Ұсақ малдарда жүрек дүрсілін ірі малдардікі сияқты байқалатын жерден сеземіз, бірақ көлемді 2-4 см аумағында сол жақта.
Жылқыда жүрек дүрсілінің нақты орны 5-ші қабырға аралығында сол жақ иық буыны мен жауырын жалғасқан тұсының сызығымен жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, 4-5 см аумағында. Оң жағында 4-ші қабырға аралығында жүрек дүрсілі сол жақ бөліктегі сияқты тұста анықталады.
Шошқаларда жүрек дүрсілінақты байқалатын орны 4-ші қабырға аралығында 2-4 см аумағында, ал семіз шошқаларда сезілмейді.