ІІІ.Қорытынды Жем — қоректік заттарға бай мал азығы. Құрама азық негізі. Жем 3 топқа бөлінеді. Бірінші топқа арпа, сұлы, жүгері, қара бидай тары сияқты астық тектес дәнді азықтар, екінші топқа асбұршақ, соя, үрмебұршақ сияқты бұршақ тұқымдас азықтар жатады. Олардың құрамында 20 — 40% протеин болады. Үшінші топқа майлы дақылдар, олардың дәні мен тұқымы (жарма, кебек, күнжара) жатады. Жем арқылы мал мен құстың күнделікті және жылдық қорек рациондары ретке келтіріледі. Олардың рациондарында мал азығы өлшемімен есептегенде Жем мынандай мөлшерде болу керек: сауын сиырда 15 — 20%, шошқада 50 — 70%, қойда 5 — 10%, жылқыда 40 — 65%, құста 75 — 90%.