Ас қорыту жүйесін зерттеу әдістері


Азықты қабылдау және су ішуін тексеру



бет4/12
Дата06.01.2022
өлшемі24,59 Kb.
#109798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
file-4886 (6)

Азықты қабылдау және су ішуін тексеру. Тәбетін, шөлдеуін, азықты қабылдау мен су ішуін, шайнауын, жұтынуын, күйіс қайыруын, кекіру және құсуын тексереді.

Тәбет. Оны негізгі анамнездік (ауру жайындағы мәлімет) құжаттар және жануарды азықтандыру кезіндегі жекелеп қараумен анықтайды. Ол үшін жануарға күнделікті беріп жүрген азықтар қолданып, жануардың оларды қалай қабылдағанына, яғни жақсы, нашар немесе қабылдамай қойғанына мән береді. Сонымен қатар тұрпайы тәбет те болады.

Шөлдеу дегеніміз суды қажет етуін, суды қабылдауға тырысуын айтады. Шөлдеуді анықтағанда негізгі анамнездік мәліметтерге және жекелеп қарау нәтижелеріне сүйенеді. Ауырған малда шөлдің күшеюі немесе азаюы байқалады. Азықты қабылдауы және су ішуі. Азықтың мөлшері мен қабылдау жылдамдығына, еріннің қозғалыс белсенділігіне, астыңғы жақ пен тілге, жұтуы мен шайнауына, сонымен қоса жұту кезіндегі жұтқыншақ пен өңештің қозғалысына көңіл аударады. Азықты қабылдау және су ішуін тексерген кезде еріннің жарақаты, тіл, жемсау, кілегей қабықтардың, шайнау бұлшық еттерінің, жақтардың, жұтқыншақ, жүке жүйесінің зақымдануынан өзгереді. Клинкалық тұрғыдан олар жұтыну мен шайнаудың бұзылуынан пайда болады. Жеңіл түрдегі шайнаудың бұзылуы азықты дұрыс шайнамағаннан, әлсіз шайнау қозғалыстарынан, яғни жүйелі тоқтап шайнаудан болады. Ауыр түрдегі шайнау малдың азықты баппен, тоқтап-тоқтап шайнауымен сипатталады, ол тіс ауруларында, стоматитте, аусыл, т.б.кезде байқалады. Ауырсынып шайнау ауыз бен тілдің ауыр қабынып зақымдануында, шайнау бұлшық еттерінің салдануы мен түйілуінде, жақ сүйектерінің зақымдалуында кездеседі. Шылпылдатып шайнау дыбыстары ауыз қуысында көп мөлшерде сілекейдің жиналуынан, соның нәтижесінде жұтудың бұзылуынан болады. Ірі қара малда аусыл ауруында, ал жылқыда іріңді күлдіреуікті стоматитте байқалады. Тіс қышырлату немесе қайрау ірі қара малда травматикалық ретикулитте және басқа да ішек-қарын ауруларында ауыр түрде жүреді, ал жылқыларда –түйнекте, шошқаларда – оба мен тілмеде, ал қойларда – ценурозда байқалады. Ауырысынып жұтуда малдар азықты көп уақыт шайнайды, жұтынған кезде қиналады, мойнын созады, басын шайқайды және кейде ары қарай азықты қабыдаудан қашады (өңеш пен жұтқыншақ қабынғанда). Азықты мүлдем жұта алмау (дисфагия) азық массасын мұрыннан (регургитация) немес ауыздан шығарып тастаумен сипатталады және өңеш пен жұтқыншақтың қабынуы өте ауыр жағдайда, сонымен бірге түйнелу, құрысу, тығындалу, органдардың салдануымен сипатталады.

Күйіс қайыру. Бұл күйіс қайыратын жаунарларға тән физиологиялық қимыл. Күйіс қайтаруды тексергенде азықты қабылдағаннан кейін пайда боатын уақытына, тәулік бойындағы күйіс қайтару периодының санына және оның жалғасуына, күйіс қайтару қозғалысына бір ғана азықты шайнаған кездегі мөлшеріне көңіл бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет