Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуынан болатын тж


Сарыптан сақтану жолдары қандай?



бет7/7
Дата26.04.2023
өлшемі43,31 Kb.
#175461
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуынан болатын тж-melimde.com
Айбол слайд1
Сарыптан сақтану жолдары қандай?
Сарыптың тек ауру малдардан немесе мал өнімдерінен жұғатынын ескерсек, бірінші кезекте сақтану шараларын аурудың көзі болып табылатын себептерді жоюдан бастаған жөн.
Ол үшін, жекеменшік мал иелері мен шағын шаруашылығы басшылары, жергілікті әкімдер мен мал дәрігерлерімен бірлесіп, қожалықтағы немесе жекеменшіктегі барлық мал басын түгелдей есепке алып, уақытысында ауру-сауын тексеріп, сарыпқа және де басқа қауіпті ауруларға қарсы ектіріп отыруы керек. Ауруы анықталған малды мал дәрігерімен ақылдасып көп ұзатпай (бекітілген Ереже бойынша 5 күн ішінде) ауру малды сойып, өңдейтін арнайы орындарға тапсыруы керек.
Ауру малды өзге малдан бөлектеп, іш тастаған малдың төлін, шуын арнайы құралдармен немесе айырмен, күрекпен алып мал төлдеген жердің сабан-шөбін, топырағымен қоса алып, қорадан аулық жерге апарып, иттер қазып ала алмайтындай етіп, 1-1,5 метрдей тереңдікке көміп тастау керек. Ауру малды бағып-қағушылар үстінде арнайы санитарлық киімдер: халат, резіңке етік пен қолғап, алдына су өтпейтін алжапқыш байлап, жұмыс істесе өте жөн. Қолды жиі сабындап жуып жүрудің де маңызы өте зор. Мал алу немесе сату кезінде мал дәрігеріне көрсетіп, малдың саулығы туралы анықтама алу керек.


ОБА
Оба (чума)- жедел табиғат көзінен туындайтын жұқпалы ауру. Оба ауруы ауыр интоксикациялық белгілерімен өтетін, лимфа түйіндерін, өкпені арнайы зақымдаумен жүреді. Ауру қоздырғыштары бүрге арқылы таралады. Кеміргіштер (егеуқұйрықтар, тышқандар, құмтышқандар) мен түйелер көбінесе осы аурудың көзі болып табылады. Түйені сойып, терісін сылып жатқанда ондағы бүрге шаққан, обаға шалдыққан адаммен қарым-қатынаста болған не болмаса ол тұтынған заттарды қолданған, не обамен ауырған хайуанаттың етін шала пісіріп жеген жағдайда адам оба жұқтырады.
Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан бастап 6 тәулікке дейін созылады. Ауру кенеттен басталады: науқас қатты қалтырайды, дене қызуы 31-40 градусқа көтеріледі, басы мен бұлшық еттері қақсап ауырып, жиі құсады, теңселіп жүреді, сандырақтайды, ұйқысы қашады.
Оба клиникалық белгілері бойынша тері, бубон, өкпе және бастапқы септика обасы болып бірнеше түрге бөлінеді. Тері обасында қоздырғыш енген жерде дақ пайда болады да кейін ол теріде жара пайда болады. Бубон обасында бірнеше күннен бастап науқастың регионарлық без түйіндерінде ауырсыну байқалады. Без түйіндерінің көлемі жылдам ұлғайып, бірімен-бірі біріге бастайды. Кейін теріге шығып, қып-қызыл-көкшіл түске енеді. 8-12 күндері бубон ашылады, баяу тыртықталған жаралар пайда болады. Қолайсыз жағдайда екіншілік оба пневмониясы мен геморрагиялық септицемия дамуы мүмкін. Біріншілік өкпе обасы өте ауыр өтеді. Оған шалдыққан адамның көкірек тұсында ауырсыну пайда болып, жөтелгенде қанды түкірік тастайды. Өкпе-жүрек жеткіліксіздігі байқалады. Обаның алдын алу үшін ел арасында сақтық шараларын сақтау қажет:
-аурудың алғашқы белгілері (дененің қызуының көтерілуі, қалтырау, бас ауру, без түйіндерінің ұлғаюы) байқалудан-ақ шұғыл түрде емханаға хабарласу; -кеміргіштерді (егеуқұйрықтар, тышқандар) эктопаразиттерді (бит, бүрге) жою шараларын жүргізу;
-үй жануарларын (түйе, ит) міндетті түрде обаға қарсы егу; -малдарды мал дәрігерлері тексеріп, рұқсат еткеннен кейін ғана арнаулы оқшаулаған орындарда сою.


