|
Өт қапшығының пальпациясы
|
бет | 4/6 | Дата | 28.11.2023 | өлшемі | 478,18 Kb. | | #193921 |
| Байланысты: Ас орыту физиологиясы - Дәрігер науқастың оң жағынан, бетпе-бет, науқас төсегімен бір
- деңгейде орналасады. Тексеру науқас шалқасынан жатқан
- жағдайда жүргізіледі және науқас ішімен дем алып аяқтары тізе
- буынында сәл бүгіледі.
- 1. сол қолымен дәрігер оң қабырға доғасы аймағын
- қабыстырып ұстайды – бұл кезде сол қолдың ІІ,ІІІ саусақтары
- ІХ және Х қабырлар деңгейінде, ІУ және У саусақтары – бел
- аймағында қабырға доғасы деңгейінің астында, ал үлкен
- бармақ (І саусақ) – оң қабырға доғасының үстінде
- орналасады. Оң қолдың 2-5-і саусақтарын, әсіресе 3-і саусақ,
- – жартылай бүгіп бауырдың төменгі шекарасы мен оң жақ
- тік құрсақ бұлшық еті қырының қиылысында (Кера нүктесі)
- орналастырылады.
- 2. тері төмен қарай, тері қатпары пайда болғанша
- ығыстырылады.
- 3. сол қол науқастың дем алғаның пайдаланып, дем шығарған
- кезде оң жақ қабырға астына батырылады.
- 4. терең дем алғызғанда бауыр мен өт қапшағы төмен түсіп, өт
- қапшығы сезілуі мүмкін, немесе ауырсынулы.
- Қалыпты жағдайда өт қалтасы пальпацияға келмейді,
- ауырсынусыз;
- Дерттік жағдайларда ұлғайғайып пальпацияда анықталады –
- холецисцит, өт тас ауруы, ұйқы безі басының қатерлі ісігі, өт
- қапшығының сирек кездесетін қателі ісіктерде – тығыздалған,
- кернелген.
Бауыр перкуссиясы - Науқас шалқасынан жатады, қолдарын дене бойына
- созылған; іші ашық, киімнен бос;
- басы төмендеу орналасқан, аяғы сәл бүгілген;
- дәрігер оның оң жағында, қарсы бепе-бет орналасады
- дәргердің қолы жылы болуы қажет.
- М.Г. Курлов әдісі бойынша бауыр өлшемдері мен
- шекаралары 3 сызықтар бойымен анықталады.
- Дәрігер оның оң жағында, қарсы бетпе-бет орналасады, қолдары
- жылы.
- Бауырдың жоғарғы шекарасын анықтау:
- 1. оң бұғана ортаңғы сызығы бойымен 2-3 қ/а плессиметр-
- саусақты орналастырады;
- 2. орташа күшпен төмен қарай ашық өкпелік дыбыс
- тұйықталғанға дейін перкуссия жасайды;
- 3. шекара ашық дыбыс жағынан белгіленеді;
- Бауырдың төменгі шекарасын анықтау:
- 1. бұғана ортаңғы сызығы бойымен кіндік немесе одан 2-3
- саусақ төменінен плессиметр-саусақты орналастырылады;
- 2. жоғары бағытта орташа күшпен ашық, яғни тимпаникалық
- дыбыс тұйықталғанға дейін перкуссия жасады;
- 3. шекара ашық дыбыс жағынан белгіленеді;
- Бауырдың төменгі шекарасын алдыңғы ортаңғы сызығы бойымен
- анықтау:
- плессиметр- саусақ кіндік немесе одан 2-3 саусақ төменінен
- орналастырылады;
- жоғары бағытта әлсіз перкуссия жасалады;
- ашық, яғни тимпаникалық дыбыс тұйықталғанда шекара
- ашық дыбыс жағынан белгіленеді;
- Бауырдың жоғарғы шекарасын алдыңғы ортаңғы сызығы бойымен
- анықтау: бауырдың оң бұғана ортаңғы сызығы бойымен
- анықталған жоғарғы шекарасы нүктесінен алдыңғы ортаңғы
- сызығына тік сызық түсіріліп белгіленеді;
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|