«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ» «Ветеринария»факультеті
«Ветеринариялық – санитария және гигиена» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Ірі азықтар»
Орындаған: Амангелді А.
Тобы: ВМ-201
Тексерген: Жалгабаева Ж. Алматы 2020ж. Жоспары: І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім Ірі азықтар және олардың түрлері
ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
І.Кіріспе Адамзат тіршілігінде дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Бұл әрдайым күн тәртібінен түспейтін мәселе. Оны шешу үшін әрбір елде мемлекеттік шаралар жүзеге асырылады.
Малды азықтандыру – олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады.
Мал азығы, жемшөп - мал азығына, яғни жемшөп қорына, мал жайылуына пайдаланылатын табиғи және екпе жайылымдар мен мал азықтандыруға жұмсалатын, яғни жемшөп қорын толықтыратын, табиғи және екпе шөп шабыстар, сонымен қоса мал азығын дайындауға пайдаланылатын азықтық дақылдар мен олардан дайыңдалатын азықтар мен түрлі азықтық қалдықтар мен қосыңдылар жатады. Жайылым оты (шөбі) оларға малды жайғаңда немесе орып, алдарына салынып көк азық түріңде пайдаланылса, шөпшабыс көгі шабылып, пішенге кептіріліп, жиналып, сақталып, қысқы ірі, яғни қатайып іріленген азық ретінде пайдаланылады. Ірі мал азығына орылып, дәні алынған сабан, топан да жатады. Көк жүгері, күнбағыстың шырынын, яғни сөлін сақтау үшін оларды сүрлемге, ал қиын сүрлемделетін бұршақ тұқымдастар (жоңышқа, беде, т.б.) көгін пішеңдемеге салады. Осылай дайындалған шырынды азыққа азықтық тамыр-түйнек жемістілер (қызылша, сәбіз, картоп) мен бақшалық дақылдар (асқабақ, әңгелек, т.б.) жатады.