Құтырма
Құтырма – вирус арқылы таралып, тез өрбитін жұқпалы ауру. Бұл ауру адам баласына ерте заманнан бері таныс болғанымен, әлі күнге дейін ауруды тудыратын қоздырғышқа тікелей әсер ететін емі жоқ қауіпті аурулардың қатарына жатады. Бұл дерт елімізде де күрделі мә­селелердің бірі. Дүниежүзінде жыл сайын құтырма ауруынан 55 мың адам қайтыс болады. Гидрофобия­мен ауырған 55 мың адамның 99 пайызы ауруды ит пен мысықтан жұқтырған. Қазақстанда соңғы 5 жылда тіркелген 41 құтырма ауруының 23-і – Оңтүстік Қазақстан облысын­да, 6-ы – Қызылорда облысында, 3-і– Батыс Қазақстан облысында, ал Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қа­рағанды облыстарында – 2-ден және 1 жағдай Атырау облысында тір­келген. Бұл облыстар құтырма ауруының негізгі ошағы болып тұр. Құтырма ауруымен ауырған 41 адамның ішінде 14 жасқа дейін­гі балалар – 12 (29,3%) және жасөс­пірімдер – 3 (7,3%). Айта кетерлік жай, үй жануарынан жарақат ал­ғаннан кейін адамдар дәрігерге қаралмаған. Құтырма ауруы, әдет­те үй жануарларынан (ит, мысық) жұғады және соңғы 5 жылда жа­нуарлардың бұл категориясы бар­лық жұқтыру көзінің 95,7 пайы­зын құрады. Бұл белгілі бір деңгейде үй жануарларына құтырмаға қарсы екпенің жеткіліксіз жүргізілуінен, оларды күтіп-ұстау ережесінің сақталмауынан және қаңғыбас ит пен мысық санын азайту мақса­тындағы жұмыстардың төменгі деңгейде жүргізілуінен болып отыр. 

Ауру белгісі үй немесе жабайы жануарлардан жарақат алған соң 10 күн мен 1 жыл аралығында, кей­де 1 жылдан астам мезгілде байқа­лады, көбіне 20 – 60 күннің ішін­де адам­да құтыру белгілері анық­талады. Аурудың қоздырғышы адамдар­ға ауырған жануарлардың сіле­кейі арқылы жұғады. Ауруды та­ра­тушы жабайы жануарлар: қасқыр, түлкі, қарсақтар. Олар ірі қа­ра, жылқы, қой, ешкілерге, ит пен мы­сыққа ауру жұқтырады.



Соңғы 5 жылдағы қайғылы жағдайлар­дың негізгі себептері құтырған үй жануарларының тістеуінен орын алған. Сондықтан ит қауып, мысық тістеп алған жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну қажет. Неғұрлым ерте жасалған ем соғұр­лым нәтижелі болмақ. Құтырма ауруы белгілі бір мерзімді талғамайды, жылдың кез кел­ген уақытында кездеседі. Құтырмамен ауырған адамдар суды көрсе, судың сылдырын, тіпті су деген сөзді естісе, оларда қорқыныш пайда болып, артынан жұтыну қабіле­тінен айырылып, қатты қиналып қайтыс болады. Сондықтан да бұл ауруды «гидрофобия» немесе «судан қорқу» деп те атайды. Құтырмамен ауырған жануарлардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы әдеттегіден өзгеріп, оларда оғаш қылық пайда болады: мысалы, ит себепсіз үріп немесе еңсесі түсіп, адамға, малға, заттарға себепсіз тап беріп, өзін-өзі тістеп, тамақ ішпей, көзіне көрінген заттарды: ағашты, тасты, сабынды тістеп шайнайды. Үрген дауысы қырылдап, аузынан сілекей мол бөлінеді. Егер ауырған ит босанып кететін болса, ол бұрылмай, тура жүріп, жолдағы кездескен жануарлар мен адамдарды алдын ала ырылдамай-ақ, бір­ден тістейді. Бұл аурумен ауырған ит ауру басталғаннан кейін 5 немесе 6-ы күні өледі. Қазіргі кезде көрсетілетін антирабиялық көмек (арнайы иммуноглобулин мен вакцина) бұл аурудың алдын алуда өз септігін тигізеді. Айта кетерлік жай, Алматы қа­ласында жылдан-жылға қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбеюі­не байланысты адамдардың ан­ти­рабиялық көмек сұрау көрсеткіші жоғары деңгейде. Алматы қаласында тек 2013 жы­лы жануарлар тістеп, тырнап, сілекейінен зардап шеккен 4801 адам қаралды. Былтырғы көр­сеткіш 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 0,6 пайызға өскен. Алматы қаласы бойынша анти­рабиялық екпелердің 96,2 пайызы үй жануарларының тістеуінен, әсіресе, иттердің тістеуінен 86,2 пайызы тағайындалған. Бұл белгілі бір деңгейде үй жануарларын күтіп-ұстау ережесінің сақталмауынан және қаңғыбас ит пен мысық санын азайту мақсатында жүргі­зілетін жұмыстардың төменгі деңгейде жүргізілуінен болып отыр. Көп жағдайда ит қапқан 14 жасқа дейінгі балалар жиі қаралады, ол 31,1% құрап отыр.
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет