ІІ.Негізгі бөлім Ірі азықтар және олардың түрлері Жемшөп — малды азықтандыру үшін пайдаланатын өнімдер. Олар өсімдіктекті, жануартекті және минералдық болады. Жемшөп құрамында сіңімді қоректік заттар көп. Жемшөпті түсіне, исіне, дайындау әдісіне, т.б. қарап бағалайды. Өсімдіктекті жемшөпке жасыл азық, ірі азық, пішендеме, тамыр-түйнектер, техникалық дақылдардың дәнді және өсімдікті қалдықтары, құрама азық жатады. Жасыл азық (табиғи және екпе жайылым шөптері, тамыр жемістілердің жапырақтары, т.б.) жазда күйіс қайыратын малдың азық құрамын құрайды. Ірі азық (пішен, сабан, т.б.) құрамында күйіс қайыратын малдың асқорыту процесін қалыптастыратын клетчатка болады.
Пішен — күйіс қайыратын малға қыста берілетін жемшөптің бірі. Пішендеме сәл кептірілген әр түрлі шөптерден дайындалады. Оны малға пішен, сүрлем орнына беруге болады. Шөп ұны бұршақ және астық тұқымдас шөптердің қоспасынан дайындалады. Ол ақуыз бен витаминге бай.
Сүрлем — шырынды азық. Негізінен, қыста, ал жазда қосымша жемшөп түрінде қолданылады. Тамыр-түйнектер (қызылша, сәбіз, картоп, т.б.) мен шырынды жемістерді (асқабақ, қарбыз, т.б.) барлық малға береді. Олардың құрамында көмірсу, С витамині, каротин көп болады. Дәнді азыққа дәнді (арпа, сұлы, жүгері, т.б.) және бұршақ (бұршақ, жасымық, т.б.) тұқымдас дақылдар жатады. Дәнді дақылдарда көмірсу, негізінен, крахмал, бұршақта ақуыз (протеин) көп. өн тартқанда, май шайқағанда, қант қызылшасын өңдегенде, т.б. қалатын қалдықтар да (кебек, күнжара, сірне, сығынды, т.б.) құнарлы азық ретінде қолданылады. Жануартекті азыққа балық ұны, ет-сүйек ұны, майы алынған сүт, т.б. жатады. Бұлардың құрамында протеин, минералды заттар, витаминдер көп. Жас төлдерді, құстар мен мамық жүнді аңдарды азықтандыруда қолданылады. Минералды азықтың маңыздылары — ас тұзы, бор, әктас, сүйек ұны, т.б.
Шырынды мал азықтары - мал азығы ретінде пайдаланылатын құрамында ылғалы оннан жеті бөлігінен асатын өсімдіктер. Олардың қатарына көк шөп, жайылым мен шалғын оты, екпе өп, бір жылдық әрі көп жылдық астық тұқымдастары және бұршақ тұқымдас өсімдіктері, сүрлем, пішендеме, тамыржемістер, түйнекжемістер, бақша дақылдары, жом, мезга, барда, сыра қалдығы жатады. Шырынды мал азығы мал түрінің зат алмасуын үдетіп, ас қорытылуын жақсартады, сүттілігн арттырады. Шырынды мал азықтары құрамы мен қоректілігі азық түріне байланысты. 2000 жылы Қазақстанда шамамен 30 млн тонна шырынды мал азықтары дайындалды.
Қолдағы сиырдың сүттілігі алдымен оның дұрыс азықтандырылуына байланысты. Әрбір литр сүт түзу үшін желін тамырлары арқылы 500 литрден астам қан өтеді екен.
Ал тәулігіне оншақты литр сүт шығатын сиырларды алсақ, олардың желін тамырлары арқылы 5—6 мың литрдөн астам қан өтетінін өсептеу қиын өмес. Осы қан құрамында сүтті түзуге қажетті бүкіл қоректік заттар мен қосындылар жеткізілуге тиіс қой. Ал олар қайдан алынбақ? Қан құрамына малдың ас қорыту жолдарындағы қорытылған азықтық қоректік заттары сіңіріледі. Сондықтан қан мен қажетті қосындылар сүт түзу үшін, малды жан-жаңты толықтырылған азықтық, рациондармен жеткілікті дәрежеде азықтандыруқажет.
Сиырды дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерөкшеліктерін білген жөн. Басқа да күйіс қайыратьш мал сияқты сиыр жеген азық та алдымен төрт камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары — үлкен қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдынала өңдеуден өтеді. Бұл алдыңіғы қарындарда көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. Осы қарындар олардың өсіп-өнуіне әбден қолайлы. Алдыңғы қарындарда ұлтабардағыдай өте қышқыл реакциялы қарын сөлі немесе тұз қышқылы болмайды, ал күйіс қайыру кезінде сиырдың сілекей бездері шығаратын сілекейі көп мөлшерде үлкен қарынга құйылъш, ондағы ортаға микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы сілтілік реакция береді. Содан барып алдыңғы қарындарда әбден күйселіп, шайналып, ұсақталмаған азық бөлшөктері біршама уақыт кідіретіндіктен олардың қоректік заттарын пайдаланьш, көптеген
микроорганизмдер өсіп-өнеді. Олар бір клеткалы жануар тектес (микрофауна) және қарапайым өсімдік тектес (микрофлора) ор-ганизмдерден тұрады. Өздерінің тіршілік процестеріне үлкен қа-рынға түскен азықтық заттарды пайдаланып, өз денесінің қо-сындыларына енгізед,і. Мысалы, азықтық азоттың заттарды игеріп, өз денесі белогының амин қышқылдарын түзеді. Олар белоктық азот пен белок емес заттардың (амидтердің), сонымен қатар тіпті анорганикалық азотты (карбамид сияқты химиялық қосындыларды) да игере алатындығын ескерсек, осы микробиологиялық түзу арқылы сиырларға құнсыз азоттық, қосындылардан ауыспайтьш амин қышқылдарына байытылған құнды белоктар жеткізіледі. Міне, осыдан эволюция барысында макроорганизм (сиыр) мен микроорганизмдер (үлкен қарын микрофлорасы мен микро-фаунасы) бір-біріне қажетті жағдай туғызып, өзара тіршілік етеді.
Алмастыруға келмейтін аминқышқылдарымен қатар алдыңғы орындардағы микроорганизмдер маңызды витаминдерді (В12 цианкобаламин, К витамині) де түзетінін ескерсек, олардың азықты биологиялық өңдеуден өткізуінің малға қаншалықты маңызды екенін ағару қиын емес.
Сондықтан ірі қараның азық рационын олардың алдыңғы қата-рындарында өтетін микробиологиялық процестерді ескере отырып жасау қажет. Азық рационы арқылы алдыңғы қарындардағы микробиологиялық түзуді неғұрлым ұлғайта алсақ, малды жоғары сапалы белоктың заттармен, қажетті витаминдермен солғұрлым қамтамасыз ете аламыз. Оның алғашқы шарты — сиыр рационы-ның бірыңғай сақтап, тез бұзбай, ал қолданылатын жаңа азықтарды біртіндеп, азаздап енгізеді. Сондай-ақ қысқы азықтандырудан жазғы жайылымға ауыстырғанда да осы қағиданы ұмытпай, қысқы азықтарды жайылым отымен біртіндеп қана ауыстыру қажет. Сонда ғана сиырды іш өту індетінен сақтандырьш, қысқы рациондарға бейімделіп қалған микроорганизмдер ассоциациясын сақтап қалуға болады.
Сиыр азықтандыруды дұрыс ұ.йымдастыру үшін оның жасына, тірілей салмағына, физиологиялық жағдайына, өніміне қарап оларға қажетті қоректік заттар мөлшерін (азықтық нормасын) анықтауға болады. Қазіргі кезде сиырларга 80-нен астам қоректік және биологиялық активті заттардың қажет екендігі белгілі больш отыр. Әрине азыңтандыру барысында олардың бәрінің деңгейін бақылау мүмкін емес. Сондыңтан сиыр организмінің қоректік заттарға деген мұқтаждығын көрсететін нормалық көрсеткіштер ретінде ең маңызды алты көрсеткіш алынады.
Олардың ішіндөгі негізгісі — организмнің жалпы энергиялың мүқтаждырын көрсететін Советтік азық өлшемі. Қазіргі уақытта бұл өлшем ретінде құнарлылығы өгіз денесіне 150 грамм май байлайтын 1 кг сұлы алынған. Советтік азықөлшемімен қатар құндылығы алмасу энергиясының 2500 килокалориясына тең энергиясының
2500 килокалориясына тең энергиялың азық өлшемі де қолданылады.
Белоктық қажеттіліктің көрсеткіші ретінде қорытылатъш про-теин,, минералдық көрсеткіштер ретінде — ас тұзы, калций жәнө фосфор, витаминдік көрсеткіш ретінде — каротин алынған. Міне, осы алты көрсеткіш малдың азық нормасын белгілейді. Әсіресе организм қажеттігін энергиядан кейін белоктық заттармен қамта-масыз етудің маңызы өте зор. Өйткені олар организмдегі пласти-калық, құрылымдық түзу процестерін қамтамасыз етеді.
Әр түрлі физиологиялық жағдайларына байланысты сиыр ор-ганизміне қажетті азық өлшемі мен қорытылатын протеин көлемін жаттап алған жөн. Буаз сиырлар 3000 литрдей сүт өндіретін болса 300 килограмнан 500 кидограмга дейінгі салмагына 5—8 советтік азық өлшемі, 600—900 грамм қорытылатын протеин қажет.
Сауын сиырлардың әр 100 килограмм тірілей салмағына ша-мамен 1 азық өлшемі, ал өндірілетін сүттің әрбір килограмына 0,5 азық өлшемі жұмсалады, Рациондағы әр азық өлшөмінде 110— 120 грамм қорытылатын протеин, 7—10 грамм ас тұзы, 9—10 грамм кальций, 5—6 грамм фосфор, 40—60 миллиграмм каротин болуға тиіс.
Тұмса сиырлар мен арық сиырлар үшін осы көрсеткіштерді 1—2 азық өлшеміне ұлғайтады. Сонда қоректік заттар мөлшөрі де
өседі.
Тана-торпақтың нормасын қосылатын салмағына қарай белгі-лөйді. Бір жасқа дейін әрбір кг қосқан қосымша салмағына 6—7 азық өлшемі, 660—840 грамм қорытылатын протеин керек болса, 1—2 жас аралығында 8—9 азық өлшемі мен 800—900 грамм қо-рытылатын протөин қажет. Бордақылаудағы сақа малдың әрбір килограмм қосқан қосымша салмағына 10—12 азық өлшемі, 700—960 грамм қорытылатын протеин керек.
Сауын сиырларына қажетті нормалар 3-таблицада келтірілген.
Азықтандыру нормасын анықтап алғаннан кейін соның негі-зінде, қоректілігі нормалық көрсеткіштерге дәл келетіндей етіп азық рационын жасайды. Азык, рационын малдың сүйсініп жейтін азықтарынан белгілі зоотехникалық ережелер бойынша жасаған дұрыс. Ол ережелерден бұрын сиыр азықтарына тоқтальш өтейік.
Бұл азықтар шығу тегі жағынан өсімдік төктес және жануар тектес болып екіге бөлінеді. Жануар тектес азықтарға сүт және сүт өнімдері, ет және балың комбинаттарының қалдықтары жатады (ет, ет-сүйек, қан және балықұны). Олар рационда қосымша азықтар ретінде к,олданылады, ал рацион негізін өсімдік тектес азықтар құрады.
Өсімдік тектес азықтар құрамы және құнарлылығы жағынан көк, шырынды, ірі азықтар мен жемнен тұрады. Көк азықтарға өсіп тұрған немесе орыльш ‘берілетін табиғи және қолдан егілген жайылым оты, шырынды азықтарға сүрлем, тамыр-түйнек жеміс-
Сиырларды азықтандыру нормасы
тілер бақшалық дақылдар ,ірі азықтарға пішен, пішендеме,сабан топан, жемге қүрама жем, астық және бұршақ тұқымдастар дәні, кебек, күнжара, шроттар жатады.
Көк азықтар — ірі қараның жазғы уақыттағы негізгі азығы. Жақсы жайылымда сауын сиырлар тәулігіне 70 килограмға дейін көк балауса жей алады. Жас көк балаусаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан жалпы құндылығы 0,18—0,29 азық өлшемі аралығында болады. Орташа химиялық құрамын алғанда түрлі жайылым отында 60—80% су, ал құрғақ затында 20—25% протеин, 10—18% клөтчатка, 4—5% май, 35—50% азотсыз экстравтік заттар, 9—11% минералды (күлді) заттар болады. Құрамында мал организмінің тіршілігіне қажетті барлық дерлік қоректік және биологиялық белсенді заттар, ең алдымен витаминдер, өте жақсы сіңірілетін болғандықтан көк азықтардың қоректілігі мен құндылығы өте жоғары бағаланады. Жалпы қоректілігі жағынан көк азықтардың құрғақ заты құнарлы жемдермен тең түссе, биологиялық және витаминдік бағалылығы жағынан олардан анағұрлым басым.
Жазғы уақытта сиырларды күн ұзағына (тәулігіне 14—16 сағат), әсіресе ертеңгі және кешкі салқынды пайдаданып өріске шығарған жөн. Жайылымда сиыр жақсы серуендейді. Оның үстіне күн сәулесін қабылдап, ширайды, денесіне белок, май, минералды заттар және витаминдер қоры жиналады. Олардың өнімділігі артып, өнімінің сапасы жақсарады. Мысалы, сүт құрамында каротин көбейгендіктен одан шайқалған май сары түсті, мол витаминді келеді. Сиырлардың күйті жақсы келіп, ұрықтанғыш қабілеті артады.
Көктемгі уақытта көк шыға сиырларды бірден жайылым отына шығаруға болмайды. Қысқы ірі азықтарды бірден шырынды көк балаусамен алмастырса, алдыңғы карындардағы микробиологиялық, процестер күрт өзгеріп, көптеген ішкі газдар пайда болады. Сөйтш сиырдың іші кеуіп (тимпания) кетеді. Тіпті іші де өтеді. Оның алдын алу үшін малды жаңа шыққан көк балаусаға біртіндеп, өріске шығар алдында ірі азықтар беріп алып жайған жөн. .
Өріс те, суат та онша алыс болмауы тиіс. Жайылымды алдын- -ала тастардан, былтырығы өсімдік қалдықтарынан бөгде заттардан тазартып, сиырларды әрқайсысына бірнеше күннен жаятын өріс-терге бөлген жөн. Сонда бір жағынан жайылым отын сақтап, ал екінші жағынан оларды қажетті мөлшерде көк азықпен қамтамасыз етіп тұруға болады. Бір килограмның орташа қоректілігі 0,22 азық өлшемі, 25 грамм Қорытылатын протеині, 3,0 грамм кальцийі 0,7 грамм фосфоры, 40—60 миллиграмм каротині бар шалғында тірілей салмағы 450—500 килограмдық сауын сиырлар тәулігіне 8 литр сүт өндіргенде 40—45 кг, 10—12 литр өндіргенде —55—65 кг, 18—20 литр өндіргенде —65—75 кг көк азық жеуге тиіс. Сүттілігі өте жоғары болса немесе жайылым оты мардымсыз болып, соған орай сиыр күні бойы көк азықты мұндай мөлшерде жұлып жей алмаса, оларды орылған балаусамен қосымша азықтандырады.
Көк азықтардың қоректілігі жайылым отының құрамындагы шөп түрлеріне байланысты. Бұршақ тұқымдастардың (бөде, жоңышқа түрлері) құрамында протеин көп болғанымен, олар ыстық тұқымдастарына қарағанда қантқа кедей. Ал ірі қараның алдыңғы қарындарындағы микробиологиялық процостерге ең қолайлысы қант-протеин ара қатынасының 1:1 екенін ескерсек, онда сиыр-ларды ең жақсысы бұршақ және астық тұқымдастар қатар өсетін жайылым отымен азықтандырған тиімді.
Жазғы уақытта сауын сиырларды тәулігіне 3—4 рет суарып, қажетті мөлшерде жалайтын ас тұзымен қамтамасыз еткен дұрыс.
Шырынды азықтар. Ірі қара, әсіресе сауын сиырлары рацион-дарында олардың сүтін көтөретін тамыр-түйнек жемістілер (қант және қызылша, сәбіз, картоп) және бақша дақылдары (асқабақ, қарбыз, қауын) кеңінен қолданылады. Олар өте жеңіл қорытылып, малды қантпен, ал сәбіз, асқабақ А витаминінің алғашқы түрі каротинмен қамтамасыз етеді. Оларды сиыр сүйсініп жейді.
Құрамындағы қант сиыр рационындағы қант-протеин ара қатынасын жақсартып, қоректік заттардың қорытылуын жоғарылатады.
Сауын сиырларға қызылшаны тәулігіне 30 кг, ал картопты 15 килограмға дейін беруге болады. Яғни олардың жылдық қоры сиыр басына — қызылшаныкі 10—15 ц, ал картоптікі 5—10 ц. Тек қант қызылшасын қолданғанда ескеретін жайт — оның тәуліктік мөлшерін сиырдың сүттілігіне орай бірнеше рет бөліп беру керек. Өйткені сиыр организмінде лактаза ферменті азығынан қанттың көптеген мөлшері ыдырап үлгермей, ашьш, көптеген іш газы пайда болады.
Қызылшаны арнаулы қорада (температурасы — 1-2°С) немесе әдөйі қазылған орда сақтайды. Тамыр-түйнек жемістілер құрамында су көп болғандықтан (70—90%) олар жоғары температурада нашар сақталып, ал —2-3°С суықта үсікке шалдығады. Әсіресе ұрылып-соғылған, қабығы түскен тамыр-түйнек жемістілер тез бұзыла бастайды. Сондықтан сақтауға тек дұрыс қазылып алынған, қабығы бүтін, жаншылмаған тамыр-түйнектілерді құмнан, батпақтан тазартып, сыртын кептіріп барып салады.
Малға берер алдында оларды тазартьш, турап, ал жас малға ыстың суға, буға бөрттіріп береді.
Көк азықтардың қоректік қасиеттерін қыста сақтап қалудың тиімді жолы — сүрлем салу. Сүрлем — микробиологиялық процес-тер (сүт қышқылды ашыту) арқылы анаэробтық (оттегінсіз) жағдайда консервіленген азық. Шаруашылықта оңай және көп қаржысыз дайындауға болатындықтан сүрлем қолдағы ірі қараың қысқы уақытта негізгі азығы бола алады.
Сүрлемге бақшалық дақылдардың көк жапырағын, капустаны, бұршақ және астық тұқымдастар қосындысын, шалғын көгін, жас құрақты, көк жүгері мен күнбағысты салуға болады. Құрамында қанты аз шырынсыз азықтарды тез сүрлеу үшін, оларды басқа шырынды, қантқа бай азықтармен (тамыр-түйнек жемістілермен) қоса салып құрама сүрлем дайындауға болады.
Сүрлем салу үшін жерді қазып, қабырғалары мен едені тапталған немесе тіпті бетондалған ор (траншея) дайындайды. Оған жүгерінің дәні сүттеніп қатая бастағанда, ал басқа азықтарды шырындалып, бойына қоректік заттарды жинаған кезеңінде (бірақ қатая бастағаннан бұрын) орып, турап, ныгыздап салады да тиянақты таптайды. Шырын сөлі ағып кетпес үшін 100 килогра-мьша 15—20 кг сабан және топан араластырып салса да болады. Дайындалған орды 1—3 тәулік аралырында тығыздап толтырып, үстін полиэтилен пленкамен жан-жағын қымтай жауып, топырақпен 25—30 см қалыңдықта көмеді. Полиэтилен пленка болмаған жағдайда сүрлемге салынған азық үстін ылғалдандырылған сабанмен (30—35 см) жауып, оның үстін балшықпен (см) сылап барып, топырақпен (20—25 ом) көмеді.
Жақсылап нығыздальш (әсіресе қабырға тұсында) жабылған массада әлі өлмеген өсімдік клеткалары қалған оттегін пайдаланады да, оттегінсіз (анаэробтық) жағдай туады. Осы анаэробтық микроорганизмдер қантты жеткілікті жағдайда, әсіресе, сүт қыш-қылды бактериялардың дамуына қолайлы жағдай туғызады. Осы-дан барып сүрленетін массада сүт қышқылы жинала бастайды да, оның қышқылдылығы ұлғаяды. Содан сүрлемге жаңа салынган жас көк балаусаның қышқылдық көрсеткіші рН = 7 болсасүрлеу процесі аяқталар мерзімде (1 —1,5 айдан соң) бұл көрсеткіш рН = 4,0 маңайында болуға тиіс. Осы қышқылдықтағы ортада мик-робиологиялық процөстер тоқталып, сүрлем ұзақ уақыт бойы бұзылмай, сапалы сақталады.
Дайын сүрлем азықтың алғашқы салынғандағы түсін (көк не-месе сарғыш көк, жасыл) сақтап, иісі жағымды (жемістің, жаңа піскен нанның хош йісі) болуга тиіс. Түсі қоңыр тартқан, тіпті қарайған, жағымсыз иісті сүрлеммен мол азықтандыруға болмайды.
