бағларламада анықталған көлемде жалпыадамзаттық құндылықтар туралы қарапайым түсініктерінің болуы; Қазақстанның және басқа халықтардың рухани мұралары туралы білімінің болуы;
сабақта, мектепте, қоғамдық орындарды тәртіпті сақтай білуі;
оқушының құқығы мен міндеттерін білуі мен түсінуі, оқушы парызын орындау (мектептік қажетті құралдарының болуы және үй жұмысын, сынып жұмысын орындауы);
адамдарға, табиғатқа, қоғамдық мүліктерге мұқият болуы және саналы қарауы;
денсаулықты сақтау үшін жағымды ойлаудың маңызын түсінуі, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін білуі және қолдана алуы тиіс.
Оқыңыз, ойланыңыз!
1.Бірде ақылы жұрттан асқан Платон көшеде жүріп бұзақылық жасап тұрған бір баланы ұстап алып ұрсыпты. «Мені болар- болмас нәрсе үшін сонша жазғырғаныңыз қалай?» -деп томсырайған баланың иығына қолын қойып тұрып
данышпан: «Жаман дағдыға ешқашан елеусіз қарауға болмайды»-деп ескерткен екен.
Жай уақытта көпшілік аса мән мән бере бермейтін дағдының адам өмірінде алар орны ерекше. «Әр сәби өмірге күнадан таза болмыспен келеді» деп хадисте айтылғандай, адамның сәби шақтағы пәк болмысы есейе бастаған шағында жақсы –жаман орталарға тап болуына байланысты өзгереді. Әсіресе, жасөспірімдік жастық жастық шақта еліктеушілік қасиеті басым тұрады. Бұл уақытта «Бір рет сынап көргенде тұрған не бар ?», «Мен одан қалаған уақытымды бас тарта алам» деген жеңсік ой көп адамның алдануына әкеп соғады. Шын мәнінде «Бір еткеніңді екі етерсің . Екі еткеніңді үш етерсің. Үш еткеніңді әдет етерсің», екі-үш қайталанған іс әдетке айналғанын адам сезбей қалады. Бастапқыда ескермегендіктен, одан құтылу барған сайын қиындай түседі Бұл турасында мына ғибратты әңгіменің мазмұны адамға ой саларлық: Бір жас жігіт жаман әдеттерден арылудың жолын сұрап бір данышпанға барыпты. Данышпан кісі оған «Сен ана бір жас шыбықты суыршы»-депті. Ол қиналмай –ақ суырыпалды. Енді одан жуанын суыруын тапсырыпты. Ол досын көмекке шақырыпты. Ал одан да жуан ағашты көрсеткен екен, көп адам жиналып ырғыса да, оны орнынан қозғалта алмапты. Сонда данышпан: «Көрдің бе?»-депті, -жаман дағдыдан бастапқы кезде құтылу жеңіл.Ол кезде оған өзіңнің де шамаң жетеді. Кейіннен достарыңды көмекке шақырасың. Ал нашар қылықты көп уақыт қайталап, ол қанға әбден сіңгенде, көмекке қанша адамды шақырсаң да, бәрі кеш болады»-деген екен.
Бір падишах уәзіріне ашуланып, оны зынданға отырғызып, тек қара нан мен су берілуін әмір етеді. Күндер ұзап бара жатқанға қарамастан уәзірдің шағымданбай мойынсұнып отырғанын байқаған падишах, зынданға барып
,уәзірді алдына алып келуді бұйырды.Жегені тек қара нан, ішкені тек қара су болса да уәзірдің наразылық көрсетпей қалайша сабыр алатынын білгісі келеді:
Басына үлкен тауқымет түскеніне қарамастан, қол аяғың шынжырға байлаулы болса да, денсаулығың сол баяғыша жақсы, көңілің де орнында сияқты. Өзіңді қалай сақтай алдың?
Мәртебелім менің бес дәрім бар –соларды ішіп жүрмін.
Падишах қара наннан басқа ешнәрсе берілмесін деген әмірін көмекшілері орындамағаны үшін қатты ашуланады. Уәзірге .
Қайда ол дәрілер? Көрсет маған! Сонда уәзір былай дейді:
-Бірінші дәрім-ТӘУЕКЕЛ! Яғни, Аллахқа иман етіп, істерімді оған тастадым
Екінші дәрім – ТАҒДЫРҒА РИЗАШЫЛЫҚ. Жазмыштан озмыш жоқ, маңдайыма жазылғандардың бәріне көніп еш шамданбадым.
-Үшінші дәрім –САБЫР.
-Төртінші дәрім–ҚАНАҒАТ. Жағдайы менен де төмендерді ойлаймын да шүкір етемін.
-Бесінші дәрім–ҮМІТ. Қайткен күнде де бір күні бұл зынданнан шығатыныма үміттімін.