Күйіс қайтаратын малдың алдыңғы қарыншаларды
1. Мес қарын (сол жақ қуысының жағдайы, ауырсыну, кернеуі, толуы, жумсақ-қаттылығы; жиырлу: жиілігі, күші, ұзақтылығы, біркелкілігі, нұқу дыбысы, шулар).
2.Тақия қарын (жұмыршақ) (ауырсыну сынамасының қорытындысы тақия қарының зақымдануында).
3. Кітапша қарын (жалбыршақ) / ауырсыну, шуы./
4.Ұлтабар /көлемі, ауырсынуы, ұлтабар ішіндегі заттардың көлемі,
шығатын дыбыстар мен шулар./
5. Ашы ішек / сезгіштігі, бөгде заттардың бар жоғы, ішектің ішіндегі заттар, шығатын дыбыс, шу: жиілігі, реттілігі, күші./
6.Тоқ ішек (соқыр ішек пен шеңберлі ішекке жоғарыдағы мәліметтер жиналады)
7. Бауыр /ауырсынуы, жұмсақ-қаттылығы, көлемі, сипалау мен нұсқау
кезіндегі аумағы, шекарасын, сезімталдығы анықтау./
8. Көк бауыр /сезгіштігі, жұмсақ-қаттылығы, көлемі./
9. Дәреті /дене тұрысы, жиілігі, ауырсынуы, жалған дәретінің келуі, нәжістін өзідігінен шығуы, газдардың шығуы./
10. Нәжіс /мөлшері, түсі, иісі, құрамы, ішкі және сыртқы қабықтарындағы қоспалар: шырышты, газ, газ көпіршіктері, қан, жүнтоғышарлар, құм т.б.
11. Қосымша зерттеу / қарынның; ішектердің, нәжісті зерттеулердің,
эндоскопия, зонд арқылы тексерудің, руменографтын, тік ішекті зерттеулердің рентгенологиялық нәтижелерін талдау.
Зәр шығару жүйесін зерттеу.
1. Бүйрек (бүйректердің орналасқан тұсы, сезгіштігі, ауырсынуы, көмелі, пішіні, жұмсақ-қаттылығы, қозғалғыштығы)
2. Несеп жолы (сезгіштігі, ішкі және сыртқы сипалағандағы қалындығы)
3. Қуық (сезгіштігі, орналасуы, толуы, бөгде заттардын болу-болмауы, ішкі және сыртқы сипалау)
4. Несеп шығару каналы (өткізгіштігі, сезгіштігі, бөгде заттардың болу болмауы)
5. Несеп шығару (жиілігі, малдың тұрысы, ауырсынуы, несептің мөлшері)
6. Несеп (мөлдірлігі, түсі, иісі, қоймалжың-сұйықтығы)
7. Қосымша зерттеулер (тік ішек арқылы, несепті талдау, катетер арқылы, рентген сәулесі мен тағы басқалар)
Достарыңызбен бөлісу: |