Курсқа келген әрбір тыңдаушының пікірін талдасам: өткізілген тыныштық сәтінде «Нұр сәулесінде айтылған жүрекке жағымды сөз, бес сезім мүшесіне әсері, өзінің жан дүниесіне берілген тыныштық сабырлық, төзімділікке негіз болғанын айтады. Ең бірінші қоғамда мұғалім жүрегі ізгіленсе, ойы тазарса, іс- әрекеті дұрыс болса, болашағымыз жарқын болатыны сөзсіз. Мен тыңдаушыларыма: «Сіздер ұлы мамандық иесісіздер», Құранда:мұғалім тәрбиешімен ұрыспақ түгілі оның көлеңкесін басуға қақың жоқ, ол ізгіліктің, мейірімділіктің нұрын себуші- деген даналы ой берілген. «Ұлы» деген сөз қандай адамдарға айтылады, ол- тәрбиеші ұстазға берілген ең жоғары марапат. Біз осы сөзге сай әрекет етіп жүрміз бе?
Мұғалім-оқытушы. Біздің ісіміз кез- келгенге үлгі. Өсер ұрпаққа өкпелеме оның алдындағы үлгісі-сен. Ертеңгі-55,65,85 жасыңды бүгін тәрбиелеп отырсың. Қарттығың уайымсыз өтсін десең бүгін партада отырған оқушыны рухани – адамгершілік құндылықтармен ақиқатты айта алатындай, сөзімен ісі бір жерден шығып, жан дүниесіне үңіліп ар-ұят, адалдықты жанына серік етіп, жүрек тілін түсінетін, қиянат жасамай, риясыз сүйіспеншілік нұрын шаша алатын ұрпақ тәрбиелеу сенің жауапкершілігіңде. Ата-бабадан қалған ұлттық құндылықтарымызды «Ақиқат,Дұрыс–іс әрекет, Жантыныштығы, Қиянат жасамау, Сүйіспеншілік» ұрпақ санасына сіңіру үшін өзіңді-өзің таны, өзгерісті өзіңнен баста, өзіңнің іс-әрекетіңде қолдан. Шылым шегіп тұрып, ол мұғалім, ата-ана, дәрігер болсын шылым шекпе деп баланы иландыра алмайсың, бала ойлайды, өздері шегеді маған шекпе дейді, бұлар менен қызғанғандықтан айтып тұр, сенейін десе өзіне ең жақын адамдардың іс-әрекеті көңіліне қонбайды. Сондықтан балаға үлгі болу үшін сөз бен ісің бір жерден шығу керек. Тыңдаушылардың пікірі:Ұстаздарымыздың берген дәрістері арқылы, күнделікті ұйықтар алдында «мен бүгінгі арайлы күніме кімге қандай жақсылық жасап, қуанта білдім, кімді ренжетіп алдым? деген сауалға іштей жауап іздей білуді үйрендім.Соңында айтарым, мен осы курстан алған әсерім, шабытым өте керемет болды.Алдағы уақытта осы курстан алған ерекше әсерлерімді ұжымыма, шәкірттеріме, достарыма, бауырларыма қуана ерекше тебіреніспен айта аламын.
Әр күні атқан арайлы да шуақты таңымды, батқан күнімді қуанышпен қарсы алудың қандай тамаша сезім екенін сезіндім. Жалпы курс менің өміріме, көңіліме ерекше серпіліс сыйлады. Мен бақыттымын–деген курс тыңдаушыларының пікірін қоса отырып мен тыңдаушыларымды осылай шабыттандырдым.
Достарыңызбен бөлісу: |