Жақсы сүрлемді сауын сиырлар рационына тәулігіне 30 кило-грамм және одан да көп мөлшерде енгізуге болады. Сонда оның сиыр басына қажетті жылдык, мөлшері 40 центнерден . аспайды. Дайындалған сүрлемнің мөлшерін анықтау үшін оны салған ор дың аумағын әрбір шаршы метріндегі сүрлем салмағына көбейтіп табуға болады. Әр түрлі азықтардан салынған құрама сүрлемнің, 1 шаршы метрінде 550—600 кг, табиғи шалғынан салғанда — 500 кг, тамыр-түйнек жемістілер жапырағы, азықтық капуста, жүгеріден салынғанда—550 кг болады.Ал қазылған ор дөңгелек болса оның көлемін диаметрі (ені — Е) мен тереңдігін (биіктігі — Б) өлшеп алып, ортасы шығыңқы, дөңөс болатындығын ескере отырып келесі формула бойынша есептеуге болады:
Төртбүрышты етіліп қазылған орлар (траншеялар; үшін олардың астыңғы (Е1) және үстіңгі (Е2) көлденеңі мен астыңгы (Ұ1) және үстіңгі (Ұ2) ұзыңдықтарын, тереңдігін (биіктігін — Б) өлшеп алып
Ор (трашпея) биіктігін табу үшін, оған жер бетінен дөңестеу етіп жиналған сүрлем биіктігінің (жапқан қабатты санамағанда) екіден бір бөлігін қосьш табады.
Ірі азықтар. Жеке шаруашылықтарда ірі азықтардан әсіресе. пішен көп қолданылады. Оны түрлі көк шөптерді орып (шауьш) кептіру жолымен дайындайды. Сондықтан пішен қоректілігі құ-рамына кіретін шөп түріне, оның дайындалған кездегі өсіп-өну кезеңіне, кептіріліп дайындалу, сондай-ак, сақталу жағдайларына тікелей байланысты келеді.
Ең құнарлы пішен гүлдене бастаған балаусадан дайындалады. Сондықтан астық тұқымдас дақылдарды шашақтана бастаған ал бұршақ тұқымдас дақылдарды бүршіктеніп, гүлдене бас-
аған кезеңдерінде шабады. Шабылған шөпті неғұрлым тез кеп-
•тірсе, соғұрлым оның құрамында қоректік заттар,каротин толы-ғырақ сақталады. Сондықтан көкті таңсәріден шашқан жөн. Күн • қатты қызғанша, олар дегдіп, кеуіп қалады. Қатты кеуіп кеткөн пішен жапырақтары уатылып түсіп қалады да, қоректілігі төмен сабақтар оның жалпы құнарлылығын төмендетеді.
Қатты кептіріп, қуратъш алмас үшін шабылған балаусаны дег-дігеннен кейін бөкестерге жинап, содан шөмелелеп кептірген дұрыс. Шөмелелерді ылғалдылығы 14-17% болған шамада маялайды. Түрлі формада жиналған маялар аумағын келесі өлшемдер ақылы есептеп шығаруға болады. Алдымен маялардың ұзындығын (Ұ), көлденеңін (Қ), асыра тастаған белдемесін (Б) өлшеп алады. Ұзындығын маяның екі жағынан жерден 1 метр биіктікте, көлденеңін екі шетінен, жерден 0,5 м биіктікте, ал асыра тастамасын жер бетінен, маяның екі-үш тұсынан өлшейді де формасына байланысты мынандай формулалар бойынша есептейді.
1) аласа, биіктігі көлденеңінен кем, төбесі дөңес маялар
үшін — (0,52ХБ-0,44ХК) ХКХҰ.
2) биік, биіктігі көлденеңінен асатын, төбесі дөңес маялар үшін — (0,52 X Б —0,46 X К) X К X ¥.
3) түрлі биіктіктегі, төбесі түзу (жалпақ) маялар үшін — (0,56 ХБ -0,55 ХК) ХК-Х¥.
Шыққан шығындыны маялардың әрбір шаршы метріндегі пішен салмағына көбейтеді. Ол салмақты маялаған пішеннің уақыт өткөн сайын нығыздала түсетінін ескере отырьш анықтаған жөн.