, ереже шығара білу. Яғни, адамның өмірге 
деген көз - қарасынан шығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді
дамуды қабылдауына байланысты болады. Баланың шығармашылық 
потенциялының тұлға ретінде даму мәселелері білім философиясындағы 
негізгі ұғым. Біздің мақсатымыз балалардың шығармашылық қабілеттерін 
дамытуда ӨТШТ технологиясын қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге, 
сөздік қорын молайтуды дамыту. 

Балаларды ана тілінде еркін сөйлету. 

Балалардың ізденіс белсенділігі мен жаңалыққа талпыну, сөйлеу және 
шығармашылық түсінігін кенейту. 

Әнгіме құрауды қалыптастыру. 
Бала тілін дамытуда ӨТШТ технологиясын қолдану аса маңызды. 
Аталмыш технологияны жүйелі пайдалана білген әр-бір педагог, тәрбиеші 
баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтеді, сөздік қорын 
молайтып, ұғымын байытады. Баланың ой жүйесі артып, тілдері ширап, өз 
бетімен жұмыс түрі дамиды, өз ойын еркін жеткізеді. 
Балалардың тілдік құзыреттіліктерін жетілдіруде, ойын, тапсырмалар, 
жаттығулар арқасында ӨТШТ
 
технологиясының маңыздылығы: балалардың 
тілін дамытудағы жаңа технологияны қолдану арқылы, ой-өрісі дамыған, 
тәрбиелі, білімді заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Балада ойлау 
қабілеті мен сөйлеу қызметі бірге дамиды. Баланы ойната отырып сөйлетуде 
суретті әңгіме, дидактикалық ойынды сурет арқылы өткізу, шығарманы оқып 
таныту оң нәтиже береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне 
тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, сурет қарау, заттарды сипаттау, жұмбақ 
шешу, құрастыру, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштармен қатар ертегі 
тыңдау әңгімелесу баланың тілдік құзіреттілігін, қызығушылығын 
арттырады. Тілдің грамматикалық құрамын қолданалы. Педагогикалық 
үдерісті қарама-қарсы, ойын, эксперимент, тәрбиеші мен құрдастары 
арасындағы ынтымақтастықта өткізуге болады. Бала біткен бәрі де ес 
білгеннен бастап «білсем, көрсем, естісем, ұстасам, алсам» деп әрекет етуге 
ұмтылады. Бұл – баланың өзін қоршаған өмірді терең де, толық білуге 
құштарлығы. 
Бала 
құмарпаз, 
әуесқой, 
тынымсыз 
зерттеуші. 
Ұйымдастырылған оқу қызметтерінде ойын түрінде өткізуде сөздік қорын 
дамытып ауызша сөйлеу машығы игеріледі, таныс белсенділіктері калыптаса 
түседі. Осыған орай, балабақшадағы тәрбиешілерде балаларға ақын-
жазушылардың тақпақ, өлең, жаңылтпаштарын үйретуде, олардың мәнерлеп 
айтуда қиындықтар кездеседі. 


14 
Балаларды жаңа әдіспен ойын арқылы ӨТШТ технологиясын қолдану 
барысында біз кері жол жүреміз, тақпақ, жаңылпаштарды біз суретке 
айналдыру арқылы жаттаймыз. Бұл әдісті бес сала бойынша қамтуға болады: 
шығарманы мәнерлеп оқу, автормен таныстыру, әр сөзге, сөйлемге теңеп 
сурет ойлап табу, қиын сөздерге тоқталу, қайталау. 
Сурет толық салынып болған соң «Қай сурет жоқ?», «Қай сөз, сөйлем 
жоқ?» ойындары ойналады. Тақпақтар тез, буындап, суретке қарап 
жатталады. Сергіту сәті осы тақпаққа қимыл ойлап табу арқылы тағы 
қайталанады.
Жеке топтасып қайталанады. Сызбамен салынған сурет ең бірінші 
тақпақ жаттап алған балаға сыйланады. Көркем салынған сурет-тақпақ топта 
бір апта бойы ілініп, жаттап қойған балалардың көмегімен басқа балалар да 
қайталау арқылы тез жаттап, алуға бейімделеді. Сызба, тақпақ, жаңылтпаш, 
ертегілер балалардың іс-әрекетке қызығушылығын арттырады. Жаңадан 
шыққан әдіс-тәсіл қолдану арқылы балалардың жаттауға, есте сақтауға деген 
ынталарының дамуына, тілдерін машықтандырғанына көз жеткізеді. 
Күнделікті жаңа ұйымдастырылған оқу қызметінде тәрбиелеу мен оқыту 
ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Ал біз әр тақпақ пен 
жаңылтпаштарға сызба-сурет салып көрнекілік ретінде пайдаланамыз.Ойын 
түрінде өткен бұл әдіс бала тілінің дамуына ықпал тигізіп, 
«Денсаулық»,«Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Әлеумет»,
салаларындағы белсенділіктерінің дамуына, қолдануына жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет