Жүректің таза сыздаған сыбырлы дыбысы – жүректі өкпе жапайтын ашық жерін нұқығанда естілетін дыбыс. Сондықтан да ол жерді нұқығанда нақты естілмейтін дыбысты естиміз.
Жүректің таза сыздаған дыбысын сау (малдарда) жылқы, ит, түлкі малдарында анықтаймыз: көбінесе басқа малдарда анықталмайды. Себебі жүректің шеті қалың етпен жабылған.
Сидоров В.П. жүректің шекарасын екі сызықпен анықтайтынын дәлелдейді. Ол кезде сол жақ аяғын барынша ілгері жылжытқан кезде бірінші сызық жауырынның жоғарғы артқы бөлігінен шынтаққа дейін, екінші сызық шынтақтан 45 бұрышпен сербекке дейін жүргізілген сызық арқылы анықтайды. Жүректің сәл және таза сызданған сыбырлы дыбыстарының жоғарғы шекарасын нұқу арқылы бірінші сызықтың бойымен анықтайды, ал кеуде қуысының орталығынан таза дыбыс сәл сыздалған анық естілмейтін дыбысқа ауысқан жері, ал артқы шекарасы ол екінші сызықтың бойымен нұқығанда анық естілмейтін дыбыстың сәл сыздалған дыбысқа ауысқан жерде әрі таза дыбысқа айналған жерінде анықтайды. Ірі қара малдарда жоғарғы шекарасы сәл сызданған сыбырлы дыбысын алдыңғы сол аяғын барынша ілгері жылжытқанда сау малдарда иық буынында, ал артқы шекарасы 5-ші қабырға аралығында. Ал арық малдардың алдыңғы шекарасы 3-ші қабырға аралығында анықтауға болады. Оң жағынан нұқу арқылы жүректің сызданған сыбырлы дыбыстарын анықтай алмаймыз.
Қой мен ешкіде жоғарғы шекарасын иық сызығынан төменірек жерде анықтаймыз да ал артқы шекарасын 5-ші қабырғаның алдыңғы шетінен алдыңғы шекарасы 3-ші қабырға аралығында анықтайды.
Жылқы малында жоғарғы шекарасы сәл сыздалған сыбырлы дыбыс сау малдарда иық сызығынан 2-3 см төмен орналасқан ал артқы шекарасы 6-шы қабырғаға дейін жетеді. Жүректің таза сыздалған дыбысы үшбұрыш көлеміндей, оның алдыңғы шекарасы жауырынның шетінен жоғарыдан төмен иіліп 3-ші қабырға аралығында төменгі шеті 6-шы қабырғада кеуде сүйегінің тұсында шорт нақты естілмейтін дыбысқа айналады. 3-ші қабырға аралығындағы сызықтың биіктігі 10-13 см жетеді, ол малдың денесінің ірілігіне байланысты болады.
Ал жүректің таза сыздалған дыбысы малдың оң жағында сол жақпен салыстырғанда көлемі кішірек және төменірек орналасқан ол 3-ші пневмотораксте кездеседі.
Жүрек тұсының ауырсынуы плевритте, перикардитте, ісік ауруларында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |