Жүрек дүрсілін көру және сипау, жүрек тұсын нұқу
Жүрек және қан тамырларын тексеру жоспары мен тәсілдерін таныстыру; жүрек дүрсілін тексеру тәсілдерімен танысу; жүрек тұсын нұқу арқылы оның шекарасын анықтау.
Жүрек дүрсілінің дыбысын көру және сипау төменгі реттелген клиникалық тәсілдермен зерттеледі. Жүрек дыбысының дүрсілін көру тәсілі көмегімен мал тұрып тұрған кезде тексеріледі. Жарықты малдың сол жағына, жүрек тұсына түсіру керек. Сол жақ алдыңғы аяғын барынша алға қарай жылжытып көру арқылы жүректің дүрсілі сау ауырмайтын малдарда, кеуде қуысының дірілі немесе жүнінің дірілі арқылы анықталады. Күйлі семіз және жүні ұзын малдарда анықталмайды.
Жүректің соғуы жиіленген сайын кеуденің дүрсілі күшейеді де, ал сиреген кезде діріл әлсірейді, сондықтан да анықталмайды. Жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сипаған кезде мал тұрып тұру керек, ұсақ малдарды орындық үстінде тексереді.
Алдыңғы аяқтарын алма кезек барынша ілгері жылжытады. Тексеруді сол жақтан бастайды. Малды тексеген кезде оң қолды жауырынға қойып, сол қолын жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сеземіз.
Жүрек тұсының ауырсынуын бүгілген саусақтармен 3-5-ші қабырға арлығын сипап анықтаймыз. Егер алдыңғы аяғын ілгері жылжытпаған кезде (ірі қара мал) қолды жауырын мен кеудеге қойып сипап сеземіз. Сол сияқты сипау арқылы оң жағын қолмен тексереді. Ұсақ малдардың екі жағын бір уақытта сипайды. Құстардың төс сүйегінің маңайын сипайды.
Сау малдардың жүрек тұсын сипаған кезде көкірек жақтауының сыртқы керілуі сезіледі, жүрек түрткісі немесе дүрсілі. Сипау арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауы дүрсілінің өзгеруі ауырсынғанда, басқан кезде дірілдеуі сезіледі, ол эндокардит және перикардит ауруларында кездеседі.
Сипау арқылы жүрек тұсының дүрсілін сезген уақытта әр малдың өзінің нақты байқалатын орны болады. Ірі қара малда жүрек дүрсілі нақты естілетін жері сол жақта 4-ші қабырға аралығында, шынтақтан 2-3 см жоғары 5-7 см көлемі аумағында.
Достарыңызбен бөлісу: |